Дамир Алпысбай, 29 жаста, туған жері — Астана, IT саласында жетекші бизнес-талдаушы
Мен Атырауға 2015 жылы көшіп келдім. Осында жұмыс істеп жүрген досымның компаниясында бір орын босаған еді. Бұл орын менің қызығушылығымды тудырды. Сұхбаттан сәтті өтіп, отбасымызбен осында көшіп келдік.
Бұл қалада достарым, отбасым, жақсы жұмысым болғандықтан, қандай да бір ыңғайсыздықты сезген жоқпын.
Атырау Астанадан қатты ерекшеленеді. Бірақ бұл қала маған ауа-райы жағынан өте қатты ұнады. Астанада суық, ал Атырауда бұл жағы ыңғайлырақ. Бұл қаланың экологиялық жағдайы нашар деген пікір бар, бірақ үш жылдың ішінде бұл мәселе маған кедергі келтірген емес.
Атырау — шағын қала. Бұл жерде жол кептелістері жоқ, кез-келген орынға 15 минут ішінде жетуге болады. Жалпы осында тұрған ұнайды, егер бір жаққа кетіп қалсақ, тезірек оралғым келеді.
Атырауда өмір сүру Астанаға қарағанда қымбаттырақ. Мысалы, біз көшіп келгенде пәтерді жалға алу, тамақ біз үшін өте қымбат болды. Мүмкін қазір айырмашылық ондай емес шығар.
Жергілікті тұрғындар да астаналықтардан өзгеше. Олардың менталитеті басқа, олар ойлап түрғанның барлығын бетке айта салады. Басында біз үшін бұл біртүрлі болатын, ал қазір ұнайды, тіпті өзіміз де сондай болып кеттік. Сонымен қатар, Атырау қазақи мәдениетке, салт-дәстүрлерге жақын, барлық адамдар тек қазақ тілінде сөйлейді.
Әрине, Атырауда саябақтар, әсіресе, балаларға арналған ойын-сауық жерлер жетіспейді.
Біз отбасымызбен Тайман даңғылында немесе айлақ жақта серуендейміз. Сондықтан Атырауда Baizaar сауда үйі ашылғанда қатты қуандық.
Мен көшкеніме мұлдем өкінбеймін. Менің жоспарым бойынша осы жерде 5 жыл жұмыс істеп, тұруым керек. Үш жыл өтіп кетті, бұл жерде бізге ыңғайлы. Бірақ бұл жерде өмір бойы қалғым келмейді, өйткені балалардың дамуына мүмкіндіктер жасалмаған.
Нариман Башихтенов, 43 жаста, туған жері — Алматы, HR-менеджер
Бұрын Атырауда вахта әдісімен жұмыс істегенмін. 28 күн осында жұмыс істедім, 28 күн демалыста Алматыда, үйімде демалатынмын. Бірақ, жақында шетелдік жақсы компания оларда HR-менеджер болуға ұсынысып білдірген болатын. Мен ұсынысыты қабыл алдым. Осы себептен бір ай бұрын Алматыдан Атырауға көшіп келдім.
Осында жұмыс істегендіктен бұл жерде барлығы маған таныс, ешқандай қиындықтар болған жоқ. Бқл қалада өмір сүру қымбат,пәтерді жалға алуды Алматымен салыстырғанда да қымбат. Бірақ компаниям пәтерімнің ақысын төлейтіндіктен, бұнымен де қиындықтар болған жоқ.
Атырау Алматыдан қатты ерекшеленеді. Біріншіден, мұндағы ауа-райы қатал, жел, жазда ыстық және комарлар, бірақ жергілікті ауа-райына да үйреніп кеттім. Алматыдағыдай көңіл көтеретін жерлер жоқ. Дегенмен демалысқа арналған бірнеше орын бар.
Әрине, Алматымен салыстырғанда бұл қаланың артықшылықтары көп емес. Бірақ қазір Алматыда жұмыс жоқ. Өйткені барлық үлкен компаниялар көшіп кетті. Ал мұнда табыс табуға үлкен мүмкіндіктер бар. Жақсы жалақым бар, сондықтан әзірше осында тұруды жоспарлап отырмын.