facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c4c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bwvu1926paec21cein40f36mb8jskscd.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-studentter-lemn-zd-k-universitetter-nde-b-l-m-alu-turaly-brown-university-yale-university-politecnico-di-milano
logo
Қазақстандық студенттер әлемнің үздік университеттерінде білім алу туралы: Brown University, Yale University, Politecnico di Milano
Главный (каз)

21.08.2023

Қазақстандық студенттер әлемнің үздік университеттерінде білім алу туралы: Brown University, Yale University, Politecnico di Milano

YouTube-тің жаңа шығарылымында біз әлемдегі ең үздік университеттеріне саяхат жасадық. Анель Жүсіпәлі, Дана Мақсұт және Әли Сәлменбаев шетелдік үздік университеттерге оқуға түсу және ондағы оқу ерекшеліктерімен бөлісті.Қазақстандықтар әрқашан арманыңа ұмтылу керектігін дәлелдеді, ал шетелде білім алу — мақсатқа жетудің бір қадамы.


Анель Жүсіпәлі, 19 жаста, қаласы — Провиденсе, Brown University студенті, @anelita_z

Анель Ж


Оқуға түсуі туралы

Мектеп бітіргеннен кейін университетке оқуға түсу үшін Gap Year алдым. Бұл процесс ұзақ әрі қиын болды. Мен екі жыл қатарынан өтінім бердім, себебі бірінші рет өзім қалаған университетке түсе алмай қалдым.

Жалпы бір жылдың ішінде 40-қа жуық эссе жаздым. Сондай-ақ стандартталған SAT, IELTS сынақтарына дайындалдым, бірнеше рет тапсырдым. Сондықтан егер америкалық оқу орындарына түскіңіз келсе, бұл туралы алдын ала ойлануыңыз керек. Сонда өтініміңізді жақсартуға көбірек уақытыңыз болады.

Оқу жайлы

Бір жарым жыл бұрын мен Америка университеттеріне құжат тапсырған кезде Brown University арманымдағы университетім болды. Атап айтқанда, әртүрлі департаменттегі басқа курстардан өтуге мүмкіндік беретін Open Curriculum жүйесі үшін ұнайтын. Мысалы, өткен семестрде археология және әлеуметтану курсынан өттім, ал келесі семестрде тарих пәнінен өтуді жоспарлап отырмын. Brown University студенттің ой-өрісін кеңейту мақсатында жаңа пәндерді оқуды құптайды.

Оқуыммен қатар мен кампус орталығында кешкі менеджер болып жұмыс істеймін. Қабылдауда отырып, студенттердің сұрақтарына жауап беремін. Орташа алғанда, мен әрқайсысы үш сағаттан екі ауысыммен жұмыс істеймін: аптасына барлығы алты сағат. Жұмысымның бір артықшылығы: ауысым кезінде үй тапсырмасын орындай аламын.

Brown University-дің қызықты дәстүрі бар: соңғы емтихандардың бірінші күні студенттер Primal Scream ұйымдастырады. Түн ортасында олар күйзелістен құтылу үшін далаға шығып, айқайлайды.


Дана Мақсұт, 20 жаста, қаласы — Милан, Politecnico di Milano студенті, @dais_wise

IMG-20220607-WA0010.jpg


Оқуға түсуі туралы

Мен Politecnico di Milano университетінде Architectural Design мамандығы бойынша оқимын. Бұл университет еліміздегі техникалық саладағы ең үздік университет. Сәулет өнері бағдарламасы бойынша әлемдегі алғашқы үздік ондыққа кіреді. Тағы бір артықшылығы — бағдарлама үш жылға созылады.

Оқу жайлы

Politecnico di Milano-да профессорды тыңдап, бәрін жазып алатын қарапайым дәрістер өтеді, ал содан кейін емтихан тапсырамыз. Оларға бару міндетті емес. Сондай-ақ семестр бойы жобалау жұмыстарын жүргізетін «студиялар» да бар. Сосын жобаларымызды қорғап, бағасын аламыз.

Сабаққа мен күнделікті өзіммен бірге ноутбук пен скетчбуктерді аламын. Басқа да көптеген керек-жарақтар бар, бірақ мен оларды университетте, шкафтарда қалдырамын.

Мен үшін Миланда оқудың ерекшелігі — атақты сәулетшілер салған көптеген әдемі ғимараттардың болуы. Егер Politecnico di Milano университетінде оқымағанымда олардың бар екенін білмес те едім.


Әли Сәлменбаев, қаласы — Нью-Хейвен, Yale University түлегі, @ali_the_gorgeous

WhatsApp Image 2021-09-23 at 04.36.42.jpeg

Оқуға түсуі туралы

Ең біріншіден, сайтқа кіріп, сізді қызықтыратын бағдарламаны тауып, шарттарын көруіңіз керек. Мамандығым бойынша GRE және IELTS емтихандарын тапсыру керек болды. Мұнда ең төменгі GPA жоқ.

Оқу жайлы

Yale University-дің оқытушылары өте керемет. Олардың әрқайсысының өз бэкграунды бар. Бір қызығы, курстарымның біріндегі профессор — Джордж Уокер Буш пен Барака Обаманың тұсында қызмет еткен АҚШ Федералды резерв жүйесінің тоғызыншы төрағасы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.