Азамат Дулатов, 33 жаста, қала — Алматы, кинооператор, суретші, @azamatdulatov_
Брендтермен жұмыс жайлы
Мен жарнаманы түсіріп жүргеніме көп болған жоқ. Бірақ маған BMW мен Hyundai-дың жаңа автокөліктері туралы жарнама ролигін түсіру мүмкіндігі туды. Бұл ең қызық, әрі ең қиын тәжірибе болды. Сондай-ақ Air Astana мен Sprite-пен де жұмыс істедім.
Adidas, Reebok және Nike туралы ролик түсіргім келеді. Олар мені жұмысқа шақырған, бірақ басқа жобалармен айналысып жатқандықтан оған уақытым тимеді. Қазір көбінесе толықметражды кино түсіремін.
Үлкен брендтерден тапсырыс алу үшін продюсерлерге барып, өз жұмысынды көрсетіп тұру керек. Ең бастысы — құлшыныс.
Көбінесе жарнама роликтеріне көп қаржы жұмсайды. Бұл тек қана шығармашылық тұрғыдан өсу ғана емес, жақсы табыс табудың да үлкен мүмкіндігі. Бірақ мен үшін ол басты қағида емес. Мен Қазақстанның киноиндустриясын көтергім келеді.
Түсірілім туралы
Роликтің идеясын табу, сценарий жазу — қызықты процесстер. Адамдарға ролик қызықты болу үшін түрлі техникалық әдістерді ойлап табасың.
Жарнамалық роликтерде тек қана идея емес, оны дұрыс жеткізе білу де маңызды. Барлығы бір-бірімен үйлесіп тұру керек. Тапсырыс берушілердің сұранысы әртүрлі.
Тренд жайлы
Ролик қаншалықты қысқа болса, соншалықты қызықты болады. Ол сауатты, әдемі, есте қаларлықтай болуы керек.
Қазір 15, 20, 30 секундты қысқа роликтер трендте. Бұл әлеуметтік желілердегі жарнама. Қысқа уақыт ішінде тауардың ең үздік екенін көрсету керек.
Нұрсұлтан Қалдыбеков, 25 жаста , қала — Алматы, режиссер, клипмейкер, @kaldybekov7
Брендтермен жұмыс жайлы
Мен Nikon компаниясымен жұмыс істедім. Олар мені 2018 жылы футболдан Әлем чемпионатына әлеуметтік желілерге арнап қысқа роликтерді түсіру үшін жіберді. Unilevers компаниясымен бірге AXE брендіне жарнамалық кампания түсірдік. Сондай-ақ режиссер Асқар Узабаевтың «91» жобасының түсірілім алаңында болдым. QurtCobain атты YouTube-жоба жасадым.
Мен Nike-ке арнап жарнама ролигін түсіргім келеді. Маған Вирджил Абло ұнайды. Онда табиғи көзқарас. Жақында ол Louis Vuitton командасына қосылды. Маған да fashion-индустриясы ұнайды.
Түсірілім жайлы
Барлығы идеядан басталады. Оны тыңғылықты ойлап шығу керек. Жүзеге асыру үшін басқа адамдармен бөлісу керек. Бұл тұрғыдан барлық референстер көмектеседі. Музыка да маңызды рөл атқарады. Жобаға жұмылдыру керек адам саны жобаның өзіне байланысты. Кейде бәрін жалғыз істеуге болады. Кей жобаларда стилист, суретші, операторлар да қажет.
Әрбір клиентке жеке қарау маңызды. Коммуникабелділік — негізгі қасиеттердің бірі. Көбінесе клиент өзі не қалайтынын түсінбейді. Мұндай сәттерде оған бірнеше нұсқаны ұсыну маңызды. Бір толқында болу үшін философия мен бренд позициялау ерекшеліктерін ескеру қажет. Тапсырыс берушілер техникалық тапсырмада барлығы басынан аяғына дейін, тіпті кадрда таймлапс қанша болуы керек деп жазады.
Тренд жайлы
Қазір трендте — динамикалық роликтер. Оларда бәрі нақты, жүйелі, бір сөзбен айтқанда — «фастфуд».