facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-bie-s-t-n-neg-z-ndeg-n-mderd-alay-nd-red
logo
Қазақстандықтар бие сүтінің негізіндегі өнімдерді қалай өндіреді
Таңғажайып Қазақстан

13.11.2017

Қазақстандықтар бие сүтінің негізіндегі өнімдерді қалай өндіреді

Төрегелді Шарманов, 87 жас, туған жері – Ұлытау, «Қазақ тағамтану академиясы ҚҰ» ЖШС президенті


480c3f997b2232a025ee9a14001cb200.jpg

Бие сүтінен біз йогурт, балмұздақ, шоколад және балалар тағамын өндіреміз. Біздің өнімдеріміз сиыр сүтінен жасалған тағамдардан ерекшеленеді. Біріншіден, өнімдердің құрамында қант мүлдем жоқ, бұл балалар мен үлкендердің ағзасында қант диабетінің пайда болуынан сақтайды. Екіншіден, бие сүті – өте нәзік, сондықтан оны қайнатуға және пастеризациялауға болмайды. Яғни, адам ағзасына пайдалы барлық қасиеттері сақталады. Мысалы, бие сүті С дәрумені, лизоцим, қаныққан май қышқылдарына өте бай.

Бие сүтінен жасалған тағамдар – әлемдік аренадағы жаңа өнім, бұрын бие сүтінен тек қымыз ғана жасалатын,енді біз арнайы «Ұлытау» зауытын ашып, құрамына қант пен майларды мүлдем қоспай, жаңа өнім өндіреміз. Біздің өнім – бие сүтінен арнайы кептіру технологиясының негізінде жасалған тендесі жоқ жалғыз әлемдік өнім. Бұл технология балаларға да,үлкендерге де арналған өнімдердің әр-түрлісін өндіруге мүмкіндік береді. Біздің өніміміз басқалардан дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді.


WhatsApp Image 2017-11-09 at 16.26.23.jpegh


Біз екінші жыл бойы өнімдерімізді көпшілікке таратамыз. Әсіресе шоколад пен балмұздақты ерекше ұнатады. Қазір өнімдердің топтамасын жетілдірудеміз, бұл төмен молекулалы негізде жасалған көп функционалды өнімдер, олар қосымша иммуноқорғаушылық сипаттамаға ие, себебі құрамына түрлі дәрумендер қосылады. Бие сүті төмен молекулалы өнімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл балалар мен ересектерге арналған қауіпсіз өнімдердің жаңа ірі тобы.




Азамат Нургожин, 42 жас, туған жері – Целиноград, Bambino сауда маркасының құрушысы


бамбиноо.jpg


Балмұздақты әр-түрлі өнімдерден жасайды: алма,шарап. Бастысы құрылғылар мүмкіндік берсе болды. Біз түрлі өнімдер мен дәмдерді қарап көрдік. Италияндықтар бізге келгенде, олар біздің жергілікті мәдениетімізді зерттей бастады. Мысалы, Италияндықтар лимон балмұздағын ұнатады екен. Ал Қазақстанда бұл дәм аса танымал емес. Сондықтан біз елімізде ерекше бірдене іздестіре бастадық. Қымыз біздің қонақтарымыз үшін жаңа,таныс емес өнім болды. Олар оның құрамындағы майларды, қантты зерттеуге, олардың көрсеткіштерін көрсететін арнайы зертханалық талдау жасауға, балмұздақты әзірлеу формуласын шығаруға ұсыныс жасады. Бірнеше тәжірибелер мен дегустациялар өткізілді, сонын нәтижесінде біз қымыздан балмұздақ әзірледік.

Бұл өндірісті бастағанда, бізге жоғары қызметтегі адамдар мен депутаттардан көп тапсырыс келді. Сонымен қатар, қымыз ішетін адамдар да балмұздақты жақсы бағалады. Осылайша, бие сүтінен жасалған балмұздақ - экзотикалық өнім болып шықты. Біз бояғыштар мен хош иістендіргіштермен мүлдем жұмыс істемейміз, сондықтан қымыз құрамында болған табиғи ақуыздар балмұздақтың құрамында да бар. Біздің мақсатымыз балмұздақпен адамдардың түрлі ауруларын емдеу емес, олардың әдеттен тыс ерекше өнімнің дәмін көргенде,көңіл күйінің жақсарғанын қалаймыз. Балмұздақтың дәмі тәтті, бірақ қымыздағыдай қышқыл дәмі де бар. Мен үйге қонақтарды шақырғанда, кешкі астан кейін десерт ретінде қымыз балмұздағын ұсынуды ұнатамын.


бамбино.jpg


Бұрын, бізде үлкен сұраныс болмағанда, құрылғыларды тоқтатып жүмыс істейтінбіз, ал қазіргі сұраныстың арқасында біздің құрылғылар үнемі жұмыс істеп тұрады. Қымыз балмұздағын қыс мерзімінде де өндіре аламыз, бірақ қыста жақсы қымызды табу өте қиын. Ал жазда қымыз көп болғандықтан ,құрылғыларды тоқтатпай жұмыс істетеміз. Кейбір ірі мерекелердің алдында қымыз балмұздағын үлкен мөлшерде дайындап қоямыз. Мысалы, кілегей және шоколад балмұздағын біз күн сайын өндіреміз, апельсин балмұздағын күн әрі ,ал қымыз балмұздағын аптасына бір рет өндіреміз. Қазір біз қымыз балмұздағын үйге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.




Калима Нургиза, 22 жас, туған қаласы – Павлодар, Koum Ice жобасының құрушысының бірі


кумайс (3).jpeg


2015 жылы мен Асхат атты серіктесіммен бірге Павлодар Ұлттық университетінде өткізілетін «Бизнес пен білім беру» байқауына қатысуға бел будық. Біз байқауда не ұсынатымыз жайлы көп ойланып, қымыздан жасалған балмұздақты ұсынамыз деп шештік. Дайындыққа шамамен екі аптадай уақыт кетті. Байқауда бірінші орынға ие болдық. Осыдан кейін біз өнімнің өндірісіне дайындалып, оны тестілей бастадық . 2016 жылы біз Raimbek компаниясының «Қазақстанды қалай тамақтандыруға болады» атты байқауына қатыстық. Таңдау турынан өтіп, Қазақстанның 27 университеті арасында қайтадан бірінші орынды иелендік. Бір миллион теңге жеңіп алдық. Сонымен қатар, Канадада өткен байқауға Қазақстанның атынан қатысып келдік. Байқауға дейін ісімізді ашып,сауданы жүргізе бастаған едік. Канададан кейін тығыз айналыса бастадық. Балмұздақ қымыздан жасалады, бізде барлық қажет құрал – жабдықтар бар. Қазір балмұздақтың үш түрін дайындаймыз: ванильді, шоколадты және құлпынай дәмді. Біз серіктесім екеуіміз жұмыс істейміз. Білімім бойынша мен мал шаруашылығы технологымын,сондықтан өндіріс технологиясының жақтарымен айналысамын ,ал менің серіктесім қызметтік жұмыстарға жауапты, шоттармен, келісім шарттармен айналысады.

Біздің балмұздақтың басты ерекшелігі оның қымыздан жасалуында. Қазір көп балалар қымыз ішпейді, ал біз жас ұрпаққа арналған пайдалы әрі, дәмді өнім жасағымыз келді. Балмұздақ толықтай табиғи, біз бояғыш заттарды, хош иістендіргіштерді, тағамдық қоспаларды және түрлі толықтандырғыштарды қолданбаймыз. Біз өндіретін балмұздақтар бір айға дейін сақталады. Әрине, қиыншылықсыз болмайды. Мысалы, қымыз жеткізумен түрлі қиыншылықтар болды, біз тұрақты жеткізушіні таба алмай жүрдік. Қымыздың сумен аралыстырылмай,жаңа әзірленген болғаны өте маңызды. Ал кейбір жеткізушілер өнімнің мөлшерін көбейту үшін қымызға су қосады. Бірақ, түбінде біз жақсы жеткізушіні таба алдық. Қазіргі кезде Баянауылдың қымызын пайдаланамыз.


кумайс (2).jpeg


Қымыздан жасалған балмұздақ көпшіліктің сұранысына ие. Күн сайын бізге ірі партиялармен үш-төрт тапсырыс келеді. Аптасына шамамен 50–60 тапсырыс болуы мүмкін. Қазір дүкендерде сатылатын балмұздақтардың көпшілігі табиғи емес, түрлі қоспалар қосылған және сақтау мерзімі үлкен, бұл адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Енді адамдардың табиғи балмұздақ сатып алуға мүмкіндігі бар – нәтижесінде бала да, ата-аналары да риза.

Болашақта әрі қарай дамуға, басқа аймақтарда өнімімізді кеңейту жоспарымызда бар. Қазір біз балмұздақтарды тек Павлодарда ғана сатамыз. Мақсатымыз Алматыға көшіп, ісімізді сол жерде дамыту.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар