Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f07/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/vy75c3ghfap1w41d80b9i9eqaeccn0bp.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қазақстандық танымал 10 подкаст
1669

27.08.2024

Қазақстандық танымал 10 подкаст

«Подкаст: Саналы мазмұнның жаңа дәуірі» — қазіргі ақпараттық кеңістіктегі подкасттардың рөлі күннен күнге дамуда. Отандық танымал подкастар жиынтығы.

Narikbi.live

Подкастты IT саласының маманы Нәрікби Мақсұт жүргізеді. Подкаст — жастардың рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосуға арналған. Подкаста әртүрлі көзқарас пен құндылықтар талқаланады. Қазіргі таңда ненің маңызды екені айтылып, лайфхактармен бөліседі. Подкаст өз негізін 2 жылдан астам бұрын қалады. Жаңа идеялар мен уақытты пайдалы өткізуді қалайтын жастарға арналған таптырмас шығарылым.

Dope Soz

Өткенді де, өзекті оқиғаларды талқылайтын ерекше подкаст. Жомарт Аралбайұлы мен Арсен Түсіпбекұлы жүргізеді. Әртүрлі жаңа көзқарастар қозғалатын бұл подкастта тек белгілі бір бағыт қарастырылмаған. Қазақи стеротиптер мен қазіргі болмыс, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы эксперттермен көптеген пікірлер талқыланады. Подкаст екі тілде жүргізіледі. Сарынды болған бір бағыттағы идеяның алуан түрлілігін көрсетеді.


Kitapal

Подкастты Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов жүргізеді. Подкастта түрлі салада жұмыс істейтін көпке белгілі тұлғалармен кітап негізінде сұхбаттасады. Дамушы жастарға арналған пайдалы өнім. Онда жас кезіңізде жіберіп алмау керек істер мен мақсаттар айқын түрде талқыланады.

«Тамаша жыл» — The Big Year

Талшын Тоқыжанова жүргізетін бұл подкастта психология, позитивті ойлау мен қатар әртүрлі ақыл-кеңестер айтылады. Әр күнін позитивпен бастағысы келетін жандар үшін арналған. Көптеген саланың мамандарымен өткізілетін бұл подкастта 100 шығарылымнан астам бөлімдер қамтылған.

Тұмар подкаст

Қазақ тіліндегі аудиторияның дамуына үлес қосуды көздей отырып, үздіксіз даму тақырыбында ерекше әрі шабыттандыратын подкаст. Бұл подкаст тыңдаушыларды үздіксіз жетілуге ынталандырып, олардың жеке және кәсіби өмірінде жаңа белестерді бағындыруға бағытталған. Әрбір шығарылым тыңдаушыларды жаңа идеялармен, терең ойлармен және өміршең кеңестермен байытып, оларды үздіксіз даму жолына жетелейді.

FindYourB

Бұл әр тыңдарманның бойындағы жігерді жетілдіруге, өмірлік миссиясын табуға бағытталған қазақстандық қос тілде жүргізілетін ерекше подкаст. Идеяның негізін қалаушы Қайыржан Альбазаровтың айтуынша, бұл жоба өмірге деген көзқарасты қайта қарауға, маңызды сұрақтарға жауап іздеуге және сананы оятуға көмектеседі.

Oy-detox

Ақпараттық ағынның ішінде адасып кетпей, маңыздысын таңдап алып, ой мен сананы таза ұстай білуді көздейтін ерекше подкаст. Подкаст авторы Айнель Әмірханның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — ақпараттың көптігінен басы қатып жүрген тыңдармандарға бағыт-бағдар беру. Подкастта ағылшын тілінің қажеттілігі, дін, тәуелсіздік, кітап нарығы сияқты маңызды тақырыптар талқыланады.

Как учиться

Білім алу жолындағы ізденістерге арналған подкаст. Мұнда білімді игерудің тиімді әдістері, білім жүйесіндегі кемшіліктер және оқуға деген құштарлық сияқты тақырыптар кеңінен талқыланады. Қазақша шығарылымды Елдар Құдайбергенов жүргізеді. Подкасттың идеясы бойынша, білім алу — уақытпен қалыптасатын шеберлік.

Bugin podcast

Әр эпизодында тыңдарманға тұлғалық даму, баспана мәселесі, қаржылық сауаттылық, және қарым-қатынас тақырыптарын тереңінен қарастыратын подкастың әрбір шығарылымында тәжірибелі қонақтардың кеңестері мен пікірлері ұсынылады. Осы маңызды мәселелерді жан-жақты талқылап, өзекті шешімдер ұсыну үшін журналист Құндызай Өтеген жүргізетін подкаст, соңғы уақытта тыңдармандар арасында кеңінен танымал болып келеді.

Quraq


Сания мен Жансаяның шығармашылық жолында әртүрлі мәдени элементтерді біріктірумен жасалған қазақ мәдениетінің кішкентай әңгімелер жинағы. Бұл подкаст, түрлі тақырыптағы қызықты әңгімелер арқылы қазақ халқының мәдени мұрасын зерттейді. Олар ежелгі дәстүрлер мен заманауи трендтерді араластыра отырып, тыңдармандарға жаңа көзқарастар ұсынады. Подкастта дәстүрлі әңгімелер, заманауи мәдени құбылыстар және қазақ халқының ерекше тұлғалары туралы әңгімелер қамтылады.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу