facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/009/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0099ae1957ca1856e054f1085886b6d2.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-yeld-daniyada-y-m-r-europaly-azamat-a-t-rmys-a-shy-uy-zh-ne-eldeg-demokratiya-zhayynda
logo
Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

01.07.2019

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында


Өмірі жайында


Мен 2000 жылы Копенгаген бизнес мектебімен жасасқан келісімшарт бойынша осында келдім. Келісімшарт үш жылды қамтыды, сол кезде мен докторантураны бітірдім. Бірақ маған қалуды ұсынды. Осылайша үш жыл 16 жылға ұласты.

Қазіргі кезде мен Копенгаген бизнес мектебінде стратегиялық және жаһандық тұрғыдан адами ресурстарды басқару бойынша профессор қызметін атқарамын, сонымен қатар мен PHD-бағдарламаларының директорымын, Human Capital Analytics тобының негізін салушымын.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Мен Данияға көшіп келгенге дейін әртүрлі елдерде тұрдым, сол себепті Еуропадағы өмір жайында білгенім болды. Туризм – бұл иммиграция. Шабаданымды жинап, басқа жаққа кетіп, өмірді жаңадан бастау қиын болды. Достарым да, туыстарым да болған жоқ, тек жаңа әріптестер болды. Кейін шабаданды қайтадан жинап, барлығын жаңадан бастау керек болды. 1996 және 2000 жылдары арасында менде осындай өмір болды. Жыл сайын жаңа елде болатынмын.

Жаңа жерге бейімделу әрдайым қиын, бірақ қызықты жұмыс болған кезде, оңайырақ болады. Ең үлкен қиындық тілмен байланысты болды. Осында барлығы ағылшын тілінде сөйлеседі, бірақ күнделікті өмірде дания тілін қолданады.

Мен тілді білген жоқпын, себебі осында үш жыл ғана боламын деп ойладым. Тілді тұрмысқа шыққаннан кейін ғана меңгере бастадым, себебі күйеуім даниялық азамат. Біз онымен Барселонада өткен конференцияда таныстық, сол кезде екеуміз де Қазақстанда тұрғанбыз.

Бізде үш той салтанаты өтті. Копенгагеннің қалалық ратушында ресми түрде некелесіп, үйлендік. Түстен кейін қонақтарды фуршетпен қабылдадық, ал кешке ата-аналарымызбен мейрамханаға бардық. Бұл 2003 жылдың 20 маусым күні болды. Ал тамыз айында Алматыда той өткіздік. Барлығы қазақ және орыс дәстүрлері бойынша болды: қалыңдық үшін берілетін қалыңмал, көршілер арқылы өту, қала бойынша серуендеу, шашу және тағы басқалары. Сонымен қатар Копенгагенде тағы бір сауық кеш ұйымдастырдық.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Күйеуімді сұрасаңыз, ол Алматыда өткен тойда ештеңе түсінбегенін айтады, себебі барлығы қазақ және орыс тілінде өтті, бірақ оған көңілді болды. Барлық қонақтардың тілек айтқаны оны таң қалдырды. Себебі Данияда тілекті тек жақын туыстар ғана айтады және ұзақ айтады.

Біздің үйде ағылшын, дания және орыс тілдерінде сөйлеседі. Сол себепті қонаққа келетін адамдарға бейімделу қиынға соғады.

Біздің ұлымыз Дэниэл жақында 8 жасқа толады, ол орыс тілінде барлығын түсінеді, бірақ көбінесе даниялық тілде сөйлеседі. Дегенмен Қазақстаннан жиендерім келген кезде, олармен орысша сөйлесуге тысырады.

Осында нағыз демократия орын алатыны ұнайды. Сайлаудан кейін барлық партиялар Парламентте таныстырылады, АҚШ-да немесе Ұлыбританида сияқты басымдық көрсететін бір ғана партия болмайды.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Сонымен қатар адамдар қоршаған ортаға жақсы қарайды. Пластиктен, шыныдан жасалған заттар қайта өндіріледі. Көліктің орнына велосипедпен жүріп, түтіннің орнына таза ауа жұтатыным ұнайды.

Тыныш өмірді қаласаңыз, қаланың сыртына, теңізге қарай тез жетуге болады. Ал егер қарқынды өмірді қаласаңыз, метромен орталыққа бару керек. Нью-Йорк, Шанхай, тіпті Алматы сияқты мегаполистерден кейін үйге келген кезде, мен үшін Копенгагеннің мінсіз жер болып табылатынына тағы да көзім жетеді.

Мен әлі күнге дейін Қазақстанның азаматымын және солай қалуды қалаймын, бірақ бұл өте қиын, себебі Қазақстан екі азаматтықты қабылдамайды, ал Данияда бұған рұқсат беріледі. Қазақстандық куәлікпен жол жүру өте қиын. Менде Данияда тұруға ықтиярхаты бар, бұл маған Еуропа бойынша еркін жүруге мүмкіндік береді, бірақ басқа елдердің барлығына виза керек.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Данияда мені жақсы жұмыс, өмірдің сапасы және, әрине, отбасым ұстап отыр. Дегенмен біз барлық нәрселерге ашықпыз, біз бүгін осында тұрып жатырмыз, ал ертеңгі күніміз уақыттың еншісінде.


