Қазақстандықтар пәтер сатып алу және ол арқылы табыс табудың жолдары жайында - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-p-ter-satyp-alu-zh-ne-ol-ar-yly-tabys-tabudy-zholdary-zhayynda

Қазақстандықтар пәтер сатып алу және ол арқылы табыс табудың жолдары жайында
492

03.06.2019

Қазақстандықтар пәтер сатып алу және ол арқылы табыс табудың жолдары жайында

Мадина Джарабаева, 35 жаста, туған қаласы — Астана, кәсіпкер


Баспана сатып алудың себебі


Жылжымайтын мүлік – қаржы құюдың ең танымал және тиімді әдістердің бірі. Астанаға көшкенімізге көп уақыт болды, біз қаланың әртүрлі аудандарында тұрдық және басқа жақтан келгендердің баспанаға деген сұранысын көрдік. Сол кезде пәтерімізді қайта сату тиімсіз еді, ал жаңа баспанадан кішкене болсын табыс табу мүмкіндігі болды.

Алдымен жылжымайтын мүлік сізге не үшін керек екенін түсіну қажет. Егер барлық тәуекелдерді бағаласаңыз, жылжымайтын мүлік шығынының орны бірден толмайтынын түсінесіз. Мерзімдер көпке созылуы мүмкін, барлығы тұрғын үйдің бастапқы құнына, жөндеу жұмыстарына және жалға берудің құнына байланысты. Бізде жиналған ақшамыз болды және табыс табудың бұндай жолы бар екенін білетінбіз.

58453843_115392202996430_2243644104602466360_n.jpg

Суреттің дереккөзі: @architecture_astana


Пәтерді таңдау жайында


Біз пәтердің күйін, орналасқан жерін, ауданды мұқият таңдадық. Кейін пәтердің жайлы болуы үшін, жөндеу жұмыстарын жасадық. Бұл клиенттердің көңілін аударады, демек олар пәтеріңізде көпке дейін тұрады. Жылжымайтын мүлікке көп қаражат құйғандықтан, пәтерді тек ұзақ мерзімге жалға беруді шештік.

Көлік қолжетімділігін, ТК орналасқан жерін міндетті түрде ескеру керек


Сонымен қатар біз нарықта қандай пәтерлер сұранысқа ие екенін ескердік. Астанада бір бөлмелі құны төменірек болатын, бірақ жақсы көрінетін бір бөлмелі пәтерлер, студиялар жақсы сұранысқа ие. Кейін қабатты таңдадық – бірінші және соңғы қабаттағы пәтерлер аса сұранысқа ие емес. Көлік қолжетімділігін, ТК орналасқан жерін міндетті түрде ескеру керек.


Қиындықтар жайында


Пәтерді жалға беру кезінде әрбір жаңа клиентпен қиындықтар туындайды. Әсіресе пәтерді ұзақ мерзімге жалға берген кезде, әртүрлі жағдайлар туындауы мүмкін. Клиенттер бірдеңені сындырады, соны ауыстырып, ол туралы айтпауы да мүмкін. Сол себепті келісімшарт пен тұрудың шарттарын мұқият ойластыру керек.

Бұл шығындардың орны ұзақ мерзімде толатын бизнестің түрі. Табыс бірден түседі деп күтпеген жөн. Сонымен қатар Астанада пәтерді жалға берудің маусымы да бар, сұраныс әрқашан бола бермейді. Бірақ ол әрдайым болады, тек нарықта қалай бәсекеге қабілетті болу керек екенін түсіну керек. Қосымша пәтердің артықшылығы – туыстарыңызды немесе балаларыңызды тұрғызуыңызға болады.


Асхат Тұрмағамбетов, 28 жаста, туған қаласы — Алматы, менеджер


Баспана сатып алудың себебі


Менде тәуліктеп жалға беретін пәтерім бар. Бастапқыда бұл менің пәтерім болатын, бірақ жұмыс бабымен әртүрлі іссапарларға шығып жүремін. Бірнеше ай Ресейде немесе Еуропада болуым мүмкін. Пәтерім бос тұрмауы үшін, басқа жақтан келген адамдарға тәуліктеп жалға беріп тұруды шештім. Алматыда жалдамалы пәтерлерге әрқашан сұраныс бар. Қалада барлық процесті қадағалайтын досым бар, ол келісімшартқа отырады, кілтті тапсырады және тұрғындармен кездеседі. Мен пәтердің иесі ретінде бұл баспанаға жауап беремін.

Алматыда жалға берушілер көп екенін білемін, бірақ олардың барлығы салық төлейді деп айта алмаймын. Бұндай процестерден аулақ жүріп, адал болу керек. Сонда ғана бизнес дамиды. Сонымен қатар мен пәтерге бірден алты адамды қоныстандыруға мүлдем қарсымын. Бұл пәтерді жалдайтын адамдар үшін ыңғайлы, осылайша олар аз төлейді. Бірақ жалға беруші үшін қауіпті, барлығын қадағалау мүмкін емес. Өкінішке орай, Алматыда пәтерлерді емес, бөлмелерді жалдап тұратын студенттер көп. Бұндай пәтерде барлық адамдарды тіркей алмайсыз. Біз пәтерімізді кімге жалға беретінімізді мұқият таңдаймыз.


Пәтерді таңдау жайында


Менің пәтерім екі бөлмелі, сол себепті клиенттерімнің басым бөлігі – отбасылар. Алматыдағы пәтерді жалға алу үшін қала орталығы және көрікті жерлері көп туристік аудандар танымал.

60521423_141753253614117_4213524385099915861_n.jpg

Суреттің дереккөзі: @sxodim

Пәтерді тәуліктеп жалға беруді қалайтындар үшін басты кеңес – дұрыс сата білуді үйреніңіз. Әрдайым тұрғындарды іздеу үстінде болу керек екенін түсінуіңіз қажет. Демек хабарламаңызды әртүрлі сайттарда жариялау керек. Бұның өзінде адамға тұратын орны жайында толық ақпарат беру қажет. Шарттары, суреттері қаншалықты жақсы болса, пәтер де жақсы өтеді. Әрбір клиенттен кейін бөлмелерді тазалау үшін, мен арнайы қызметтерді жалдаймын. Қалада клинингтік компаниялар көп, олар тез және сапалы қызмет көрсетеді.

Пәтерді тәуліктеп жалға беруді қалайтындар үшін басты кеңес – дұрыс сата білуді үйреніңіз


Пәтерімнің артықшылығы – менде жиһазға, жөндеу жұмыстарына қосымша шығындарым болған жоқ. Бизнестің бұл түрімен қанша уақыт айналысатынымды білмеймін, бірақ бұл іссапарларға жиі шығатын адамдар үшін ең жақсы әдіс. Отбасым болмағанша, мен бұны кішігірім үлес немесе басқа жақтан келгендер адамдарға, қала тұрғындарына көмек ретінде қарастырамын.


Қиындықтар жайында


Тәуліктеп жалға берілетін пәтерлердің қиындығы – клиенттер болар-болмайтынын ешқашан білмейсің. Пәтерді көбінесе мерекелік күндердің қарсаңында, демалыс күндері және жазда жалдайды. Пәтер жарты айға дейін ғана жалданса да, табысы түсіп тұрады. Қалаға келген кезде, мен кез-келген уақытта өзімнің пәтеріме келе аламын. Тек сол уақытта хабарламаны алып тастаймын.

Пәтерді жалға беру көп табыс әкелмейді, себебі салығы бар. Дегенмен бұл әрдайым жиналатын ақша. Бұл қажетсіз пәтерді сатып, бір рет қана ақшаға ие болудан гөрі жақсырақ.


Бахтияр Ерасылов, 42 жаста, туған қаласы — Астана, кәсіпкер


Баспана сатып алудың себебі


Астана – әрдайым салынатын және әлі де ұзақ уақыт салынатын қала. Осында жылжымайтын мүлік нарығы құны бойынша тұрақты емес, бірақ сұраныс әрдайым бар. Елордаға көп студенттер, саяхатшылар, оған қоса жас отбасылар келеді және олар баспана іздейді. Пәтерді жалға беру – келешегі бар бизнес. Мен бизнестің бұл түрін саналы түрде таңдадым, себебі кезінде жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агенттікте жұмыс істедім және нарықты түсінетінмін. Бастапқыда біз қаладағы жағдайды ұзақ бақыладық, интернеттегі әртүрлі жарнамалық алаңдарды талдадық. Жалгерлік бизнесте табысты болу үшін, пәтерлерді Қазақстанның ірі қалаларында және қала орталығында немесе танымал аудандарда сатып алу қажет. Сонда табысыңыз сезіледі.

Біз пәтерді алған кезде, онымен не жасай алатынымзды түсінетінбіз. Оны қайтадан сатуға, жалға беруге, балаларымызды тұрғызуға болады. Бұл нұсқалардың кез-келгені тиімді. Әрбір сұранысқа сатып алушы табылады.


Пәтерді таңдау жайында


Пәтерді жаңа салынған үйлерде сатып алған тиімдірек, олар құрылыс кезінде арзанырақ тұрады. Алып-сату үшін пәтерді тек салынып жатқан үйде алу тиімді, сіз жарты құнын төлейсіз. Өңделген пәтерді алған кезде, жөндеуден өткізіп, бірден жалға бере аласыз.

Клиенттермен әрдайым байланыста болу маңызды, сонда сенімнің деңгейі жоғарылайды


Тұрғын үйді жүйелі түрде тексеріп жүрген жөн. Коммуналдық төлемдерді қадағалау керек. Квитанцияларды өзіңіз төлеп, кейін тұрғындарынан ақша алсаңыз жақсырақ болады. Біз тұратын мерзім үшін бірден ақша төлеуді және қажетті құжаттарды сұраймыз. Клиенттермен әрдайым байланыста болу маңызды, сонда сенімнің деңгейі және жалдап тұрушының үйіңізге қайтып келу мүмкіндігі жоғарылайды.

44322654_203484690528473_3442250951215809302_n.jpg

Суреттің дереккөзі: @yevgeniy_kurkin


Қиындықтар жайында


Аталмыш бизнестің әрбір кезеңінде тәуекелдер бар. Дұрыс ауданда пәтерді таңдаудан бастап, қойылған бағасына дейін. Көп адамдар қала бойынша ең арзан баға қою арқылы қателік жібереді. Бұндай пәтерлерге көңіл аударатын шығар, бірақ бұндай бизнес табыс әкелмейді.

Ұзақ мерзімге жасалатын келісімшарттардың барлығын нотариуста куәландырамыз – осылайша клиентпен жұмыс барысында тәуекелдердің болуын азайтамыз. Мен фирма арқылы жұмыс істемеймін, сеебі бұл да қосымша шығындарды қажет етеді. Пәтердің ішінде ең қажетті нәрселерді қойып тастадық. Бұның өзінде жиһаз және ас үй құралдары арзан көрінбеуі керек. Интерьер заттарын әйеліңізге тапсырғаныңыз жөн, себебі ол көбірек түсінеді. Жане қажетті заттарды ауыстырмай, қайтадан сатып алмау үшін, бұл жайында алдын-ала ойластырған жөн.