Қаладағы өмір жайында
Мен Хьюстон қаласына жеті жыл бұрын студент ретінде келдім. Бастапқыда анамның кеңесі бойынша инженер мамандығына оқыдым. Бірақ кейін әртүрлі адамдарды кездестірдім, солардың қатарында геофизик мамандығына оқыған көрші қыз болды. Оның арқасында мен бұл саламен қызығып, геофизиканы оқи бастадым.
Қазірде мен әртүрлі нәрселермен – ойыншықтарды жасап шығарудан бастап бизнес консалтингпен айналысатын компанияда жұмыс істеймін. Мен химиялық бөлімге түстім, геолог болуға тырысқанымен, зертханада жұмыс істеймін.
Бұл сапардан көп нәрсені күттім, Америкаға бару қызықты еді. Бірақ Техас мен ойлағаннан кішкене басқаша штат болып шықты. Қазірде маған барлығы ұнайды, бірақ басында қала қызықсыз және әдемі емес болып көрінді. Хьюстон – ойын-сауықтар үшін емес, оқу мен жұмыс үшін мінсіз жер болып табылады.
Басқа ірі қалаларға қарағанда осындағы тұру арзанырақ – бұл анам екеуміздің Техас штатын таңдауымызға ықпал еткен факторлардың бірі болды.
Алғашқы екі жылы маған қиын болды. Тілді жақсы білсең де, өмірдің басқа салаларын түсіну қажет. Одан да қиын болуы мүмкін, бейімделу кезеңі одан да көп уақытқа созылған адамдарды білемін.
Университетті бітіргесін, жұмысты табу қиын болған жоқ. Мен адамдармен тез тіл табысып, сұхбаттасуларға барып жүретінмін. Бастапқыда ірі мұнай компанияға кірдім, бірақ дағдарыстың кесірінен адамдарды жұмыстан шығара бастады. Кейін қиынырақ болды – мұнай және газ саласында жұмыс істеген адамдар жұмыс орындарын жоғалта бастады. Бұл жағдай әсіресе қаламызға ықпал етті, себебі осында барлығы дерлік мұнайға байланысты. Қала Мексика шығанағында орналасқан. Бір айдан кейін мен басқа компанияға орналастым және біраз уақыт өткен соң жағдай қайталанды – адамдарды жұмыстан шығарды. Одан кейін мен қазір жұмыс істеп жатқан компанияны таптым.
Техаста барлығы бір-бірінен алыс орналасқан, сол себепті әр адамның көлігі болуы керек. Көлік жүйесі аса дамымаған. Барлығын үлгеру үшін, ерте тұру керек. Мен күн сайын жұмысқа дейін 50 миль жүремін және жақсы жағдайда бір сағаттың ішінде жетемін. Бастапқыда автобуспен жүрдім, себебі көлік алатын мүмкіндігім болған жоқ. Маған көліктің қажеттігі жайында анамды ұзақ уақыт көндіре алмай жүрдім, ал үйден мектепке дейін жету үшін жарты күнім кететін.
Қала кішкентай суб-қалашықтардан құрылған. Адамдар негізінен осы суб-қалашықтарда тұрады, себебі сондай жерлерде тұру әлдеқайда жайлы, қарбаласы жоқ және арзанырақ. Адамдар алыс жүруге дайын, олар үйреніп қалды. Қаланың даунтаун деген орталығы бар. Сол жерде негізінен ірі кеңселер орналасқан, сол себепті таңертең үлкен кептелістер болып тұрады. Сонымен қатар қаланың ресми орталығы бар – бұл медициналық орталық. Жалпы, Хьюстонда медицина жақсы дамыған.
Тамақ жайында
Қалада көп латынамерикандықтар тұрады, сол себпті бұл жергілікті ас үйге әсер етеді. Барлық адамдары мексикалық тағамдарды біледі және ұнатады.
Техаста барлығы үлкен көлемде беріледі. Тағамның порциялары үлкен және дәмді. Олар қуырылған және майлы тағамдарды жақсы көреді. Родео маусымы кезінде тұздалған қиярдан бастап Oreo піспенандарына дейін барлығын қуыруды ұнатады.
Адамдары жайында
Хьюстонда әртүрлі штаттардан, елдерден келген адамдар көп, себебі осында жұмыс көп.
Бастапқы кезде мені барлығы таң қалдыратын – әрбір қала тұрғыны көлік сатып алу мүмкіндігіне ие. Бірақ кейін барлық адамдар несиеге өмір сүретінін түсіндім. Адамдар көп жұмыс істейді және барлығын жұмыс үшін жасайды. Сонымен қатар американдықтар зердесіз болып көрінді, бірақ бұл олай емес.
Олар белгілі бір саланы жақсы біледі, қалғанын онша біле қоймайды. Ал бізде әрбір саладан кішкене болсын біліміміз бар – бұл біздің айырмашылығымыз.
Американдықтар ашық адамдарды жақсы көреді. Уақыт өте мен де сондай бола бастадым. Ойыма келгеннің барлығын айта аламын. Қателіктерім жайында ұялмай бөлісе аламын. Және бұл оларға ұнайды. Кейбір кезде байсалды болып, өзіңе күліп қарау керек. Осылайша тезірек достарды тауып, олармен сенімді түрде араласуға болады.
Осында адамдар ақкөңіл болып табылатыны ұнайды. Бұл ізгі ниетті қатынас болмауы мүмкін, дегенмен олар көмектесуге тырысады. Олар өмірдің басым бөлігін жұмысқа арнайды деген әсер қалыптасты. Мысалы, қазіргі кезде мен әрдайым жұмыста боламын, күніне 12 сағат жұмыс істеймін. Үйге келемін де, ұйықтаймын, кейін қайтадан жұмысқа барамын.
Американдықтар табиғатта демалуды жақсы көреді. Мен спортты ұнатамын деп ешқашан ойлаған жоқпын. Ал енді оны өте жақсы көремін – тіпті велосипед тебуді үйреніп жатырмын. Күйеуім кейбір кезде шығып, тауларды аралауды немесе белсенді демалып қайтуды жақсы көреді.
Осында тамақ әзірлеуді ұнатпайды, жартылай дайын өнімдерді жейді. Жұмыста әріптестерім тамақты дүкеннен сатып алады, ал мен өзім дайындаған тамағымды алып келемін.
Алғыс айту күнінде біз апамызға барамыз, ол күркетауықты, картоп пюресін, салаттарды, десерттерді әзірлеп қояды. Барлығы тізіліп, тамақты салып алады да, қалайтын жерлерге отырады, дастархан басында бірге отырмайды. Тез әңгімелесіп, екі немесе үш сағаттан кейін үйлеріне қайтады.
Үйде аяқ киімді шешпей жүретіндері бұрын мені таң қалдырған. Көшелер жаңбырдан кейін де таза болатындықтан, олар уайымдамайтын шығар. Ал менің азиялық құрбым аяқ киімді шешуді сұрайды және оларды сөреге қойып, тәпішке ұсынады.
Біз күйеуімізбен болған оқиғаларымен бөлісіп, қалай танысқанымыз жайында әңгімелеп беруді ұнатамыз. Мен студент кезімде әртүрлі мейрамханаларда жұмыс істедім. Кейін бизнес орталықтың жанында орналасқан жерге орналастым. Сол жерде мейрамханалар көп болатын, ал ол көрші тұрған мейрамханада жұмыс істеді. Біз осылайша таныстық. Бірнеше күннен кейін, екеуміз де «Звездные воины» фильмін жақсы көретінімізді білдік. Күйеуім Қазақстанға баруды қалайды, себебі біздің елімізді қызықты жер деп санайды.
Хьюстонда менің отбасым, жұмысым және көп мүмкіндіктерім бар және әзірге Қазақстанға оралу жоспарымда жоқ.
Техас оңтүстік штатындағы өмірлік тәжірибесі, оқуы және жұмысы жайында бөліскен – Алма Есмағамбетова.