facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-z-balalaryn-a-sh-ta-ba--de-zh-ne-italiyada-alay-asyraydy
logo
Қазақстандықтар өз балаларын АҚШ-та, БАӘ-де және Италияда қалай асырайды

05.10.2017

Қазақстандықтар өз балаларын АҚШ-та, БАӘ-де және Италияда қалай асырайды

Елена Кушчу, 30 жас, туған қаласы — Алматы, бренд-менеджер

Тұратын елі: БАӘ, Дубай


Біз Дубайда тұратын интернационалды отбасымыз. Күйеуім – Анкарадан келген түрік,мен – орыспын,біздің бала күтушіміз – филиппинадан,яғни баламыз туғаннан бастап үш тілде қарым-қатынасады. Байланысу ортасы – ағылшынша. Мультфильмдерді баламыз үш тілде көреді.


елена, оаэ (1).JPG


Ең біріншіден, Дубайда көп ұлттардың, тері түстерінің,нәсілдерінің, бет келбетінің араласы жоғары. Балалар осы жақта түрлі адамдарды көреді және олар осыған үйреніп қалды. Ал Қазақстанда балалар жабық бөлмедегідей өседі, олар үндістардың, филиппиндықтардың,арабтардың бар болғанын әзер елестетіп, олардың түрін және айырмашылықтарын білмейді.


Менің ойымша, Дубайдағы тәрбиелеудің негізгі қағидасы – бұл балаға деген құрмет және балаға деген шексіз махаббат. Дубайда баламен тыныш жүре алмайсын,міндетті түрде баламен біреу сөйлеп,басынан сипалайды, оған оның ол қандай әдемі,ақылды және пысық екенін айтып береді. Егер Дубайда менің балам дүкен ортасында кәмпит сұрап, айқалай бастаса,сонда басқалар көңілімді көтермелеп: «Бұл екі жастың күйзелісі» деп, күлімсіреп өтеді. Егер осындай жағдай Қазақстанда болса,ең аз дегенде сен қоршағандардың ашуын естіп,менің балам қаншалықты тәрбиесіз екенін маған айтып береді.


Менің ойымша, Дубайдағы тәрбиелеудің негізгі қағидасы – бұл балаға деген құрмет және балаға деген шексіз махаббат


Өз кезегімде, мені тоқтамай сөйлейтін жасы үлкенірек балалар қуантады. Біріншіден, олардың бүкілі екі-үш тіл меңгерген. Екіншіден, олар өз ойымен бөлісуге қорықпайды және өз сөзінде тұрады. Қазақстанда осылай болмайды: мектеп,жүйе,ата-аналар, қоғам балаға оның кішкентай екенін және куәлігін алып,дауыс беруге барғанда ғана дауыс беру құқығына ие болатынына әдеттендіреді.


Әрине, тілдерді меңгерудің өз қиыншылықтары бар. Менің балам үштілді. Және оның біртілдік құрдастары толығымен қиын сөйлемдерді сөйлей алғанда,менің балам әлі күнге дейін бірнеше сөзді әзер қиыстырып сөйлейді,сонымен бірге үш тілді араластырып,үш сөзден ең қысқасын тандап айтады. Бірақ сонда да бүкілін жақсы түсінеді және айтқанын орындайды.


Менталитетпен қиыншылық туған жоқ. Біріншіден, мен Қазақстаннан келдім,ал бұл менің тұқымым бойынша шығыс әйелі екенімді білдіреді. Менің күйеуім менің құндылықтарыма сәйкес тәрбиеленді. Мұсылман елінде тұрған себептен,мен,әрине, киіну этикетін ұстанамын. Бірақ Дубайда әйел болу – бұл айрықша ерекшелік. Біздің үнемі бос бөлек кезектеріміз бар. Әйелді әрдайым өткізіп жібереді, оны құрметтейді. Егер мен жұбайыммен бірге жүрсем, даяршының менімен сөйлесуге құқығы жоқ,тек мен онымен сөйлессем ғана,ол маған жауап қайтара алады. Тіпті жолда шиеленіс пайда болса,мені жұбайымды шақыртуға сұрайды,себебі таныс емес жігіттің маған сөйлеуге ,тіпті маған қарсы бірдене айтуға құқығы жоқ.


