Еркебұлан Тлеулин, 28 жаста, туған жері — Целиноград, үш тілді жүргізуші, @yerkebulantleulin
Жүргізуші мамандығы туралы
Іс-шараларды 11 жыл жүргізіп келемін, оның ішінде 8 жыл Астана жұмыс істеп жатырмын. Бастапқыда мен бюджеттік категорияда жүргізуші болдым, өйткені тәжірибем болмады. Қазір мен тұлға ретінде қызықты болдым, адамдар менің жасай алатынымды және қаншалықты сөйлей алатынымды, тойда «өз адамым» бола алатынымды бағалайды.Іс-шаралар өзгеру үстінде, жаңа формат пайда болып жатыр. Адамдар «5 жыл — 5 минут» принципін жиірек қолданады: бес жыл көріспей, бес минуттан артық сөйлесе алмайтын адамдарды тойға шақырмайды. Біз 300 қонаққа дайындалатын, жас жұбайлар олардың жартысын танымайтын тойларға үйреніп қалдық. Ондай тойлар қазір көп кездесе қоймайды. Соңғы кезде адамдар қонақтарды азырақ шақырып, жақсы орын мен қызмет көрсетуді, қызықты бағдарлама мен жүргізушіні таңдайды. Яғни, адамдарға айқайламай, түсініксіз әрекеттер жасатпайтын жүргізуші іздестіреді. Той иелері тойдың 90% жүргізушіге байланысты деп санайды.
Үйлену тойдың бағасы туралы
Менің ойымша, жас жұбайлардың орташа жас мөлшері артып жатыр, сондықтан олар тойдыңұйымдастырылуына өздері қатысады. Адамдар пафосқа аз ақша жұмсай бастады.
Жас жұбайлар қандай жүргізуші мен фотограф қалайтындарын нақты біледі. Сол себепті ұйымдастырушыны емес, нақты адамды таңдайды. Үлгімен жұмыс істейтін жүргізушілер жоғары бюджетті ауқымды іс-шараларды өткізе алмайды. Тойды әдемі киімдер, сәнді мейрамxана мен қымбат сыйлықтар ерекше етпейді деп ойлаймын. Мен адамдарға эмоциялар әлдеқайда құнды екенін жеткізгім келеді.
Маған күйеу мен қалыңдықты таңдау маңызды. Бұл тікелей қызмет көрсетуді сату емес. Біз оларды қолдап, кеңес айтып, бюджетті тиімді етуге көмектесеміз.
Арғын Аусаров, 26 жаста, қала — Астана, жүргізуші, музыкант, @argoonya
Жүргізуші мамандығы туралы
Нарықта түрлі жүргізушілер мен тапсырыстар бар. Жүргізуші образбен, жанрмен, стильмен жұмыс істей алады. Жас жұбайлар бұл қызметке бөлек тапсырыс бермес үшін жүргізуші беташар өткіземін. Мен өлең айтатын жүргізушімін, сондықтан әртіске немесе музыкалық топқа ақша жұмсау міндетті емес. Ұзақ әңгімелер айтпаймын, менің аудиториям демалып, көңіл көтеру үшін жиналады. Сол үшін маған интерактив пен байланыс орнату маңызды.Үйлену тойдың бағасы туралы
Қазақстандағы аудитория әртүрлі: біреулер үлкен той жасағысы келеді, ал басқалары жайлы кеш жасауды қалайды.Қазақстандық тойлардың арқасында біз бүкіл туыстарымызды біліп жатамыз, өйткені оларды көретін мүмкіндік бола бермейді. Басқа ұлттарға қарағанда қазақтар мұндай тойларға ерекше жылумен және тиянақты қарайды. Адамдар есте қалатын күн жасағысы келеді.
Тамадамен кездескенде бір сағат ішінде адамның мінезін біле алмайсың. Жұптарға оның қандай адам екенін түсіну қажет. Егер бір-біріңізді толығымен түсінсеңіз, демек, ол сіздің адамыңыз. Қажет емес сөздерді айтып, бұрыс әрекеттер жасайтын тамадалар бар. Сол себепті көптеген тапсырыс берушілер алаңдайды, себебі жүргізуші — іс-шараның бет-бейнесі. Қызметтің бағасы толығымен ақталады.
Ануар Ахметкалиев, 27 жаста, туған жері — Өскемен, жүргізуші, @akhmetkaliev91
Жүргізуші мамандығы туралы
Менің мамандығымның міндеті — адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлап, клиенттердің артқан сенімдері мен үміттерін ақтау. Әрбір адам үйлену тойының жоғары деңгейде өткенін, қонақтарға ыңғайлы және көңілді болғанын қалайды. Мұның барлығы алдын-ала жазылған сценарий мен бағдарлама бойынша өтіп, әр ұлттың дәстүрлеріне сай болуы тиіс.Үйлену тойдың бағасы туралы
Қызметтің бағасы көптеген нюанстар мен ерекшеліктерге байланысты, яғни бағдарламаға, қонақтар санына, сценарийге, тақырыбына, өтетін жеріне. Үйлену тойында 200 000-нан 500 000-ға ақша дейін таба аламын.Әрбір адам үлкен және бай той жасауды қалайды, алайда бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Агенттіктің иесі ретінде клиенттерге мүмкіндіктері мен қалауларына бағытталған түрлі қызмет жинақтарын ұсынамын. Жастарға бұл күнді ерекше етуге мүмкіндік беремін.
Жүргізуші қызметінің бағасы ақталады деп ойлаймын. Ол 100 адамнан артық аудиторияны 6-7 сағаттың ішінде біркелкі ұстап, көңіл-күй мен тек жақсы эмоциялар сыйлайтын адам.
Адиль Сейфуллин, туған жері — Астана, іс-шаралар жүргізушісі @adil_sf
Жүргізуші мамандығы туралы
Мен үшін бұл мамандық емес, хобби. Той жүргізушісі ұйымдастыру жұмыстарын өзіне жүктейді. Іс-шараны толығымен жинақтайды — бағдарлама, сценарий жазып, тапсырыс берушінің қалауын орындайды.Үйлену тойдың бағасы туралы
Қазақстандықтар үйлену тойына үлкен ақша кетіреді, көбісі тіпті несие алады. Бізде ондай тапсырыс берушілер болды. Бұл біздің менталитетке, достарымыздың, әріптестеріміздің, туыстарымыздың пікірін қабылдауымызға байланысты. Сондықтан да кейбіреулер үйлену тойларын жарқ-жұрқ етіп өткізгісі келеді.Үйлену той — өміріміздегі мұндай форматтағы жалғыз іс-шара. Кез келген шығындар естелікке әсер етеді. Бұл кейін балаларға айтылатын нәрсе. Туған күндерде, ұжымдық кештерде үнемдеуге болады, ал үйлену тойында, менің ойымша, үнемдеудің қажеті жоқ.
Жүргізушінің классикалық ақысы болады, оған жүргізілетін жұмыстың бағасы кіреді. Бағасы 350 000 басталуы мүмкін. Қосымша мен бүкіл іс-шараға жауапты бола аламын, ондай бағдарламадан 10% өзіме аламын. Бағаларды көтермелемеймін, анықтап жазып, тапсырыс берушіге ұсынамын.