Қазақстандық Зухра Ерназарова Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан 53-ші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға қос қазақстандық Зухра Ерназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені өзара сарапқа салды.
Дереккөз: inform.kz