Қала жайында


Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Мен алғаш рет Данияда 1996 жылдың маусым айында болдым. Кішкентай кезімде Ганс Христиан Андерсеннің барлық ертегілерін оқып шықтым және бұл ел жайындағы алғашқы әсерім ертегідей болды.

Копенгаген – бұл мегаполис, бірақ кішкентай қала болып көрінеді. Өзім үлкен қалаларды ұнатпаймын, бұл үлкен қарбалас, көп адамдар, кептелістер, мен бұдан шаршаймын.

Қазірде Данияда күндері ұзақ, түндері қысқа болытан керемет кезең. Ал желтоқасан мен қаңтар айында жұмысқа кеткен кезде және үйге қайтқан кезде қараңғы болады. Осында келген адамдар үшін бірінші екі қысқы ай ең қиын кезең болады.

Қаладағы сүйікті жерім – менің үйім. Үйдегі терезеден қараған кезде, ағаштар ғана көрінеді. Біз қаланың сыртында, теңізге жақын жерде тұрамыз. Осында көп мейрамханалар орналасқан айлақ бар.


Тамақ жайында


Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Даниядағы дәстүрлі тағам – қара нанға салынған майшабақ. Ол маринадтың әртүрлі түрлерінен жасалады. Нанға май жағады, кейін майшабақ салады – осылайша үлкен ашық сэндвич болып шығады. Бұл негізінен ланчқа арналған тамақ. Кешкі ас кезінде басты тағам әзірленеді.

Даниялық ас үйдің тағамдары француз және итальяндық ас үйлерден алынған. Ал дәстүрлі тағамына ет, картоп және қоңыр тұздық жатады. Бірақ қазірде бұл тағамды көп ұсынбайды.

Тамақ әзірлеген кезде, олар тәжірибе жасауға қорықпайды. Мысалы, осында қарбыз, қызанақтар, қызыл сарымсақ пен бальзамды сірке суы қосылған салатты жеп көруге болады.

Күйеуім жылқы етінен жасалған бешпармақты, кәуәпты ұнатады. Ал ұлым әжесі осында келген кезде пісіретін мәнті, тұшпара және котлеттерді жақсы көреді.


Адамдар жайында


Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Дания халқының 85% байырғы тұрғындары. Қала орталығында жүрсеңіз, көп ұлт өкілдерін кездестіруге болады, бірақ басым бөлігі даниялық азаматтар. Осында байырғы халық пен басқа жақтан келгендер арасында белгілі шекара бар. Адамдармен танысқан кезде қойылатын сұрақтардың біріншісі «Есімің кім?», екіншісі «Қай жақтан келдің?».

Екі елдегі отбасылық өмірдің басты айырмашылығы – Данияда қоғамдағы тең құқықтық отбасыдағы тең құқықтыққа ауысады. Бірақ бұның барлығы жеке жағдайға байланысты.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Даниялық ер адамдар ас бөлімде және балалармен болған кезде, өздерін жайлы сезінеді. Біздің үйде былай қалыптсақан: аптасына екі рет баланы мектептен өзім алып кетемін, ал келесі екі күні күйеуім алып кетеді, бесінші күні көрші қыз алып кетеді. Ас бөлімде де дәл солай: бір рет күйеуім, келесі жолы мен тамақ дайындаймын. Бірақ бұл медальдің екі жағы бар. Бұндай демократия күйеуі де, әйелі де барлық мәселелерде тең дәрежеде шешім қабылдайды дегенді білдіреді. Ер адамдар ас бөлімде көмектеседі, балалармен отырады, бірақ сонымен қатар барлық жағдайларда, тіпті диванның жастықтары мен перделердің түсін таңдаған кезде, өзінің пікірін айтуды қалайды.

Күйеуіммен танысқан кезде, ол Қазақстан жайында ештеңе білмейтін. Бірнеше сапардан кейін қазақстандық және даниялық адамдардың әзілді түсіне білу қасиеті өте ұқсайды деген пікір білдірді. Өзіңе, өзгелерге күліп қарау, сөздермен ойнау – екі елдің халқына тән қасиет. Сонымен қатар даниялықтар үшін де отбасымен бір дастарханның басында жиналу маңызды. Әрине, жергілікті тамақтың көлемін қазақтың мол дастарханымен салыстыруға келмейді. Бірде Қазақстандағы дастархан басынан кейін, балам бір рет ішінде қаншама зиянды тамақ жеуге болатынына таң қалған.

Қазақстандық әйелдің Даниядағы өмірі, еуропалық азаматқа тұрмысқа шығуы және елдегі демократия жайында

Дания еліндегі өмірі жайында бөліскен – Дина Мынбаева.

Суреттер Дина Мынбаеваның жеке мұрағатынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Қазақстандық танымал 10 тиктокер
Қазақстандық танымал 10 тиктокер
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Қазақстанның ірі IT компаниясында тағылымдаманы қалай табуға болады — жас мамандардың тәжірибесі
Қазақстанның ірі IT компаниясында тағылымдаманы қалай табуға болады — жас мамандардың тәжірибесі
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі