facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-sportshy-alaysha-a-sh-ta-k-s-bi-mansap-ru-men-olimpiada-oyyndary-turaly
logo
Қазақстандық спортшы қалайша АҚШ-та кәсіби мансап құру мен Олимпиада ойындары туралы
Главный (каз)

03.08.2018

Қазақстандық спортшы қалайша АҚШ-та кәсіби мансап құру мен Олимпиада ойындары туралы

Иван Дычко, 28 жаста, туған жері — Рудный, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері (2012, 2016), әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері (2011, 2013, 2015), Азия чемпионы (2013), Инчхондағы Азия ойындарының чемпионы (2014), әуесқойлар арасында Гуанчжоудағы Азия ойындарының финалисі (2010)



Барлығы қалай басталғаны туралы



FullSizeRender (3).jpg

Ең алғашқы жаттықтыруым өткен кезде жасым 15 болды. Есімде осыдан бір апта бұрын далада шылым шегіп, ары қарай не істейтінім жайлы ойланып отырдым. Тоғызыншы сыныпты бітіріп, алдымда оқу орны күтіп тұрған еді, ал үстімде жалғыз шалбарым мен жеңіл жейде болды. Оқу үшін қаржы қажет болды.

Ол кезде достарым Рудныйдағы жаттығу залына баруды бастаған. Олар кеткенде мен жалғыз қалып қоятынмын. Кейін мен де баруды шештім.

Арық және ұзын бойлы болатынмын. Мүмкін, сол себепті жаттықтырушылар мені бірден байқады. Олар ұзын бойлы жігіт ауыр салмақта өзін жақсы көрсетеді деп санады, тек бұлшық етті өсіру қажет болды. Және осымен айналыса бастадық. Ол жерге олимпиадалық жетістіктер үшін емес, спортшылармен араласу үшін бардым. Қолымнан келе бастады. Алғашқы жарыстарда бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырдым. Нәтижесінде Қостанай облысының құрамасына кірдім.

Жазда жаттықтырушым: «Оқуға қайда түсесің?» деп сұрады, ал мен ашқайда, жаттықтыру залының жеткілікті екенін айттым. Сол кезде менің дұрыс еместігімді айтып, Рудный колледжінің спорт факультетіне жіберді.

Жылдың соңында Республиканың құрамасына кіріп, қаңтар айында алғаш рет Индияға барып, 3 орынды иелендім. Осыдан кейін мансабым алға жылжыды.



Ең алғашқы мадақтама туралы



Неліктен екенін білмеймін, ойымда жеңілу туралы ой болған жоқ. Өзімді тек алға жүруге бағыттадым. Ең бірінші алтынды 2007 жылы Астанада Қазақстан Чемпионатында алдым. Дәл сол жерде спорт шеберіне қатысты нормативті орындадым.



Өмірдің қалай өзгергені туралы



FullSizeRender (5).jpg

Өзімді сенімдірек сезіне бастап, беделді әрі қызықты адамдармен араласа бастадым. Мәселен, 2016 жылы Виталий Кличкомен жаттығу үшін Австрияға ұштым.



Кәсіби мансап туралы



Мансабымда кәсіби кезеңге өтудемін. Кәсіпқой болғаныма бір жыл болды. АҚШ-та, Майами, Флорида штатында тұрамын. Бұл жерде менде жаттығу лагері бар, жекпе-жектер де өтеді. Қазіргі жаттықтырушымның есімі Рик, ол кәрі, бірақ тәжірибелі. Ең бастысы — оның келісімге келуі. Егер менде жаңа ой пайда болса, оны айтамын, ал ол өзгерістер енгізіп, ойымды қабылдайды.

Қазақстандық жаттықтырушылар көбінесе өз идеялары бойынша жұмыс жасайды. Өйткені олар он жастағы баламен жұмыс жасай бастайды және қанша жыл өткеніне қарамастан, жаттықтырушы үшін ол сол он жасар кішкентай бала болып қала береді. Олар бала есейіп, оның өз ойлары мен пікірі пайда болатынын түсінбейді.

Кәсіби, әуесқой, яғни олимпиадалық боксті ажырата білу керек. Кәсіби бокс ақша табуға негізделген, ал олимпиадалық бокс елдің туын асқақтатуға бағытталған. Әуесқой жүйеде елге, ал кәсіби жүйеде өзіңе жұмыс істейсің.



Жаттығулар, қателер және қарсыластар туралы



FullSizeRender (6).jpg

Қазақстанда қалжырататын жаттығуларым болды. АҚШ-тағы жаттықтырулар — рахат. Шаршайтыным түсінікті, бірақ өзіме қажет екенін түсінемін. Бұл ынталандырады.

Көптеген жекпе-жектерім есімде. Бірақ бәрінен гөрі жеңілген жекпе-жектерім есте қалады. Барлығын мұқият сараптаймын. 2012 жылы Олимпиадада жеңіліс таптым. Мұндай нәтиженің себебі сенімділіктің жетіспеушілігінде екенін мойындадым. 2016 жылы Олимпиадада жартылай финалда жеңілдім. Неліктен осылай болғаны жайлы менен сұраудың орнына, адамдар өсек тарата бастайды. Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін, бастысы себебін білемін және оны дұрыстауға тырысып жатырмын. Спортшылар күйзеліске түспейді, олар тек қатты алаңдайды.

Рингте достар болмайды. Тіпті бір залда жаттығып, салмақ категориясына байланысты менің қарсыластырым болатын жігіттермен біз дос емеспіз, дос болу қоламыздан келмейді де.



Болашақ спортшылар үшін



Жолдан бұрылмай, өз мақсаттарыңа жетіңіздер! Өмірде көптеген бұрылыстар, шұңқырлар болатынына өздеріңді дайындаңдар, бірақ мақсат бар және оған қан мен тер арқылы жету қажет. Болашақ боксшылар, естеріңізде болсын, табысты болу үшін интеллектуалды, мақсатқа бағытталған және позитивті болуларыңыз қажет.



Жоспарлар туралы



Қазір ринг пен жағдайға үйреніп жатырмын. Бүгінгі деңгейде өзімнен сәл әлсіз жігіттермен төбелесемін. Алайда екі жылдан кейін лайықты қарсыластар мен жақсы қаржы төленетін жаңа деңгейге шығуды жоспарлап отырмын. Біз күшті күресеміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Қазан айында өтетін іс-шаралар: Қазақстанда көптен күткен 20 ивент
Қазан айында өтетін іс-шаралар: Қазақстанда көптен күткен 20 ивент
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
Мәди Рымбаев шығармашылығы мен жақында жарыққа шығатын әні туралы
10 ең әдемі қазақ халық әндері
10 ең әдемі қазақ халық әндері