facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/280/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/28080ed37217c3303193ad714f14813d.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-boston-a-alay-onys-audar-any-amazon-da-y-mansaby-zh-ne-shetelde-zh-mys-zhasau-sh-n-anday-b-l-mn-azhet-eken-zhayly
logo
Қазақстандық Бостонға қалай қоныс аударғаны, Amazon-дағы мансабы және шетелде жұмыс жасау үшін қандай білімнің қажет екені жайлы

09.01.2023

Қазақстандық Бостонға қалай қоныс аударғаны, Amazon-дағы мансабы және шетелде жұмыс жасау үшін қандай білімнің қажет екені жайлы

Данияр Аубекеров білім алу үшін АҚШ-қа қалай қоныс аударғаны және қызмет баспалдағын Amazon-да бағдарламашы болып бастағаны туралы айтып берді.

Данияр Аубекеров, 25 жаста, Бостон қаласы, Amazon-да бағдарламашы, @danikhandro

Данияр Аубекеров


Қоныс аударуы туралы


Мен АҚШ-қа 2018 жылы қоныс аудардым. Үш жыл оқып, математика мамандығы бойынша бакалавр дипломын алдым, сондай-ақ мансап жолымды бастап кеттім. Алғашқыда стартапта жұмыс істедім, алайда көп уақыт өтпей, Amazon-ға ауыстым. Оқуымның соңғы жылында криптовалюталық хедж-қорда кванттық әзірлеуші ретінде тағылымдамадан өттім.

Жаңа ортаға бейімделуі және қиындықтар туралы


Егер заманауи технологияларға және дамыған инфрақұрылымға қол жеткізгіңіз келсе, жоғары жалақы алғыңыз келсе, онда АҚШ-қа жол тартыңыз. Алайда қажетті визаларды алудың қиын жолынан өтуге тура келеді, соған дайын болыңыз. Мысалы, АҚШ-та студент көршілес Канададағыдай жұмыс пен оқуды қатар алып жүре алмайды. Менің бір досым Red Hat-тан беделді тағылымдамаға шақырту алды, бірақ визасымен проблема болғандықтан, өте алмай қалды. Amazon, Google немесе Meta сияқты көптеген алпауыт компаниялар өз қызметкерлерін Ұлыбританияға жібергенді жөн көреді, өйткені ол жақта виза алу оңайырақ.

Бастапқы кезде өзімді қорғансыз сезіндім. АҚШ-та студенттік немесе жұмыс визасы бар адамдар үнемі күйзелісте жүрелі және елдегі көптеген «фичтерді» – ерекшеліктерді ала алмайды.

Алайда бірінші күннен бастап таңдаудың барына қуандым


Данияр Аубекеров

Алайда бірінші күннен бастап таңдаудың барына қуандым. Америкалықтардың көпшілігі ешқашан шетелде болған емес және оларды түсінуге болады: себебі елдің әр бұрышы әртүрлі. Егер жағажай демалысын қаласақ, Майамиге ұшамыз, шаңғы тебуге барғымыз келсе — Ютаға, мегаполистен тыс — Нью-Йоркке ұшамыз. Маған сондай-ақ азық-түліктің, тауарлар мен технологияның таңдауы көп болғаны ұнайды.

Оқудан немесе жұмыстан бөлек, өзіңізге ұнайтын істермен айналысуға, пікірлес адамдарды табуға кеңес беремін. Соңғы жылдарда триатлонмен айналысып, жүгіруді бастадым. Осы жазда Бостонда ортаазиялық жүгірушілер клубын құрдым. Тобымызда қазірдің өзінде Қазақстан мен Қырғызстаннан 40 адам бар. Демалыс күндері жүгіруге 15 адамға дейін жиналады. Жүгіреміз, жаттығамыз, одан бөлек, университетке оқуға қалай түскенімізді, тағылымдамадан өткенімізді және стартаптар құрғанымызды талқылап бірге жақсы уақыт өткіземіз. Осылайша мен салауатты өмір салтын насихаттаймын және клубқа жаңадан келгендердің Америкада тұруға қажетті әрі пайдалы нәрселерді білулеріне бас-көз боламын.

