facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз

Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yeld-gruziyada-y-m-r-zhem-orly-ty-zho-ty-y-zha-sy-medicina-zh-ne-dizaynerl-k-ki-mder-zhayynda
logo
Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

19.06.2019

Өмірі жайында

Мен осы елге жұмыс бойынша келдім және осында тұрып жатқаныма он жыл болды.

Грузияда және Қазақстанда қонақтарға бірдей қарайды, маған үлкен қолдау көрсеткен таныстар бірден табылып, достарым пайда болды. Көшіп келгеннен кейін, екі апта өткен соң, баламның қызуы көтеріліп, госпитальге түсіп қалғанымыз есімде. Мен пәтер табуға көмектескен қызметкерге хабарластым және ол күйеуімен, балаларымен ауруханаға келді. Бізге көп адам қолдау көрсетті. Сол кезде Грузияда мейірімсіз адамдардың жоқ екенін түсіндім. Қалада адасып қалсаңыз, сізге жол көрсетеді, егер олар білмесе, білетін адамдарға хабарласып, көмектеседі. Олар өздерінің жылулығымен қазақтарға ұқсайды.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Маған медициналық қызметтің сапасы да ұнады. Он жыл бұрын оларда толық медициналық сақтандыру болған еді және біз өзіміздің ауруаналардан өте ерекшеленетін америкалық госпитальге түстік.

Сол кезде Грузияның медициналық, құқық қорғау және жалпы әлеуметтк салаларда орын алған реформалар мемлекетке оң әсерін тигізді.

Барлық адамдар грузин тілінде сөйлейді, көбісі, әсіресе жастар орыс тілін білмейді. Осында келгеннен кейін, мен тілді үйренуге тырыстым, бірақ жақсы нәтижеге жете алмадым. Балаларым тілді жақсырақ біледі, олар оны мектепте оқиды. Бұл күрделі тіл. Тілді білмей, жұмысқа орналаса алмайсыз, себебі компаниялардағы барлық құжаттар грузин тілінде жүргізіледі.

Менің балаларым орыстілді мемлекеттік мектепке барады, білім беру жүйесі қазақстандықтан ерекшеленеді. Бастауыш сыныптарда бағалаудың баллдық жүйесі жоқ. Бұл жақсы, себебі бала күйзеліске түспейді. Барлық жұмыстар жұлдызшалармен немесе мақтау сөздермен бағаланады. Біздің сынып жетекшіміз өте жақсы, ғажап әйел. Мен оған хабарласып, қал-жағдайын біле аламын. Қазақстаннан достарым келген кезде, мұғалімдерге сыйлық сыйлау, мектептерге ақша жинау туралы жиі естимін. Бұл мені таң қалдырады, себебі біздің мектебімізде ондай жоқ, бұған тыйым салынады.

Грузияда жемқорлық жоқ, сіз полицей қызметкерімен ақша арқылы ешқашан келісе алмайсыз.

Осында полицей қызметкерлеріне құрметпен қарайды. Формада тұрған қызметкерді көрген кезде, қорықпайсың және алаңдамайсың, керісінше, өзіңді қауіпсіздікте сезінесің. Бірде ұлым патруль көлігін көріп, соның ішіне отыруды өтінді. Олар мейірім танытып, баланы қолына алды, рөлді, компьютерді, камераларды көрсетті. Патруль қызметкерінен жол сұрасаңыз, ол көрсетіп қана қоймай, сол жерге дейін шығарып сала алады.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Грузияда өзімізді қауіпсіздікте сезінеміз. Азамат ретінде мені естен тандыратын пәтерлердегі ұрлық, құқық бұзушылық жайында естіген жоқпын. Түнде қала ішінде алаңдамай серуендеуге болады.

Маған Samoseli Pirveli грузиндік бренді ұнайды, олар сапалы ұлттық киімдер тігеді. Кейбір кезде Алматыға келгенде, бұл брендтің ерекше киімдерін киіп, адамдарды таң қалдырамын.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Қала жайында

Грузияның климаты, табиғаты керемет. 4,5 сағаттың ішінде бүкіл елді аралап шығуға болады. Көрікті жерлері көп: Қара теңіз, Алазан алқабы, Бакуриани, Гудуари тау шаңғы курорттары, бальнеологиялық жұмақ, Боржоми.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Тбилисидің өзіндік тарихы, рухы бар. Муниципалитет барлық ескі ғимараттарды қалпына келтірді. Саяхатшы әрқашан қызықты жерлерді таба алады, қала ішінде жай ғана жаяу серуендеудің өзі рахат әкеледі.

Қалада керемет репертуарлары бар театрлар көп. Олар әрқашан лық толы болады және қала тұрғындарының төлемқабілеттілігі төмен болғанымен, билеттерді табу қиынға соғады. Олардың өнер академиясы мықты, академияларының түлектері және олардың стильдері таң қалдырады.

Тбилиси аса қымбат қала емес. Бакумен салыстырғанда, бағалары әлдеқайда арзанырақ.

Жергілікті адамдардың талғамы жақсы және бұл сәулеттен бастап киім стиліне дейін – барлық нәрселерде көрініс табады.

Грузияда бірнеше сүйікті жерлерім бар, олар туралы барлық адамдарға айта бермеймін. Менің жақын құрбым келген кезде, біз «Грузиндік Стоунхенджге» бардық. Ол Тбилиси теңізінде орналасқан, қола бағаналардан құрылған. Олардың сыртында Грузияның тарихында ізін қалдырған адамдар мен патшалар бейнеленген. Бұл жер саяхатшылар арасында аса танымал емес. Бірақ маған оның суға жақын орналасқаны, сұлулығы және беретін әсері ұнайды.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Тбилисидегі Надар Думбадзе саябағын жақсы көремін. Соның ішінде еңбектеріндегі кейіпкерлердің мүсіндері орнатылған.

Маған Пантеон ұнайды. Бұл мен үшін қайғы мен күйініш сезілмейтін алғашқы пантеон. Осында Грузияның ең танымал тұлғалары жерленген, олардың қатарында Сталиннің, Грибоедовтың аналары бар.

Мен үшін тағы бір ерекше орын – Резо Габриадзе театры және театр жанындағы дәмхана. Осында шығармашылық атмосфера орнаған. Бұл адамдар қайта келуді қалайтын жерлердің бірі.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Тамақ жайында

Осында келсеңіз, диета мен фитнес туралы ұмытуға тура келеді. Грузиндік дастархан мол болып жайылады.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Олар дәмді тамақ әзірлейді, барлық тағамдарға дәмдеуіштер, әртүрлі грек жаңғақтары қосылады. Бірақ біздің кәуаптар дәмдірек болып келеді.

Менің балаларым мацони деген сүт сусынын ішіп өсті. Тіпті алғашқы сөздерінің бірі «мацони» болды.

Грузиндер өздерінің грузиндік мейрамханаларына баруды, өздерінің әндерін тыңдап, шараптарын ішуді ұнатады. Егер осында заманауи лаундж-барды ашуды қаласаңыз, сізге ешкім келмейді. Ал егер кішкентай миллионыншы грузиндік мейрамхананы ашсаңыз, сізге міндетті түрде барады. Олар өздерінің өнімдерін жақсы көреді.

Адамдары жайында

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Мен өмірдің басқа ырғағына – барлығы нақты, жоспар бойынша болатынына үйрендім. Грузиндер, өкінішке орай, уәдесінде тұрмайтын адамдар. Мысалы, грузин көп нәрселерге уәде беруі мүмкін, сен оған сенесің, кейін ол жоқ болып кетеді. Оған хабарласқан кезде, көп сылтау тауып ақталады. Басында мен сеніп жүретінмін, кейін олардың өмір салты сондай екенін түсіндім. Егер бірдеңені қаласаң, ұзақ уақыт талап етуге тура келеді. Бірақ, бір жағынан, олардың қиналмай жүретіні – жақсы қасиет. Олар өмірге жеңіл қарайды, бақытты өмір сүреді. Бұл орайда гректерге немесе италиялықтарға ұқсайды. Мен бұндай өмір салтына қарсы емеспін, бірақ жұмыста бұндай жағдайлармен күресуге тура келеді.

Грузиндерден жақсы достар болып табылады және олар музыкаға өте қабілетті. Кез-келген іс-шарада үй иелері рояльде ойнап, ән салады немесе би билеп бере алады. Кішкентайынан ұлттық ансамбльге бару – мақтанарлық жайт. Іс-шарада немесе алаңда музыка естілсе, жасына немесе дәрежеге қарамастан, халықтың барлығы билеп, бірге ән сала бастайды.

Олардың салт-дәстүрлерін ұстанып жүретіні ұнайды. Балалар кішкентайынан шыққан тегін, туған тілін біліп өседі.

Қазақстандық әйелдің Грузиядағы өмірі: жемқорлықтың жоқтығы, жақсы медицина және дизайнерлік киімдер жайында

Грузиндер қара киім киюді ұнатады, бұл түс барлық нәрселерде табылады. Адамдар қарапайым, бірақ сәнді киінеді. Бюджеті аз студенттердің өздері сәнді болып көрінеді. Менің гардеробымда да қара түстің көбейгенін байқадым.

Грузиядағы өмірі жайында бөліскен – Саида Тукелева.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
FLEX бағдарламасы. Іріктеуден қалай сәтті өтіп, АҚШ-қа бір жылға қалай баруға болады
FLEX бағдарламасы. Іріктеуден қалай сәтті өтіп, АҚШ-қа бір жылға қалай баруға болады