Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ел болып «Формула студент» халықаралық жарысында топ жарды. Студенттер жарысқа арналған автокөлік құрастырып, оқуға грант жеңіп алды.
«Формула студент» халықаралық білім беру жобасын SAE 1998 жылы бастаған. Бұл — инженерлік және автоспорт салалары бойынша өткізілетін студенттік жоба. Студенттер жарысқа қатысу үшін өздерінің көліктерін құрастырады.
Дереккөз: inform.kz