АҚШ-та жұмысты қалай іздеуге болады


Данияр Аубекеров

Мектеп кезімнен математикалық олимпиадаларға қатыстым, сондықтан оқу маған оңай болды. Көбінесе мен өз жобаларыммен жұмыс істеп, балаларға математика мен бағдарламалауды үйреттім. Соңғы оқу жылында мен криптовалюта қорында керемет тағылымдамадан өттім, онда мен саудаға арналған математикалық модельдерді әзірлеуге және енгізуге көмектестім. Мен әлі күнге дейін күнделікті сауда-саттықта алған дағдыларымды күнделікті трейдингте қолданамын. Ал содан кейін мен стартапта жұмыс істедім, одан соң Amazon-ға жұмысқа ауыстым. Ол жақта қазірге дейін бағдарламашы болып жұмыс істеймін.

Жұмысқа орналасу үшін ең алдымен

негізгі алгоритмдер мен деректер құрылымын білу маңызды

Жұмысқа орналасу үшін ең алдымен негізгі алгоритмдер мен деректер құрылымын білу маңызды. Онсыз үздік компанияларға жұмысқа тұра алмайсыз.

Барлық ықтимал бос орындар мен тағылымдамаларға өтініш беруге кеңес беремін. Бір сауалнаманы бірнеше сайтта толтыруға ерінбеңіз. Америкадағы ең ірі банктердің бірінен алғашқы ұсынысымды алмас бұрын мен 500-ден астам компанияға түйіндеме жібердім. Бұл — мен жүргізген аппликациялардың мәртебесі бар кесте бойынша бейнежазба. Осыдан кейін маған басқа да компаниялардан он шақты ұсыныс түсті. Бірақ ең алғашқы ұсынысты алу ең қиын екенін есте сақтағаныңыз жөн.

Қазіргі таңда мен жүгіру жаттығуларын, Amazon-да бағдарламашы болып жұмыс істеуді және өз жобаларыммен жұмыс істеуді қатар алып жүрмін. Сондай-ақ осы жылы мен Астана IT University-де қашықтан аға оқытушы болдым. Желтоқсан айында Алматыға ұшамын, ол жақта бір ай бойы қазақстандықтармен күнде серуендеп, жүгіруді жоспарлап отырмын. Оларға АҚШ-тағы өмір жайлы, Amazon-дағы жұмысым және Бостондағы оқуым туралы айтып бергім келеді.

Amazon-дағы жұмысы жайлы


Мен Amazon компаниясында бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушімін. Командамның көпшілігі Сиэтлде тұрады, алайда мен Бостонда қалып, қашықтан жұмыс істеп жатырмын. Біз CFO кеңсесі үшін әртүрлі қызметтерді, көрсеткіштерді және панельдерді әзірлеудеміз. Басқаша айтқанда, біз дұрыс адамдардың компания ішінде ақшаның қайда және қалай қозғалып жатқанын көрулеріне жауаптымыз.

Amazon — үздік көшбасшылық принциптерге ие команда

Amazon — үздік көшбасшылық принциптерге ие команда. Шешім қабылдар алдында көшбасшының барлық 16 қағидасын қарап шығуың керек. Мысалы, олардың бірі: «Өз ойың болсын. Келіспе және күмән тудыр». Егер командаңыз қате шешім қабылдауы мүмкін деп ойласаңыз, басшы ретінде аға инженерлермен айтысуға тура келсе де, бұл мәселені көтеруіңіз керек.

Қоныс аудару қалай әсер етті


Данияр Аубекеров

Мен Қазақстанда тұрғанда көбінесе ата-анама, туыстарыма, достарыма арқа сүйейтінмін.
Алайда АҚШ-қа қоныс аударған соң қатаң ережелері бар жаңа өмір бастадым. Бұл жақта жеткен жетістіктеріңіз тек өзіңіздің күш-жігеріңізге, табандылығыңызға байланысты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Мадияр Тойболды деген кім
Мадияр Тойболды деген кім