University of Glasgow, Ұлыбритания
University of Glasgow 2018-2019 жылдары университетке түсетін шетелдік талапкерлер үшін 20 грант ұсынады. Шәкіртақыны университеттің төрт колледжінің біріне магистратураға немесе аспирантураға түскен студенттерге қол жетімді. Университет 10 000$ мөлшерінде грант ұсынады.
Үміткерлер алдында қойылған талаптар:
– Ұлыбританияда 2.1 дәрежесіне балама болатын дәрежеге ие болу
– University of Glasgow университетнің төрт колледжінің біріне магитсратура немесе аспирантура бағдарламаларына оқуға түсу
– Қазақстан азаматы болу
– ағылшын тілін білу.
Дедлайн: 16 маусым 2018 жыл
Толық ақпарат университет сайтында берілген.
Putra Business School , Малайзия
Putra Business School бизнес-мектебі магистратура (MSc, MBA) және аспирантура (PhD) студенттеріне шәкіртақылар ұсынады. Шәкіртақыға Малайзия студенттері де, шетел студенттері де ие болуы мүмкін. Putra Business School бизнес-мектебі – бүкіл әлемнен дарынды және қабілетті студенттерді тартуға көзделген Малайзияның ең үздік бизнес-мектептерінің бірі.
Үміткерлер алдында қойылған талаптар:
– GPA – 3.50-ге (толық шәкіртақы үшін) немесе GPA – 3.30-ға (жартылай шәкіртақы үшін) тең бакалавр дәрежесі
– ағылшын тілін білу қажет (TOEFL – 550, IELTS – 6.0).
– мінездемелік хат
– бетпе-бет тілдесуден өту
– зерттеу бағдарламасына түскен студенттеріне зерттеу жоспарын ұсыны қажет.
Дедлайн: 30 маусым 2018 жыл
Толық ақпарат университет сайтында берілген.
Newcastle University, Ұлыбритания
Newcastle University университеті университетте зерттеу жұмыстарын жүргізуге талап ететін үздік студенттеріне шәкіртақылар ұсынады. Шәкіртақыны 2018-2019 оқу жылында аспирантураның кез-келген зерттеу бағдарламаларына түскен студенттер алуы мүмкін.
Университет жылына 10 800 £-ден бастап 16200 £-ге дейін мөлшерінде 154 шәкіртақы ұсынады. Шәкіртақы аспирантура бағдарламасында бүкіл оқу барысының ұзақтығында төленеді.
Үміткерлер алдында қойылған талаптар:
– шәкіртақыны аспирантураның зерттеу бағдарламаларының (PhD research programme) біріне түскен талапкерлер алуы мүмкін
– студент өз оқуын төлеуге міндеттелген шетел студентінің мәртебесіне ие болуы керек
– студент оқуын 2018-2019 жылы бастауы керек
– егер студент әлдеқашан оқуын бастаса,оның шәкіртақыға талаптана алмайды
Дедлайн: 27 сәуір 2018 жыл
Толық ақпарат университет сайтында берілген.
Бейжің үкіметі бағдарламасының шәкіртақысы
Бейжің үкіметінің шәкіртақысын Бейжің өңірлік үкіметі ашты. Шәкіртақы мақсаты – Бейжіңде шетел студенттеріне арналған оқу және тұру үшін толық немесе жартылай төлеу. Шәкіртақыны Беіжіңде оқып жүрген шетел студенттері де, енді ғана оқуға түскен студенттер де талаптануы мүмкін.
Үміткерлер алдында қойылған талаптар:
– Қытай азаматы болмау
– жақсы медициналық көрсеткіштерге ие болу
– аспирантура студенттері магистр деңгейіне ие болып, жасы 40-тан аспауы керек
– магистратура студенттері бакалавр деңгейіне ие болып, жасы 35-тен аспауы керек
– бакалавриат студенттері бітірілген орта біліміне ие болып, жасы 30-дан аспауы керек
– general scholar program бағдарламасының студенттері бакалавриат дәрежесіе,немесе ,кем дегенде, бакалавриат дәрежесінде 2 жылдық оқуына ие болып, жасы 50-ден аспауы керек
– тіл курстарының студенттері бітірілген орта біліміне ие болып,жасы 60-тан аспауы керек
– ғалымдар магистр дәрежесіне ие болып, жасы 50-ден аспауы керек
– Бейжің жоғарғы оқу орындарының тілдік талаптарына сай болу керек
– Қытай үкіметінен еш бір шәкіртақысына ие болмауы керек.
Дедлайн: 28 ақпан 2018 жыл
Толық ақпарат ұйымдастырушылар сайтында берілген.
University of Calgary, Канада
University of Calgary университеті бакалавриатқа түсуге жоспарлайтын шетел студенттеріне бірнеше шәкіртақы ұсынады.
University pf Calgary International Entrance Scholarships – 15 000 $ мөлшерінде 2 шәкіртақы.
University pf Calgary International Entrance Awards – 10 000 $ мөлшерінде 30 шәкіртақы.
International Baccalaureate Diploma Entrance Scholarships – әр-бірі 3500 $-ға тең 20 шәкіртақы.
Үміткерлер алдында қойылған талаптар:
– шәкіртақыны University pf Calgary университетіне күздік семестрге түскен студенттер алуы мүмкін
– шәкіртақыны University pf Calgary университетіне бакалавриатқа түскен студенттер алуы мүмкін
– студенттер International Baccalaureate (IB) Diploma бакалавриатының халықаралық дипломына ие болып, нәтижесі 35-тен кем болмауы керек
– студент түсуге жоспарлаған жылдың 1 тамызына дейін International Baccalaureate (IB) Diploma бакалавриатының халықаралық дипломының бағалары берілген транскриптің ұсыну керек
– студенттер мектеп бітіргеннен кейін бірден түсуі және бакалавриат бағдарламасының бірінші жылына түсуі керек
– талапкерлер ағылшын тілінде үздік сөйлеуі керек.
Дедлайн: 15 желтоқсан 2017 жыл
Толық ақпарат университет сайтында берілген.