Бүгінде Брюссельдегі «Modern Education & Research Institute» білім беру орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сөйтіп оқу орнының оқытушылары мен студенттері Бельгияда тағылымдамадан өтуді бастап та кеткен. Олар бағдарлама аясында еуропалық комиссия, еуропалық парламент пен инновациялық бизнес инкубаторды аралап, көздерімен көре алады.
Қуандық Құдайбергенов, «Тұран» колледжінің құрылтайшысы: - Еуропада сіз білесіз, Болон процесі бар, колледждердің арасында Турин процесі бар. Ал енді Қазақстан жаңа дамып келе жатқан мемлекеттердін бірі ғой. Қазақстанның білім орталары, білім мекемелері халықаралық білім кеңесіне қосылу керек. Сондықтан негізгі келген мақсатымыз сол.
Екатерина Царанок, «Modern Education & Research Institute» орталығының директоры: - Колледж студенттері еуропалық институттарда болып, Еуропалық одақтың тарихы, жұмысы және құндылықтарымен танысып қана қойған жоқ. Олар ең маңыздысы Одақ институттарынан ғылыми-іс тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Ал нәтижесі екі ел үшін де тиімді болмақ.
Дерек көзі: 24.kz