facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/507/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/507fe0307d97aa25a0ff0dd60a26550c.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-yz-europa-a-k-sh-p-arzhy-mamany-bol-any-zhayly
logo
Қазақстандық қыз Еуропаға көшіп, қаржы маманы болғаны жайлы

06.12.2019

Қазақстандық қыз Еуропаға көшіп, қаржы маманы болғаны жайлы

Саида Каланова, 25 жаста, туған жері — Шымкент, қаржы маманы, @saidassk

обучение в Вентрии.jpeg


Астана — Будапешт


Словакияға барып келгеннен кейін студент кезімде шетелде оқығым келді. Шетелдің мәдениетін біліп, өз-өзімді дамытумен айналысқым келді.

Шетелде оқытатын түрлі бағдарламаларды іздедім, нәтижесінде Венгрия еліне стипендия таптым. Құжаттарымды тапсырып грант ұтып алдым. 2016 жылы Будапештке магистратураға оқуға келдім.

финансист в Венгрии.jpeg

Менің таңдауым кездейсоқ болған жоқ. Венгрия еліне бұған дейін де болдым. Маған Будапешт ұнайды. Бұл әдемі қала, бұл жерде жылы.


Қиындықтар мен алғашқы әсер туралы


Еуропаның басқа қалаларымен салыстырғанда Будапештегі өмір қымбат емес.

Бұл жерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған. Тегін медициналық қызмет алуға болады.

Финансист в Будапеште.jpg

Маған олардың ұлттық тағамдары ұнады. Олар сиыр етін жейді, венгерлік тағамдар қазақ тағамдарына ұқсайды. Сондай-ақ бұл жерге көптеген шетел әртістері келеді. Қалада олардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Ең бірінші қиындық, олардың жатаханалары олар сиппаттағандай болған жоқ. Сондықтан баспана іздеуге тура келді. Бірақ Будапеште пәтер жалдау қиын. Мен венгерлік тілді білген жоқпын, ал барлық жақсы хабарламалар сол тілде жазылды. Бұл тіл тым ерекше, әлемдегі ешбір тілге ұқсамайды.

достопримечательноси Будапешта.jpeg

Келесі кездескен қиындық миграционалық полициямен болды. Әртүрлі көп құжаттар жинау керек болды. Таңертең ерте тұрып, кезек күту керек болды. Құжаттарды жасату үшін кейде алты сағаттан да көп уақыт керек болатын.

Сондай-ақ барлық әкімшілік жерлер ақпаратты тек венгр тілінде береді. Бұл да қиындық тудырады. Бірақ жалпы адамдар өте мейірімді.


Венгриядағы өмір жайлы


Еуропада адамдар ерте отбасы құрмайды. Жастар көбінесе алдымен аяққа тұрып алады, содан кейін ғана үйлену туралы ойлай бастайды. Олар үшін бастысы — өз-өзің дамыту.

Венгрлер — еңбекқор халық. Барлығын адал істейді. Маған олардың өмірге деген көзқарасы ұнайды.

Бұл жерде қарт адамдар өте көп, олар көшеде қол ұстасып, қыдырып жүреді. Бұл жағынан олар ашық.

Венгрлер эмоцияларын сыртқа көрсетпейді. Олар өздерінің жабық екендерін мойындайды. Венгрлермен дос болуға болады, бірақ ол үшін уақыт керек.


Жұмыс туралы


Магистратурада оқып жүргенде халықаралық IT-компанияда стажировка өттім. Стажировкадан кейін 2018 жылы маған жұмысқа қалуға ұсыныс тастады.

Мен француз-бельгиялық топта дебиторлық қарыз бөлімінде жұмыс істедім. Менде клиенттердің портфолиосы бар, олардың барлығы бельгиялықтар. Бұл үлкен фирмалар мен компанияларға біздің компания IT қызметтерін көрсетеді. Менің міндетім — счетардың уақытылы төленуін қамтамасыз ету.

Топта әр түрлі елдерден келген адамдар жұмыс жасайды. Менің бастығым — француз. Сондай-ақ Венгриядан, Камерунадан, Мексикадан, Колумбиядан, Эстониядан, Германиядан келген әріптестерім бар. Маған мұндай интернационалды ортада жұмыс істеген ұнайды. Түрлі халықтың мәдениетімен танысу маған қызықты.

международная IT-компания.jpeg

Кейде біз тобымызбен әр түрлі халықтың тамақтарын әкелеміз. Мысалы, мен құрт апарғанмын. Сосын сол тағам туралы тобымызға айтып береміз.

Маған бастықтың қызметкерлерге деген қарым-қатынасы ұнайды. Бұл жерде бастықпен басқа да әріптестерін сияқты бір қатарда араласасын. Бұл қарым-қатынас маған ұнайды.

Сондай-ақ маған тәртіп бойынша істейтініміз ұнайды. Жұмыс күнінің уақыты біткеннен кейін компьютерді жауып, кете беруге болады, ешкім ештене демейді. Компанияда адамның жеке өміріне құрмет бар.


Көшу қалай әсер етті


Әр адам тек өзіңе ғана сенуі керек. Бұл жерде жұмыс істегелі, мен есейдім. Жақындарымнан жырақта мен тек өзіме сенетін болдым. Басында қорқынышты болды. Бірақ барлығына үйренісіп кетесің. Бастысы әріптестерін мен бастығын қолдаса болды.

Компания басқа шетел тілдерін үйренуге мүмкіндік берді. Мен француз тілін таңдап, оны үш-төрт ай оқыдым. Болашақта оқуды жалғастырамын деген жоспар бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст