facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-studentter-europada-m-r-s-ru-zh-ne-niderlandyny-e-zd-k-universitetter-nde-o-u-turaly
logo
Қазақстандық студенттері Еуропада өмір сүру және Нидерландының ең үздік университеттерінде оқу туралы

13.03.2023

Қазақстандық студенттері Еуропада өмір сүру және Нидерландының ең үздік университеттерінде оқу туралы

Қазақстандық студенттер Еуропадағы өмірдің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ Нидерландының университеттерінде білім алу туралы айтты.


Анель Сайфуллина, 23 жаста, қаласы — Амстердам, Vrije Universiteit Amsterdam студенті, @anel.saifullina

Анель С

Оқу орнын таңдауы туралы

Мен жоғары мектепті және бакалаврды Италияда бітірдім. Магистрлік дәрежесін алу үшін Солтүстік Еуропа елдерінен: Нидерландыдан, Дания және Швециядан университет іздедім. Бұл елдерде университеттердің рейтингісі жақсы және өмір сүру сапасы да жоғары.

Нидерландының басты артықшылығы – ағылшын тіліндегі бағдарламалардың көптігі және бір жылдық магистр дәрежесі. Мұнда университеттердің барлығы дерлік жоғары рейтингіге ие. Оған қоса, кішкентай кезімнен Амстердамды жақсы көретінмін.

Оқуға түсуі туралы

Солтүстік Еуропа елдерінде оқуға қабылдау мерзімі ерте басталады. Сіз кем дегенде алты ай бұрын дайындалуыңыз керек. Ағылшын тілін C1 деңгейінің сертификаты болуы міндетті. Бірақ менің жағдайымда бакалаврды ағылшын тілінде бітіргенімді растайтын құжат болды, сондықтан бұл жеткілікті еді. Сондай-ақ жақсы мотивациялық хаттың болуы да маңызды. Кейбір университеттерде оқуға қабылдау тестін өткізеді, сондықтан өзіңізге ұнаған әрбір университеттің requirements-ін, яғни талаптарын мұқият оқып шығуға кеңес беремін. Алдын ала барлық дедлайндарын және тапсыратын құжаттарыңызды түгендеп жазып алыңыз.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Нидерландыдағы білім берудің басты ерекшелігі — оқу бар уақытыңызды алмайды. Дәріс аптасына екі-үш рет өтеді. Мұндай ыңғайлы кесте сізге басқа да нәрсемен айналысуға мүмкіндік береді. Сондықтан голландиялық студенттердің көбісі ерте жастан жұмыс жасай бастайды.

Дәрістерден басқа, біз оқып жатқан тақырыптарды белсенді түрде талқылайтын және ортақ жоба бойынша топпен жұмыс істейтін семинарлар бар. Қорытынды баға — әрқашан топтық жұмыстың жартысы және individual assignment жартысы. Өткен семестрде біз Uniqlo үшін стратегиялық кеңейту жоспарын жасадық. Біздің жобаларымызды тыңдауға компания басшылары келді. Өте қызық болды.

Ірі компаниялардың менеджерлері дәріс оқуға келгенде университет guest lectureұйымдастырады. Мұндай кездері студенттердің өздерін көрсетуге, олардың компаниясынан тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар.

Атмосферасы жайлы

Атмосферасы жайлы, бәрі бір-бірімен достық қарым-қатынаста, ашық әрі интернационалдылық. Менімен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастар оқиды. Амстердам — ​​Еуропадағы ең көп мәдениет түрлері тоғысқан қалалардың бірі. Бұл жақта өзіңізді шетелдік сияқты сезінбейсіз. Оған қоса, сұлулық қаласы. Мұндағы әрбір көше өзінше әдемі.

Университет не үйретті

Алты айдың ішінде мен топпен жұмыс істеуді және сыни тұрғыдан ойлауды үйрендім.


Камилла Жалмурзиева, 26 жаста, қаласы — Гаага, экологиялық қауіпсіздік инженері, @kamillajane

IMG_3688.jpeg

Оқуды таңдауы туралы

Мектепте оқып жүрген кезден бастап шетелге баруды армандадым. Назарбаев Университетінде бакалавр дәрежесін аяқтап, шетелге магистратураға оқуға түстім. Erasmus Mundus стипендиясымен магистратурада екі жыл оқыдым. Бұл бағдарлама Нидерландыда, Германияда, Испанияда және Словенияда оқуды қамтыды.

Мен университетті бағдарлама және мамандығыма қарай таңдадым. Мен су ғылымы және экология инженериясымен байланысты мамандықта оқығым келді. Осылайша, Нидерландыда оқуды таңдадым.

Оқуға түсуі туралы

Оқуға қабылдау процесі құжаттардың негізгі пакетін дайындауды қамтиды: түйіндеме, мотивациялық хат, ұсыныс хаттары, IELTS сертификаты, транскрипт және диплом.

Қабылдау кезінде барлық құжат маңызды, бірақ дұрыс құрастырылған мотивациялық және ұсыныс хаттар, сондай-ақ түйіндеме үлкен рөл атқарады. Болашақта сізге білім не беретінін, кәсіби мақсаттарыңыздың қандай екенін, неліктен осы оқуға лайықсыз және осы университеттегі оқу сізге қалай көмектесетінін дұрыс көрсету маңызды.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Нидерландыда мен Инфрақұрылымдық гидравлика және қоршаған ортаны қорғау инженериясы халықаралық институтында оқыдым. Бұл — ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі халықаралық су білім беру мекемесі. Біздің университет ғылыми зерттеулер жүргізеді және су мен қоршаған ортаға қатысты әлемдік проблемаларды шешу әлеуетін дамытуға қолдау көрсетеді.

Университет профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігіне және студенттердің дербестігіне мән береді және инновациялар мен ғылыми зерттеулерге бағытталған. Сабақтан үзіліс кезінде профессорлармен әртүрлі тақырыптарды жайбарақат талқылап, кофе ішуге болатыны ұнайды. Нидерландыда ой еркіндігі мен студенттің шығармашылық тәуелсіздігін жоғары бағалайды.

Атмосферасы жайлы

Нидерланды — интернационалды ел. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Көптеген университет бағдарламалары ағылшын тілінде.

Ресми тіл нидерланд тілі болғанымен, тұрғындардың көбі дерлік ағылшын тілінде сөйлейді.

Нидерланды үкіметі әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары білікті мамандарды тартады, сондықтан экспаттар үшін жақсы жағдай жасайды.

Елдің экологияға көңіл бөлетіндігі ұнайды. Табиғат жоғары бағаланады және ерекше қамқорлыққа алынған. Бұл қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және су ресурстарын дұрыс басқарудан көрінеді.

Университет не үйретті

Оқуымның арқасында мен ашық бола бастадым, өз ойымды айтуға қорықпаймын, мәселелерді әр қырынан талдап, ұсақ бөлшектерге дейін мән беріп, биік мақсаттар қоюды үйрендім.

Өзіме сенуді үйрендім, қазір білімім мен тәжірибем қоршаған ортаны жақсартуға және дамытуға оң үлес қоса алатынына сенімдімін.

Нидерландыда оқу — болашағыңызға тиімді инвестиция және әрбір студент үшін кәсіби және жеке тұлғалық даму үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын баға жетпес тәжірибе.


Аяжан Изим, 25 жаста, қаласы — Амстердам, Mechanical Design Engineer, @goedziela

Ayazhan Fontys.jpg


Оқу орнын таңдауы туралы


11-сыныпта мен Гавайиге FLEX бағдарламасымен алмасып оқуға бардым, сонда өзімді алғаш рет робототехникада сынап көрдім.
Мектеп командасына қосылдым және VEX және FRC жарыстарына қатыстым. Лос-Анджелестегі аймақтық жарыста болғанымызда Калифорниядағы NASA JPL зертханасына бардық. Инженерлердің біздің қоғамға қандай үлкен үлес қосып жатқанын сонда түсіндім. Осылайша мен инженер боламын деп шештім.

Мен Mechatronics Engineering мамандығын ағылшын тілінде оқуды жоспарлаған едім. Мен көбірек практикалық білім беретін бағдарламаны іздедім. Осылайша, барлық критерийіме сай келетін Fontys University of Applied Sciences университетін таптым.

Оқуға түсуі туралы

Оқуға түсу үшін ағылшын тілін білетінімді растайтын құжаттарды, сертификат, бағалар мен төлқұжат жіберуім керек болды. Ең бастысы — құжаттарды оқу басталғанға дейін, яғни алты ай бұрын жіберіп үлгеру.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Нидерландыда университеттер алуан түрлі. University of Applied Sciences тәжірибеге көп көңіл бөледі. Оқудың алғашқы екі жылында біз базалық білімді теория түрінде алдық, ал пәндердің көпшілігінде міндетті зертханалық бөлім болды. Сондай-ақ әр тоқсан сайын бізде техникалық топ жобалары болды, онда өнім әзірледік, өз қолымызбен роботтар құрастырдық. Үшінші курста бір семестр бойы компанияда міндетті тағылымдамадан өттік, ал екінші семестрде басқа алмасу университетінде тағылымдамадан өте аламыз. Төртінші курста алдымен мамандық алып, кейін дипломдық жұмыс жазған кәсіпорында тағылымдамадан өттік.

Маған университеттің бізді алғашқы күннен бастап еңбек нарығына дайындағаны ұнады. Бұл маған тек техникалық білім алып қана қоймай, көптеген тұлғалық қасиеттерімді дамытуға мүмкіндік берді.

Әр жерде өз кемшіліктері бар. Менің университетімде бұл тіл жағынан болды. Менің бағдарламам сол кезде жаңа болғандықтан, бізде нидерланд тілімен салыстырғанда ағылшын тілінде ақпарат аз болды.

Атмосферасы туралы

Университеттің атмосферасы жақсы. Түрлі елден келген студенттер көп. Біз әрқашан бір нәрсеге бірге жұмыс жасадық. Кампуста сіз әрқашан роботтарды немесе студенттер жасаған басқа құрылғыларды көре аласыз.

Біз Эйндховен қаласында оқыдық. Бұл — студенттер қалашығы, мұнда шетелдіктер көп мен тағылымдамадан өтуге болатын технологиялық компаниялар да жетерлік.

Университет не үйретті

Университет мені жұмысқа жақсы дайындады. Жоспарлау, құжаттау, командамен және клиенттермен қарым-қатынас жасау, олардың күшті және әлсіз жақтарын түсіну — осының барлығына үлкен көңіл бөлінді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Жақсы компанияда тәжірибеден қалай өтуге болады: Қазақстанның жас мамандарыннан ұсыныстар
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда ғылымды қалай дамытуда
Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда ғылымды қалай дамытуда
«Білім беру жүйесіне үлкен реформалар қажет», — Қазақстан мектептеріндегі сарапшы өзгерістер туралы
«Білім беру жүйесіне үлкен реформалар қажет», — Қазақстан мектептеріндегі сарапшы өзгерістер туралы
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия