facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-k-l-k-satyp-alu-a-tehnika-a-sheteldeg-demalys-a-alaysha-a-sha-zhinau-a-bolatyny-turaly
logo
Қазақстандықтар көлік сатып алуға, техникаға, шетелдегі демалысқа қалайша ақша жинауға болатыны туралы

19.10.2018

Қазақстандықтар көлік сатып алуға, техникаға, шетелдегі демалысқа қалайша ақша жинауға болатыны туралы

Зифа Хабирова, 22 жаста, СҚО, журналист


Университеттің төртінші курсында баспалардың бірінде шығарушы редактор ретінде жұмыс істей бастадым. Өзімнің ең бірінші тапқан ақшамды жазғы аяқ киімнің ішінде сақтап отырдым.

53434.jpeg

Ақша жинап, оны ата-анамның қажеттіліктеріне жұмсағым келді. Анам әрқашан ақшаны ақылмен жұмсау керек деп айтатын. Мұны керек емес затқа ақша жұмсағым келген кезде есіме түсіремін. Ақша жинау үшін өзімді көптеген нәрселерден шектеп отырдым.

Бюджетімді жоспарлайтынмын. Бастапқыда пәтерді жалға алуға, тамаққа, жолыма, көңіл көтеруге қандай сома кететінін есептеп отырдым. Айдың соңында жалақымның төрттен бір бөлігі қалатындай етіп ақшаны бөліп отырдым. Үнемдеп, жоспарлаған ақшадан көбірек ақша қалатын жағдайлар болды. Достарым кезекті кешке шақырған кезде бас тартуға тура келетін.

Ең қомақты сатып алуларымның бірі Қытайдағы Санияға демалыс жолдамасы болды. Бұған барлық тапқан ақшамды жинайтынмын.

Алғашқы кезде бұл жолдаманы ата-анама алам деп ойладым, бірақ нәтижесінде анам екеуміз бардық. Өйткені әкем жұмыс бабымен іссапарға кетіп қалды, сол себепті теңізге анаммен бірге аттандым.

3212.jpeg

Жолдамаға бір жылдай ақша жинадым және осы ісімді жалғастырғым келеді — жылына бір-екі рет шетелде теңіз жағалауына барып, ойымды ретке келтіру.

Жалпы айтқанда, Қытайда демалу үшін өзімді жыл бойы шектеп отырдым.

Үнемдеудің бір жолы — ынта жоғалмайтындай, оған қол жеткізуді қалайтындай мақсат қою керек


Үнемдеудің бір жолы — ынта жоғалмайтындай, оған қол жеткізуге қалайтындай мақсат қою керек. Қазір келесі демалыс үшін ел таңдап жүрмін.

Көптеген қазақстандықтарға секілді маған да күнделікті мәселелерді шешу керек, тұрғын үйге, көлікке ақша жинау қажет. Оған қоса уқалау үрдістерін, шашқа күтім жасауды, косметиканы ұнатамын.



Қуат, 25 жаста, инженер


Он жасымнан бастап әжемнің дүкенінде жұмыс істей бастадым. Кейін басқа қалаға тауар сатып алу үшін бардым, ол үшін маған ақша төледі.

photo5332666386268399945.jpg

Ары қарай кез келген жолмен ақша таба бастадым: мектепте математикадан ақшаға есеп шығарып, университетте сызу жасайтынмын. Ресми түрде 18 жастан бастап жұмыс істедім: жоба менеджері, бармен, оқытушы.

Бала кезімдегі жинақтарды шоколад сатып алу үшін жинайтынмын. Ол үшін мектепте үш күн бойы дұрыс тамақ ішпей, нәтижесінде сникерс сатып алатынмын.

Бюджетті реттеуге математика көмектеседі


Бюджетті реттеуге математика көмектеседі. Айына қанша ақша табатыныңды біле тұра, пәтер жалақысы, коммуналды қызметтер секілді міндетті шығындарды есептеп, барлығын реттеуге болады. Осылайша күн сайын қанша ақша жұмсау қажет екенін есептеуге болады.

Киім ілетін жіпте жеті кір қысқышта 300 рубль ілініп тұратын. Күн сайын сол жерден ақша алып отыратынмын, ақша қалған жағдайда оны жинақ сандықшасына салып отырдым.

photo5332666386268399948.jpg

Осындай іс-әрекеттердің арқасында кәсіби сноубордқа ақша жинадым. Бұған бар-жоғы жарты жыл уақыт кетті. Көлікке ақша жинап болдым, ал тюнингке әлі де тұрақты түрде ақша жинаудамын, бұл үшін тіпті арнайы шот бар.

Қазір бұл жүйе түрін өзгерттім. Жинауды қажет ететін белгілі сома бар. Керек кезде сол ақшаны қолданамын, кейін орнын толтырамын. Бұл несие жүйесіне ұқсас, алайда сен өз-өзіңе банксін. Ең бастысы, жауапты болу және өзіңнен қарызға көп ақша алмау. Кері жағдайда, жылдар бойы "Роллтонмен" тамақтануың мүмкін.



Юлия Бойко, 38 жаста, туған жері — Қарағанды, менеджер


Энергетикалық компанияда он жылдан астам менеджер болып жұмыс істеймін. Анаммен бірге тұрамын, балаларым мен күйеуім жоқ. Сол себепті отбасыға айтарлықтай шығынданбаймын. Барлығы өзіме және үй заттарына кетеді.

photo5337281749534746898.jpg

Жаңа жұмыс істей бастағанымда автомат кір жуу машинасына ақша жинай бастадым. Ай сайын ең жаңасын сатып алу үшін ақша жинап отырдым.

Барлық ақшаны бір әмиянға жинап отырамын. Осылайша бір жылда немесе жарты жылда қомақты затқа ақша жинай аламын — Түркиядағы демалыс, ірі тұрмыстық теxника немесе тон.

Қызба сатып алулардың жоқтығы — ақша жинаудағы ең үлкен көмек


Барлық сатып алуларға жауапкершілікпен қараймын: киімге, техникаға, тұрмыстық заттарға. Қалап, бірден алатын жағдайлар болған емес. Барлық заттар үнемі қолданыста болады — киім жайдан-жай сөреде жатпайды. Бір зат тозып қалса, оны жаңартамын. Шапанды үш-бес жыл киіп немесе белгілі бір затты екі-үш маусым сайын алатын жағдайлар болады — бұл да үнемдеудің өзіндік жолы.

Қызба сатып алулардың жоқтығы — ақша жинаудағы ең үлкен көмек

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.