Бірақ Дубайда әйел болу – бұл айрықша ерекшелік


Бірақ бір үлкен кемшілік бар – білім алу өте қымбат. Баламның балабақшадағы бір жылы үшін мен Алматыдағы университетінің үш оқу жылы үшін сияқты төйлеймін.


елена, оаэ (2).jpg


Осы жылдан бастап мен мерекелерді тойлауға жоспарлаймын. Баламда осындай орыс-қазақ микс болып шығады:біріншіден, Жаңа жыл, Рождество және Наурыз – бұл міндетті түрде,Пасха мен 9 мамыр – бұл киелі. Папамыз жағынан екі байрам бар. Оразаны біз ұстамаймыз.


Біз «бір тіл – бір ата-ана» қағидасына негізделеміз. Мен тек орыс тілінде сөйлеймін, әкеміз – тек түрік тілінде, бала күтушіміз – тек ағылшын тілінде. Менің «қазақ» тұқымымның және мектептегі сабақтарымның арқасында мен аздап түрік тілін білемін – өз кезімде мен тіпті қазақ тілі олимпиадаларында жеңімпаз болатынбым, міне,керек болып қалды. Жұбайым орыс тілін университетте оқыды, сондықтан ол да менің балаға орысша айтқан сөздерімді жақсы түсінеді,бірақ сол мезетте онымен түрікше сөйлей бастайды. Арамызда біз ағылшынша сөйлейміз, бұл жеңіл әрі тез.


Біз «бір тіл – бір ата-ана» қағидасында негізделеміз


Ата-аналар балалардың бейімдеуі жағынан үлкен қиыншылықтарды кездестірмеуі керек. Керісінше,ата-аналардың өздеріне осы жаққа бейімделуге қиынырақ болады. Мен Қазақстанда осындай жағдаймен соқтығыстым: егер менің балам басқа біреудің баласына жақындаса,оны сол мезетте алып кетеді. Менің балам басқа балаларға жақындап,олармен ойнай бастауға үйреніп қалды. Ол Алматыда таңқалып жүрді,себебі құмсалғышта еш бір баламен ойнай алмады. Жасы үлкенірек балаларға тілдерді оқуға кеңес беремін – ағылшын тілісіз осында тұру мүмкін емес. Далада немесе мектепте түрлі ұлтты балалар тек ағылшын тілінде ғана араласады. Баламның қазақ тілін білуі жайлы мен алаңдамаймын, себебі бүл түрік тілдес тілдер тобы,балам түрік тілін біліп,өзін қазақ тіліне бейімдете алатынын және басқалармен жақсы байланыса алатынын білемін.



Шахида Юсупова, 36 жас, туған қаласы – Алматы, журналист

Тұратын елі: Италия, Реджо-ди-Калабрия


шахида2.jpg


Италияда балаларды тәрбиелеу Қазақстандағы тәрбиелеуге қарағанда өзгеше. Италияда тәрбиелеу махаббат қағидасында негізделеді – балаларды еш бір байланыссыз сүйеді,оларды әлі ана құрсағында сүйеді.


Жүкті әйел – бұл ерекше әйел, оған әрдайым орын береді, ол кезекте тұрмайды,ал ең таңғаларлығы – оған мейірімділік пен елжіректікпен қарайды. Осыдан балаларға деген махаббат басталады.


шахида.jpg


Балаға өз сезімін,ойын білдіруге рұқсат беріледі. Және мен үшін ең қызық болғаны,бұл үлкендердің өз балаларын тындайтыны – шыңымен,мен ауызымды ашып қалдым. Яғни олар естіп, тындай алады.


