facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-otbasyny-kanadany-kalgari-alasynda-y-m-r
logo
Қазақстандық отбасының Канаданың Калгари қаласындағы өмірі

29.04.2019

Қазақстандық отбасының Канаданың Калгари қаласындағы өмірі

Камила Умралина, 34 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, сату жөніндегі менеджер


Өмірі жайында


2007 жылы менің болашақ күйеуімді жарты жылға Канадаға тағылымдамадан өтуге жіберді және оған сол жердегі өмірдің деңгейі, адамдардың менталитеті ұнады. Сол сапардан кейін оған Канадада тұру идеясы келді. 2010 жылы біз құжаттарды тапсырдық және үш жылдан астам уақыт визаны күттік. Біз мамандар бағдарламасы бойынша бардық. 2013 жылы Торонтоға келдік, тіркелдік, құжаттарымызды алдық та, қайтадан Қазақстанға кеттік – ережелері сондай еді. 2014 жылы Канадаға көшіп кеттік.

IMG-20170827-WA0023.jpg

2013 жылы Торонто қаласына келген кезде, көп эмоциялар мен бақытқа бөлендік. Мен қатты қуандым, себебі бұл үлкен қала және өмірі қызып тұрды. 2014 жылы біз Гранд-Прери деген кішкентай қалаға көшіп кеттік, сол жерде мұнайшылар жұмыс істейтін. Қала кішкентай және сұр болатын, бұл мен күткен Канада болған жоқ. Біз Гранд-Прериде бір жыл тұрдық. Қазірде Калгари қаласында тұрып жатырмыз.

Көзге түсетін нәрсе – мемлекеттің үлкен қолдауы. Біз салықтарымыздың қайда кетіп жатқанын көріп отырамыз: барлығы таза және жайлы, жолдардың да сапасы жақсы.

Канадада жеке бизнесті оңай ашуға болады, тек тіркеліп, лицензия алу қажет


Канадада жеке бизнесті оңай ашуға болады, тек тіркеліп, лицензия алу қажет. Саған дамып жетілуге мүмкіндік беріледі және көмек көрсетіледі. Өткен жылы біз пиццерия аштық. Жақсы салындысы бар пицца әзірледік. Жұма сайын қазақстандықтар үшін Special Friday ұйымдастыратынбыз. Бізде акция болды: егер пицца алсаң, шәй, бауырсақтар, чак-чак және басқа тағамдарды тегін ұсынатынбыз. Special Friday шарасы қазақстандықтардың өзара танысып, біріктіру мақсатын көздеді. Қызықты болды, біз Канадада көп отандастарымыздың тұрғанын білдік. Бір жылдан кейін, пиццерияны жаптық, бұл жақсы тәжірибе еді.

IMG-20170827-WA0038.jpg


Қала жайында


Калгари өмір сүру үшін әлемдегі ең жақсы қалалардың ондық тізіміне енеді. Бұл қалаларды медициналық қызмет көрсету, білім, өмір деңгейінің сапалары негізінде таңдалды.

IMG-20170827-WA0030.jpg

Калгариде әдемі саябақтар көп. Канаданың табиғаты ғажайып және алуан түрлі, керемет таулары бар. Калгариден екі сағаттық жерде ұлттық саябақ орналасқан. Бұл танымал жер, сол жерде тау шаңғы шипажайы және көп көлдері бар. Мен Калгариді жақсы көремін, себебі демалыс күндері әрқашан табиғатқа шығуға болады.

IMG-20170827-WA0029.jpg

Осында кітапханалар көп, бірақ бұл қарапайым кітапханалар емес, себебі олардың ішінде балаларды дамыту бөлмелері бар. Бұның барлығы қолжетімді, қаланың кез-келген ауданында филиалдары бар. Сол жерде психологтар өткізетін әртүрлі курстар өтеді.

Қалада Бәйтерекке ұқсас Calgary Tower бар. Сол жердің жоғарғы қабатында айнала қозғалатын және бүкіл Калгари көрінетін мейрамхана бар, сол себепті оған көп саяхатшылар барады.

Калгари өмір сүру үшін әлемдегі ең жақсы қалалардың ондық тізіміне енеді


Қаланың инфрақұрылымы жақсы дамыған. Автобустар жүреді, City Train деп аталатын метро бар, бірақ бұл жер үстіндегі метро. Автобустағы және метродағы бір сапар 3,25 доллар тұрады, бір айға лимитсіз билет алу арзанырақ шығады, оның құны – 100 доллар.

Халықтың басым бөлігі көлікпен жүреді. Көліксіз жүру қиын, себебі арақашықтар үлкен, ал ауысып отыру қиынға соғады. Есесіне кептелістер болмайды. Бүкіл Калгариде 100-110 км/сағ жүруді талап ететін тас жолдары бар.


Салықтар жайында


Біз түсім салығын төлейміз, оны федералды деп атайды, көлемі түсімнің деңгейіне байланысты. Егер отбасыдағы екі адамның табысы жылына 40 мыңнан кем болса – 20% төлейсіз. Егер көлемі көбірек болса, 25-28% төлейсіз. Демек қаншалықты көбірек табыс тапсаңыз, салық көлемі соншалықты көбейіп тұрады, тіпті 30% дейін жетуі мүмкін.

IMG-20170827-WA0032.jpg

Мемлекет балаларға 18 жасқа дейін жәрдемақы береді. 6 жасқа дейін бір балаға шамамен 5000 доллар береді, ал 6 жастан кейін төлемі қысқарады. Жұмыссыздық жәрдемақысы беріледі. Бұл айына 1500 долларды қамтиды.

Қиын кезеңде біз жұмысқа орналасуға, біліктілікті арттыруға көмектесетін Alberta Works ұйымына бардық. Бұл ұйым балаларымыздың балабақшасының құнын өтеп берді.


Медицина жайында


Канаданың медицинасы қымбат, әсіресе тіс дәрігерлерінің қызметі қымбатқа түседі, сол себепті сақтандыру керек. Бізде Alberta Health Card бар – бұл мемлекеттің тегін медициналық карталары. Мен family doctor-ға тегін бара аламын. Бұл карталар барлық дерлік анализдерді өтейді. Бірақ қосымша сақтандыру бар, ол жалақыдан алынатын пайыздарды құрайды. Ол тіс емдеуге, массажға, белгілі дәрі-дәрмектерге кетеді. Дәрігерге қаралу мен оталар да тегін өткізіледі және сақтандырумен өтеледі.

Жедел жәрдемді шақыруды өтеу үшін де сақтандыру қажет. Бірақ отбасының табысы аз болса, мемлекет сақтандыруды бүкіл отбасыға береді және ол тіс емдеуден бастап дәрі-дәрмектерге дейін барлық шығындарды өтейді.


Тұрғын үй жайында


IMG-20170827-WA0011.jpg

Downtown – қаланың орталығы, негізінен биік ғимараттар орналасқан. Отбасылар, негізінен, жер үйлерде тұруды жөн көреді. Балалары жоқ жұптар, зейнеткерлер немесе жастар пәтерлерде тұрады. Downtown-да бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны шамамен 1500 долларды қамтиды.

Біз үш жатын бөлмесі бар үйді жалдап тұрып жатырмыз, оның құны 1600 долларды + коммуналдық қызметтерді қамтиды.

Тұрғын үйді алу үшін, банк қызметкерлері кредиттік тарихты тексереді. Бұдан бөлек тұрақты табыс болуы және алты айдан артық жұмыс істеу керек. Көбісін бастапқы жарна шешеді. Минималды жарна – 5%, бірақ сомманың 35% болса, несиенің шарттары жақсырақ болады. Ипотеканың пайызы — 4%.

IMG-20170827-WA0013.jpg

Бұл тұрғыдан біздің менталитетіміз канадалықтардан ерекшеленеді. Біз несиені тезірек жауып тастауды қалаймыз. Ал канадалықтар үйді сатып алып, несиелерін зейнетке шыққанға дейін асықпай төлеп отыра алады. Олар барлығын несиеге алады – бұл қалыпты жағдай.

Ал канадалықтар үйді сатып алып, несиелерін зейнетке шыққанға дейін асықпай төлеп отыра алады


Калгари аудандарға бөлінеді. Біз қаланың оңтүстігінде орналасқан тыныш ауданда тұрамыз, оның құрылысы жақында аяқталды. Әрбір ауданда барлық адамдар үшін қолжетімді бассейндер, спортзалдар бар.


ТКШ және телефон байланысы жайында


Коммуналдық қызметтер үшін 300 доллар төлейміз. Интернеттің құны шамамен айына 100 долларды, ал телефон байланысы шамамен 85 долларды қамтиды.

IMG-20170827-WA0045.jpg


Тағам жайында


Тамақ жағынан Канада мен Америка ұқсас келеді. Орташа статистикалық мейрамханада немесе пабта кеңге таралған жасыл салат, картопты салат және стейкті, шұжықтарды, фри, картофель по-деревенскиді ұсынады. Пабтарда әртүрлі тұздықтары қосылған ауық қанаттарын жеп, сыра ішеді. Бірақ маған көбінесе жапондық және қытай тағамдары ұнайды.

Жақында Калгариде өзбек мейрамханасы ашылды, біз бұған өте қуандық.

Тамақ жағынан Канада мен Америка ұқсас келеді


McDonald`s-та түскі ас ішпесең, азық-түліктерді сатып алып, өздігінен тамақ әзірлеу арзанырақ болады.

Көп мейрамдар тегін өткізіледі. Мысалы, біздің ауданда тұрғындар үшін жабық саябақ бар. Жақында сол жерде Ice Cream Social мейрамы өткізілді, бұл шара барысында барлық тұрғындарға тегін балмұздақтар таратылды. Әртүрлі жемістер мен сеппелер ұсынылған үстелдер тұрды. Канада күнінде хот-догтарды, бургерлерді, сусындарды тегін таратады.


Дүкендер жайында


IMG-20170827-WA0018.jpg

Мен Winners-те жұмыс істеймін, бол төрт брендті қамтитын канадалық компания. Адамдар Winners-ті жақсы көреді, себебі колжетімді бағалар бойынша көп брендерді табуға болады. Канадалықтар жеңілдіктерді, әсіресе Black Friday күнін жақсы көреді. Олар көбінесе шопоголиктер болып табылады.

Калгариде барлық брендтер үлкен жеңілдіктермен ұсынылған аутлет молл бар. Барлық ескі топтамаларды сол жерге әкеледі. Адамдар аутлеттерде және секонхендтарда киінуге тырысады. Оларда бұндай дүкендерде кедей адамдар киінеді деген стереотип жоқ.


Білім беру жүйесі жайында


IMG-20170827-WA0026.jpg

Канаданың балабақшалары қымбат. Қарапайым балабақшаның құны айына 1000 долларды қамтиды.

Бала төрт жасқа толған кезде, ол pre-school-ға барады. Бала сол жерде күніне үш-төрт сағат уақытты өткізеді, олар әліппені, санауды, оқуды және тағы басқа нәрселерді үйренеді. Сабақтар ойын түрінде өтеді. Бес жаста нөлдік сыныпқа барады. Жетінші сыныпқа дейін үй тапсырмалары болмайды. Бастапқыда мен қарсы болдым, себебі біз Қазаұстанда барлығына күш жұмсап, оқуға үйренгенбіз. Бірақ мектепке бару үшін, ерте тұратын балалардың бақытты жүздерін көрген кезде, бұның дұрыс әдіс екенін түсіндім. Сыныптардағы балалардың саны 15-20 адамды қамтиды, сыныпқа екі мұғалім және екі көмекші беріледі. Әрбір балаға жеке көңіл бөледі. Балалар мектеп экскурсияларымен саябақтарға, мұражайларға, бассейндарға барады. Университетке түсу үшін, жоғары сыныптарда жақсы оқу керек.

Осында балалар 13-14 жастан бастап бала күтуші болып қосымша табыс таба бастайды


Осында балалар 13-14 жастан бастап бала күтуші болып қосымша табыс таба бастайды. Олар курстардан өтеді және жұмыс істей бастайды. Балалар өздігінен өмір сүруге дайын және тәуелсіз тұлға болып өседі.


Адамдар жайында


IMG-20170827-WA0014.jpg

Канаданың адамдары өте белсенді. Калгаридің жартысы таңғы сағат алтыда жүгіріп, велосипедпен жүреді. Теледидар алдында отырған канадалықты сирек кездестіресің.

Канаданың адамдары отбасыға жақын болатыны ұнайды. Ер адамдар қарым-қатынаста өздерін серіктес ретінде ұстайды: жұмыстан келгесін, әйеліне кешкі ас әзірлеуге көмектеседі, балалармен қыдырады. Канадағы үй шаруасындағы әйелдер тамақ әзірлеу бойынша алаңдамайды. Осында жартылай дайын өнімдер көр. Сол себепті канадалық аналар көп уақытты балаларымен өткізетіндіктен, моральдық тұрғыдан сау болып келеді деп ойлаймын.

IMG-20170827-WA0034.jpg

Канадалықтар ақшаларын, негізінен, саяхаттарға жинайды және бұл өте жақсы. Барлығы Мексикаға, Кубаға, Ямайкаға барады, себебі бұл жақын орналасқан және қолжетімді жерлер болып табылады. Канада бойынша фургондармен көп саяхататйды, себебі осы жердің табиғаты әдемі. Зейнеткерлердің өздері топпен жиналып, скандинавтық жүріспен жүреді.

Канадалықтар – өте отансүйгіш халық. Tim Hortons немесе Starbucks кофеханаларын алсақ, канадалық Tim Hortons-қа барады, себебі бұл канадалық бренд. Олар жергілікті өндірушілерді қолдайды. Канадалық супермаркеттерге баруға тырысады.

Канадалықтар – өте отансүйгіш халық


Канадағы адамдар барлық жағдайларда бірбеткей, барлығы бір-бірін құрметтейді. Жолдарда ережелерді сақтап жүреді, жұмыста нұсқаларды сақтайды. Барлығы заңға бағынады және оны бұзуға қорады.

Канадалықтар – ең шыдамды халық. Олар ешқайда асықпайды. Егер мен 40 км/сағ-пен жүрсем, артымдағы адам белгі бермейді және менен озып түзуге тырыспайды. Бастапқыда бұл менің ашуымды келтіретін, бірақ уақыт өте келе мен шадымдырақ бола бастадым, бұны канадалықтардан үйрендім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Шетелде автотрип: машинамен саяхат дайындау үшін не білу керек
Шетелде автотрип: машинамен саяхат дайындау үшін не білу керек
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары