Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Қазақстандық әйелдерге бизнес ашуға және дамытуға көмектесетін бағдарламалар
1439

27.04.2023

Қазақстандық әйелдерге бизнес ашуға және дамытуға көмектесетін бағдарламалар

Қазақстандық кәсіпкер әйелдер үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы бүгінгі материалымыздан оқи аласыздар.


«Coca-Cola белестерi»

josh-duke-k-BWMCE1FNo-unsplash (1).jpg

Жоба 2012 жылы іске қосылды. Оның мақсаты — Қазақстандағы әйелдерді кәсіпкерлікке тарту. Бағдарлама үш қадамнан тұрады:

1. Оқыту

2. Грант алу үшін конкурсқа қатысу

3. Бизнес ашу және дамыту

Қатысушылар екі бағдарлама бойынша тегін білім ала алады:

— «Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес негіздері». Бұл — шағын бизнесті ашуға арналған 3 апталық оқу.

— «Жеке қосалқы шаруашылықтар». Бұл — ауылдық жерде бизнес жүргізуге арналған технологиялық курс.


Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республика бойынша Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын ашты. Олар бірнеше қызмет түрін ұсынады:

— ұсыныстар бере отырып, бизнесті бағалау

— қаржыландыруды қалай тартуға болатындығын үйрету

— консультациялар ұйымдастыру

— менторлық


«Qolday» кәсіпкерлік орталығы

Кәсіпкерлік орталығының миссиясы — шағын және микробизнеске мемлекет ұсынатын құралдарды пайдалануға көмектесу. «Qolday» кәсіпкер әйелдер өтініш бере алатын бірнеше бағдарлама ұсынады:

— шарттарға байланысты 2%-дан 6%-ға дейінгі мөлшерлемемен қаржыландыру

— өнеркәсіптік парктердегі бизнес үшін дайын үй-жайлар беру

— рұқсат құжаттарын рәсімдеуге, лицензия алуға көмектесу

— гранттар мен субсидияларға өтініш беруге көмектесу


«Бизнестегі әйелдер»

Кәсіпкер әйелдерді қолдауға мақсатында «Halyk Bank» ұсынатын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы. Осы мақсатқа банк жыл сайын бір миллиард теңге бөледі.

Кәсіпкер әйелдер өз бизнесін дамыту үшін 5% мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге дейін ала алады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу