facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-alaysha-mmh-u-t-s-p-m-skeudeg-aza-stan-el-sh-l-g-nde-zh-mys-steu-turaly
logo
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЛАЙША ММХҚУ ТҮСІП, МӘСКЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІШІЛІГІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТУРАЛЫ

23.06.2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЛАЙША ММХҚУ ТҮСІП, МӘСКЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІШІЛІГІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТУРАЛЫ

Шахрибанум Осекбаева, 22 жаста, туған жері — Алматы, магистратураның 1 курс студенті, Жерлестер ұйымның кеңесі — ММХҚУ шетел студенттері бірлестігінің төрайымы


1.jpg


Түсу мен университет таңдауы туралы
Бес жыл бұрын мектеп бітіретін кезде Қазақстандағы барлық жоғары сынып оқушылары оқуларын жалғастыруға Англияға кеткілері келді. Мен де дәл солай ойладым, бірақ әкем Мәскеудегі білім жақсырақ деп айтты. Тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезімде Мәскеуге үлкен ағамның үйлену тойына келдім. Ағам мен оның қалыңдығы ММХҚУ енді бітірген еді. Мен достықтың, бірлік пен мүдделер қоғамының атмосферасына бөленіп, ғашық болдым, осы университетке түсетінімді білдім және міндетті түрде ХЭҚ факультетіне. Оған қоса менде нақты ғылымдарға деген ынтам бар, жетінші сыныптан бастап физико-математикалық сыныпта оқып, олимпиадаларға қатыстым.

ШІМ-нің квотасы, президенттік қабылдау арқылы оқуға түстім. Жыл сайын оған тек алты адамды алады. Байқау үлкен болды: шығарма жаздық, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әңгімелесуден өттік, Мәскеуге барып, орыс тілін шетел тіл ретінде тапсырдық.

Қазір ММХҚУ халықаралық экономикалық қатынастар бакалавриатын бітірдім және «халықаралық есеп, талдау және аудит» мамандығы бойынша магистратураның бірінші курсында оқимын.


Оқу үрдісі туралы

Бізде қызықты оқытушылар көп, көбісі мысалы Big Four компаниясынан шақырылған дәріс оқушылар және депутаттар. Кафедра меңгерушілері біздің университетте оқыған ғалымдарды, зерттеушілерді тартуға тырысады.

Университет апта сайын түрлі саладағы қызық нәрселерді үйрететін елшілерді, әртістерді, кәсіпкерлерді шақырып отырады. Студенттер өздері түрлі министрліктерге, Мемлекеттік Думаға барып тұрады.


Оқудан тыс қызмет туралы
2.JPG

Барлық студенттер белсенді, студенттік өміріміз дамыған, көптеген бірлестіктер көп.
Мәселен, мен құрамына 38-ден астам елдің студенттері мен олардың төрағалары кіретін «Жерлестер ұйымының кеңесін» басқарамын.

Белсенді студенттер жиі форумдар мен іс-шараларға барып тұрады. Жақында басқа студенттер қауымдастығының төрағаларымен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына бардық, оған қатыстық, бұл біз үшін жаңа әрі қызықты нәрсе болды, ММХҚУ әрдайым осындай мүмкіндіктер беріп отырады.

Біз елшілікпен тығыз байланыстамыз және Ресейдегі қазақ студенттерінің бірлестігінің құрамындамыз. ММХҚУ-де Қазақстан аптасын ұйымдастырдық: Қазақстаннан кітап, суреттер әкелдік, үлкен көрме және xалықаралық конференция ұйымдастырдық, елшімен кездесу жасап, «Анаға жол» фильмін көрсеттік.

3.JPG

Қазір Мәскеудегі ҚР елшілігінде жұмысымды бастап жатырмын. Онда түскі асқа дейін істеп, кейін оқуға барамын. Сонымен қатар, Останкинодағы МИТРО-да «телерадиожурналист» мамандығы бойынша курстарды аяқтадым.


ММХҚУ артықшылықтары туралы

Біздің университет әлем түлектерін жақындастырады. Мысалы, университет жыл сайын ММХҚУ түлектер форумын өткізеді. Бұған дейін форум Мәскеуде, Бакуда, Ереванда, ал өткен жылы Астанада өтті. Оған біздің университетті бітірген бүкіл әлемнің саясаткерлері қатысты
.
Жеке өзіме университет әртүрлі ұлт өкілдерімен, әртүрлі елдердегі адамдардан көптеген достар берді. Олардың арқасында түрлі xалықтардың салттары мен мәдениетімен таныстым, әлем туралы көбірек білдім, бұл өте қызықты.


Жоспарлар туралы

Мен университет қабырғасында және оның сыртында студенттік бірлестіктердің дамуымен айналысамын, Ресейдегі қазақстандық жастар үшін қызықты жобалар дайындаймын және осы істермен ары қарай айналысқанды қалар едім.

