facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/636/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/n4uockjly39o6ofl309hjt0p7ddamjbb.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-suretsh-ler-alay-s-ranys-a-ie-bolyp-r-kompaniyalarmen-zh-mys-zhasaudy-syrymen-b-l-st
logo
Қазақстандық суретшілер қалай сұранысқа ие болып, ірі компаниялармен жұмыс жасаудың сырымен бөлісті

15.12.2023

Қазақстандық суретшілер қалай сұранысқа ие болып, ірі компаниялармен жұмыс жасаудың сырымен бөлісті

Қазақстандық қылқалам шеберлері шығаршамышылықпен айналыса отырып, өз өнерін танымал брендтерге сатудың жолын айтып берді.


Асем Сүлейменова, 31 жаста, Алматы қаласы, суретші, @asem_art_kz

asem

Өзім туралы

Мен суретшімін. Орал қаласындағы көркемөнер мектебін бітірген соң, Астана қаласында орналасқан ҚазҰӨУ-де «Монументалды живопись» мамандығы бойынша білім алдым. Қазіргі таңда өзімнің шығармашылығымды Алматы қаласында жалғастырып келемін.

Шығармашылық туралы

Мен әр түрлі салаларда жұмыс жасап көрдім. Декоратор, менеджер, бригадир, кино саласында да қызмет еткен кезім болды. Кейін джинсадан тігілген күртешелерді бояп, әлеуметтік желілерде блог аштым. 2020 жылы, пандемия кезінде мен BI Group компаниясынан 120 картинаға арналған тендерді жеңіп алдым. Осылайша портфолио жасап, интерьерлік картиналарға тапсырыс қабылдай бастадым. Менің өз шеберханам пайда болды, сонымен қоса танымалдығым да артты.

asem

Биыл «Оставляя след» деген атаумен менің алғашқы жеке көрмем болды. Оны Astana Motors және Haval Almaty компанияларының қолдауымен ұйымдастырдық. Оларға алғысым шексіз. Осы көрменің бір картинасын мен Ұлыбританиядағы Golden Time Talent халықаралық онлайн-байқауына жібердім және 98,8 ұпаймен бірінші орынға ие болдым.

Қазақстандағы өнер туралы

Қазақстанда дарынды адамдар көп, бірақ олардың бәрі бірдей өзін көрсете алмайды. Өткен онжылдықтармен салыстырғанда, бүгінгі суретшілерде әлеуметтік желілер деген мықты құрал бар. Бір кемшілігі — онда адамдар сенің шеберлігіңді емес, жазылушылардың санымен бағалауы мүмкін. Бұл кері бағытта да жұмыс істейді — тапсырыс беруші жарнамасы жақсы Instagram аккаунқа жүгініп, іс жүзінде сапасыз өнім алуы ықтимал.

Ұсыныстар

Жаңа бастаған суретшілерге көрмелерге жиі барып, өнер тарихын зерттеп, түрлі байқауларға қатысып, өздерін танытудан қорықпауға кеңес беремін.


Александра Калачева, Алматы қаласы, суретші-монументалист, иллюстратор

alexandra

Өзім туралы

Сурет салу өнері менің қанымда бар. Менің атам мен әкем суретші болған: Дмитрий Романович Калачев пен Олег Дмитриевич Калачев. Мен монументалистпін, одан бөлек сабақ беремін, көрмелерге қатысамын, мерч жасаймын, қабырғаларға суреттер саламын, журналдар мен кітаптарды бейнелеймін. Менің шығармашылығым жан-жақты — түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасаймын.

Шығармашылық туралы

Мен университетке 2001 жылы түстім, студенттік көрмелер мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. «Зеркало» журналында және «Дайк-пресс» баспасында суретші-иллюстратор болып жұмыс істедім. Мен үшін маңызды көрмелердің бірі — «Три дневника». Ол 2009 жылы Бақыт Бүбіқанова мен Айжан Дүйсекенованың қатысуымен ұйымдастырылған болатын. Жалпы, мен 80-нен астам көрме мен жобаларға қатыстым. Дарья Қайрамбаева және Наталья Володевамен біз 2013-2014 жылдары Cherchez la femme және «Восток-Запад» халықаралық көрмесін ұйымдастырдық. 2015 жылы мен Яна Малиновская жетекшілік еткен «Мы Реки» көрмесіне қатыстым.

alexandra

2016 жылы мен ШХЖ-да оқуды бастадым, онда қазіргі заманғы өнермен таныстым. Түрлі жобаларға, соның ішінде «Кокон» инсталляциясы бар трамвай депосындағы көрмеге қатыстым. 2017 жылы Nomad puzzle кинетикалық инсталляциясымен Astana Art Fest-ке қатыстым. Әрбір жобада шынайы әлемнің, күнделікті өмірдің және қазақтың ұлттық элементтерін бейнелеймін.

Эксперименттердің осы кезеңінде мен перформер әрі активист рөлінде «100 футболка» және «Сағыз» сияқты арт-акциялар өткіздім. Бұл өнердің қорқынышты күшімен алғаш танысуым болатын. Содан кейін қабырғаларға сурет салу деген сүйікті ісіме оралдым. Менің жобаларымды Астана, Алматы және Бішкек қалаларынан көруге болады. Олардың ішінде «Көк үй» және «Ашық аспан астындағы мұражай» жобалары да бар.

Менің соңғы жобаларымның бірі — Driven by dreams. Бұл — Porsche және Esentai Gallery галереясымен бірлескен көрме. Мен 80 үміткер арасынан іріктеуден өтіп, екі айда 11 картина мен үш мүсін жасадым. Көрме екі айға созылды, енді біз жарты жылдық жобаны аяқтайтын аукционға дайындалып жатырмыз.

Қазақстандағы өнер туралы

Қазақстанда өнер қарқынды дамып келеді, біз алға үлкен қадам жасадық. Бізде дәстүрлі классикалық өнер болсын немесе заманауи бағыттар болсын, түрлі салаларда жұмыс істейтін дарынды және жан-жақты суретшілер көп.

Алайда, қазіргі заманда суретші болу оңай емес — көптеген қасиеттерді біріктіріп, іс жүзінде кәсіпкер болуың керек. Заманауи ақпараттық құралдар атап айтқанда әлеуметтік желілер мен арт-алаңдар өзін кез келген бағытта дамытуға және тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.

Ұсыныстар

Суретшілер табиғатынан кәсіпкер емес, жасампаз авторлар. Бұл қасиеттерді бірге үйлестіру көбісінің қолынан келе бермейді. Жұмыстарын тек қағаз бетіне түсірумен шектелетін өте талантты әріптестерімді көру өкінішті.

Қазіргі заманның басты желісі — ұлттық бірегейлік. Бұл жақсы, себебі біздің тамаша салт-дәатүріміз бен бірегей тарихи тәжірибеміз даму мен әлемдік ілгерілеуді қажет етеді. Қазіргі заманда ол үшін барлық мүмкіндік бар.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.