Жүкті әйел – бұл ерекше әйел, оған әрдайым орын береді, ол кезекте тұрмайды,ал ең таңғаларлығы – оған мейірімділік пен елжіректікпен қарайды


Кемшілігі – бұл ата-аналардың жалқаулығы. Балалр памперспен бес жасқа дейін жүре алады, ауыздағы соскаларымен – жеті жасқа дейін, ал бесік арбада балаларын сегіз жасқа дейін жүргізеді.


шахида 4.jpg


Менің тәрбием қоршағанға махабатын білдіруінде негізделеді. Егер мен өз елімнің мәдениетін және дәстүрлерін өз отбасыма еңгізбесем,бұл қызық болар еді. Сондықтан біз бүкіл мерекелерді тойлаймыз.


Үлкен қызым орыс тілінде сөйлей алады. Біз қазір Қазақстанға қайта келдік және бізде қазақ тілін үйренуге керемет мүмкіндік пайда болды, қызым бұл мүмкіндікті пайдаланып жүр. Егер кіші ұлым жайлы айтсақ, өкінішке орай ол тек итальян тілінде сөйлейді,бірақ біз оны басқа тілдерге үйретуге жоспарлаймыз.




Раушан Моран, 49 жас, бухгалтер

Тұратын елі: АҚШ, Сарасота, Флорида штаты


Балаларды тәрбиелеу – АҚШ-та тек ата-аналардың жеке шаруасы. Бүкілі отбасылық дәстүрлері мен қағидаларына,діңшілдік көзіне,географиялық орналасуына байланысты. Ешкімнің жағын пішіп-кеспеймін, себебі балаларды тәрбиелеудегі үлгінің жоқтығын білемін, ата-аналарға өз балаларын өсіруге көмектесетін түрлі ойлар мен тәсілдер бар.


раушан.PNG


Біз елдің оңтүстігінде тұрамыз және осы жақта үлкендерді сыйлау керек және сөйлесу кезінде адам атын атамау керек. Ер адамға «сэр» дейді,әйел адамға «мэм» дейді. Бізде тура солай – аға, тәте. Сонымен қоса әйелдерге құрметті жас кезінен бойға сіңдіреді,ер адамдар өз әйелдеріне бүкіл үй шаруашылығымен көмектеседі,ешқандай әйелдік немесе еркектік сияқты бөліну жоқ. Барлығы отбасы қажеттілігне қызмет етеді.


Біз балаларымызды мейірімділікке, құрметке және жұмыс істей алу бейімділігіне,қуанышты болып,барлығына риза болуға үйретеміз


Біз балаларымызды мейрімділікке, құрметке және жұмыс істей алу бейімділігіне,қуанышты болып,барлығына риза болуға үйретеміз. Біздің ұлттық тағамдарымызды да,американдық тағамдарды да даярлаймыз,мерекелерді өткізбеуге тырысамыз.


Балаларым аздап орыс тілін түсінеді, бірақ орыс тілін қолданбайтын себептен біз қалайтындай толығымен үйрене алмады. Үлкен ұлымыз орыс тілінде және аздап қазақ тілінде сөйлейді,қызым орыс тілін колледжде оқуға жоспарлайды.


Ата-аналарға өз жүрегін тыңдауға кеңес беремін, ата-ана өз баласына жамандық тілемейді. Мүмкін, уақыты жетіспейтіндер немесе өздері де әлі өздерінің ішкі күйзеліс жағдайында болған адамдар бар шығар, бірақ уақыт өткен соң бүкілі өз орнына келеді. Өз балаларынды жақсы көріндер, оларды көбірек сүйіндер, құшақтандар. Олар жақсылықты өз үйлерінде көрсін, ал жамандыққа үйретуге керегі жоқ. Мұқтаждарға көмек беріп,құрмет көрсетуге үйретіндер, мейірімділікті көрсеткеннен айнала өзгере бастайды. Осы жақтың адамдары біздің жақтағыдай өмір сүреді, олар талантты, тапқырлы және жай ғана жақсы адамдарды бағалайды, қолдайды және көтермелейді. Сіз өз ортанызда өмір сүруге үйрену керексіз және кешіруге үйреніп, бүкіл айналада позитив пен жақсылық табуға үйрену керексіз.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.