Сонымен қатар, РХШЖМҚА «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша екінші магистратураға түскім келеді.

Ануар Сатиев, туған жері — Астана, 4 курс студенті, ММХҚУ қазақ студенттері клубының төрағасы

4.JPG

Түсу мен университет таңдауы туралы
Дипломат мамандығы мені мектеп кезінен қызықтыратын. Әрқашан математика, география, құқық пәндерін ұнататынмын, әсіресе тариxқа жақын болатынмын, ал дипломаттар оның құрылуында тікелей рөл атқарады.

Тоғызыншы сыныпта жоғарғы оқу орны жайлы ойлана бастадым, ол кезде Мәскеу мемлекеттік xалықаралық қатынастар университеті туралы білдім. Аталған университеттің түлектері арасында ондаған тамаша дипломаттар, журналистер, саясаткерлер және кәсіпкерлер бар. ММХҚУ сайтында шетелдіктерді қабылдау тәртібін зерттеп, қазақстандықтар үшін белгілі бір бюджет орындары бар екенін білдім. Бұл квотаны алу үшін Астанада іріктеуді Сыртқы істер министрлігіне тапсыру керек болды, содан кейін Мәскеуде түсу емтихандарын тапсыру қажет болды. Осылайша 2014 жылы Ресей Федерациясының Сыртқы Істер Министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түстім.


Оқу үрдісі туралы

Қазір xалықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқимын. Өз факультетімде «Дипломатия және шет елдерінің саясаты» бағдарламасының «Шетелдік аймақтану» бағыты бойынша оқып жатырмын. Мұнда біз екі шет тілін үйренеміз және тілдік комбинацияға байланысты зерттелетін аймақ анықталады. Бірінші тілде ағылшын тілім бар, екіншісі - испан, сондықтан мен АҚШ бойынша болашақ маманмын.

5.JPG

Біздің университетімізде көптеген тілдік оқытушылар бар, сондай-ақ әрбір бесінші студент - шетелдік. Бұдан басқа, әр семестрде арнайы курсты таңдауға мүмкіндік бар. Бұл негізгі мамандықтан жиі ерекшеленетін қосымша пәндер. Мысалы, Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері бухгалтерлік есеп, математикалық талдау, Түркия тарихы немесе Францияның құқықтық жүйесінің ерекшеліктері бойынша өз білімдерін толықтыра алады.

Сондай-ақ, университетке үнемі дипломаттар, министрлер, жоғары деңгейлі саясаткерлер немесе білімі мен тәжірибесімен бөлісетін ірі компания өкілдері келеді.


ММХҚУ артықшылықтары туралы

ММХҚУ барлық шетел мен басқа қалалардан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұл өте маңызды, себебі Мәскеудегі тұрғын үй мәселесі қиын мәселелердің бірі болып келеді. Жатақханалар жақсы жабдықталған және Мәскеуде үздіктердің қатарында. Қазір дәл университет аумағында заманауи стандарттарға сай жаңа жатақхана құрастырылып жатыр.

Бізде керемет кітапхана бар, оқу залдары көп және спорт инфрақұрылымы жақсы дамыған: жоғарғы оқу орын аумағында жеке заманауи стадион бар, баскетбол және теннис стадиондары, бассейн және жаттықтығу клубы бар.

Степендия Ресейдің бүкіл жоғарғы оқу орнындағыдай тым үлкен емес, 2500 рубльден 8000 рубльге дейін, егер сізде әлеуметтік жәрдемақы болса. Оқуда немесе спортта керемет еңбегі үшін біздің университеттің беделді түлектерінен атаулы стипендия алуға болады. Мұндай степендиялардың көлемі 50000 рубль.

ММХҚУ ең үлкен артықшылығы — тағылымдаманың болуы.


Оқудан тыс қызмет туралы

Университеттің жарғысында үш ұйым тіркелген: Студенттер одағы, Ғылыми студенттік қоғам және Жерлестер ұйымының кеңесі.

6.JPG

Студенттік одақ — университеттің ірі студенттік ұйымы, оның мақсаты — университет қабырғасындағы студенттерді біріктіру. Олар түрлі іс-шаралар, сапарлар, спорттық іс-шаралар, старостаттар ұйымдастырады.

ММХҚУ Ғылыми студенттік қоғамына халықаралық қатынастардың аймақтық және тақырыптық мәселелерімен айналысатын 35 ғылыми клуб кіреді. Клубтың белсенді студенттері өздерін зерттеулік жұмысқа арнайды, мемлекеттік құрылымдарда немесе коммерциялық ұйымдарда тағылымдамадан өтеді, ғылыми-аналитикалық жұмыстар жазады.

ММХҚУ Жерлестер ұйымының кеңесі барлық ұлттық клубтарды біріктіреді. Мен ММХҚУ қазақстандық студенттер клубының президентімін. Бізде 130-дан астам студент оқып жатыр. Біз қазақстандық студенттер арасында ынтымақ пен бірлікті сақтауға тырысамыз, жиі университет ішінде немесе сыртында жиналып отырамыз. Қазақ фильмдерін көреміз, қазақстандық студенттер арасында «Не? Қайда? Қашан?» ойынын өткіземіз, Наурыз және Тәуелсіздік мерекелерін тойлап, университет ішіндегі іс-шараларға белсене қатысамыз. Олардың ішіндегі ең қызықтылары Ұлттар Концерті мен Халықаралық ас үй күні. Әрбір Жерлестер ұйымы өз ұлттық павильондарын көрсетеді, музыкалық және хореографиялық көріністер қояды, кәсіби әртістерді шақырады. Біздің павильонның қонақтарына әрқашан бесбармақ, палау, қазы және басқа да қазақстандық тағамдардан дәм татқызамыз.


Жоспарлар туралы


Жоспарыма магистратураға түсу кіреді. Университет бітірген кезде Қазақстанның ШІМ жұмысқа орналасуды жоспарлап жатырмын, біздің ұлттық қызығушылықтарымызды дамытып, қорғаймын. Менің ойымша, Мәскеуде алып жатқан білімдерім мен тәжірибелерім барлық қойған мақсаттарыма қол жеткізуге және күрделі, бірақ қызықты әрі маңызды дипломатиялық аренада көмектеседі.

Ойбек Хабибулаев, туған жері — Алматы, 4 курс студенті, ММХҚУ қазақ студенттері клубының вице-төрағасы

7.JPG


Түсу мен университет таңдауы туралы

ММХҚУ жайлы оқуға түспес бұрын білдім, мен үшін дәл осы университетте оқу әрқашан басымдылыққа ие болды. Университетке 2014 жылы халықаралық құқық факультетіне түстім. Бұл үшін түсу кезіндегі сынақтарды жақсы тапсыру қажет болды, ал менің қолымнан келді. Шын мәнінде, шетелдіктер үшін емтихандар қиын емес, тек қана орыс тілін білу деңгейін растап, ағылшын тілінен грамматика бойынша емтихан тапсыру керек.

Түсу оқу секілді қиын емес. Жиі жағдайларда студенттер оқу талабының күрделілігін көтере алмайды. Өкінішке қарай, көптеген студенттерді академиялық үлгерімге сай келмегендіктен оқудан шығарып жатады.


Оқу үрдісі туралы
Университеттегі оқу үрдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің сабақтар үш құрамдас бөліктен тұрады: дәріс, семинар, тілдік сабақтар. Дәрістер мен семинарлар барлық университетте болады, ал тілдік сабақтар біздің университеттің ерекшелігі. ММХҚУ оқытылатын тілдер саны бойынша рекордсмендердің қатарына жатады, олар бізде 54. Тілдерді шағын топта, 4-6 адамнан оқимыз, бұдан басқа экономика, тарих, және біздің аймақтың басқа да ерекшеліктерін меңгереміз — бұл лингво-елтану деп аталады.


ММХҚУ артықшылықтары туралы
8.JPG

ММХҚУ — бұл сапа белгісі. Шет тілдерді, басқа елдердің тарихын және олардағы қазіргі процестерді оқып үйрену студенттерге әлемді көп көлемде көруге мүмкіндік береді, ал басқа университеттердің студенттері тек профильді немесе көрінісін ғана көріп жатады.

Біздің университет қабырғасында ұлттық келіспеушіліктер артқы жақта қалып қоюымен бағалы. Әрбір студент MМХҚУ сияқты оқу орнында, дипломатиялық персоналдың негізгі құрамында жаңа прогрессивті идеялар пайда болатындығын және дамудың векторлары анықталатынын түсінеді. Мұнда кез келген формада студенттер арасындағы жеккөрушілікке орын жоқ. ММХҚУ — бұл үлкен тату отбасы. Студенттер арасындағы сирек кездесетін түсініспеушіліктерді ММХҚУ сай шешіледі, яғни дипломатиялық жолмен, ымыраға жету арқылы. Университеттің күші мен артықшылығы да осында.

Және, әрине, университет өмірінің маңызды құрамдас бөлігі — бұл достар, яғни университеттен кейін өмір бойы сенімен бірге баратын тобың.


Жоспарлар туралы

ММХҚУ магистратурасына оқуға түсуді жоспарлап отырмын, ал кейін оралып, болашағымды Қазақстанда құрастырамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы
IELTS-ті 7.0 және одан жоғары баллға қалай тапсыруға болады: Орталық Азия студенттерінің тәжірбиесі мен стратегиясы