facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-student-sheteld-k-universitetke-alay-o-u-a-t-suge-bolatyny-zh-ne-mamandy-ty-auystyruy-zhayynda
logo
Қазақстандық студент шетелдік университетке қалай оқуға түсуге болатыны және мамандықты ауыстыруы жайында

07.03.2023

Қазақстандық студент шетелдік университетке қалай оқуға түсуге болатыны және мамандықты ауыстыруы жайында

Бүгінгі материалымызда қызмет саласын өзгертуге бел буған және мүлдем басқа мамандық бойынша магистратураға түскен қазақстандық студенттің тәжірибесімен бөлісеміз.


Индира Валиева, 24 года, қаласы — Рим, блогер, @indira.valiyeva

Индира В

Оқуға түсуі туралы

Мен Италияның La Sapienza университетінде магистратурада білім алып жүрмін. Менің мамандығым: Economics and Communication for Management and Innovation. AlmaU-да «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым.

Мамандығын ауыстыру туралы

Төрт жылдық оқуымның кезінде мейрамхана бизнесінде жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Сондықтан оқу барысында мен әртүрлі тағылымдамадан өттім, маркетинг, SMM және коммуникация сияқты түрлі саланы көрдім. Магистратурада мамандық таңдаумен бетпе-бет келген кезде осы бағытқа ден қойдым. Нәтижесінде мен Римде қолайлы бағдарлама таптым.

Егер мамандығыңызды ауыстыруды жоспарлап жүрсеңіз, базалық біліміңізге сенімді болуыңыз керек. Мамандықты өзгерткен жағдайда, екінші бакалаврлыққа құжат тапсырған дұрыс. Бірақ мамандықтарыңыз бір-біріне ұқсаса болса, оқуға түсуге барлық мүмкіндігіңіз бар.

Төмендегі ұсыныстар көмектесуі мүмкін:

— бакалаврдағы транскриптіңізді қарап шығыңыз және таңдаған мамандығыңызға қатысты пәндерді таңдаңыз;

— мотивациялық хатқа бұл пәндер сізді қызықтырғанын және оларды оқуды жалғастырғыңыз келетінін жазыңыз;

— тәжірибенің болуы да оң әсер етеді.

Ақыл-кеңесі

Егер шетелде оқуды жоспарласаңыз, бұл процеске мүмкіндігінше жауаптылықпен қараңыз. Жинайтын құжаттың да көптігіне дайын болыңыз. Тек бір университетке немесе бір бағдарламаға сеніп отыра бермеңіз. Мүмкіндігінше көп университетке құжат тапсырыңыз. Оқуыңыздан барынша пайда алу үшін университет аккредитацияларына, алмасу бағдарламаларына, қос дипломдық бағдарламаларға назар аударыңыз.

Қаржылық тұрғыдан да дайын болыңыз: құжаттарды дайындауға және аударуға, апостиль қойып, билет сатып алуға, жүріп-тұруыңызға, т.б. шығындар. Оқуға арнап, арнайы капитал дайындауды қазірден бастауға кеңес беремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.