facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-ata-ty-dombyrashylar-duet-el-m-zd-lybritaniya-ba-zh-ne-a-sh-ta-alay-tanytyp-zh-rgen-turaly
logo
Қазақстандық атақты домбырашылар дуэті елімізді Ұлыбритания, БАӘ және АҚШ-та қалай танытып жүргені туралы
Главный (каз)

12.01.2023

Қазақстандық атақты домбырашылар дуэті елімізді Ұлыбритания, БАӘ және АҚШ-та қалай танытып жүргені туралы

Темірлан Олжабай дуэттерінің қалай құрылғаны жайында айтып берді, сондай-ақ болашаққа жоспарларымен бөлісті.


Темірлан Олжабай, 25 жаста, қаласы — Астана, домбырашы, @temirlan_yernat_official

Темирлан и Ернат.jpg

Барлығы қалай басталды


Темірлан.
Мен Павлодарданмын. Бала кезімде әжеммен бірге ән шырқайтынмын, тіпті бізге қонақ келгенде ақша да табатынмын. Үшінші сыныпта музыкалық мектеп-интернатқа, ал 2015 жылы ҚазҰӨУ-ге оқуға түстім.

Ернат Жезқазғаннан. Ол кәдімгі мектепте оқыды, дегенмен музыкалық мектепте де білім алды. Тоғызыншы сыныпты бітірген соң ҚазҰӨУ колледжіне түсіп, Астанаға қоныс аударды.

Біз университетте таныстық. Сол жақтан бірлесіп сапарларға шыға бастадық, Еуропаға гастрольдермен бардық. Ректор Айман Мұсаходжаевамен бірге өнер көрсеттік.

Ернат и Темирлан.jpg

Дуэт 2017 жылы құрылды. Ол кезде Димаш Құдайберген Қытайда өткен I Am A Singer байқауына қатысып, жетінші турда оны қолдауға бардық. Димаш Daididau әнін орындады, ал біз оны сүйемелдедік. Міне, сол сапардан соң домбырашылар дуэтін құру идеясы келді.

Сол жылы Димаш Құдайбергеннің Астанадағы «Астана Аренада» залында үлкен концерті болды. Дуэтіміздің дебюті сонда өтті, біз өзімізді ресми түрде жарияладық.

Шығармашылығы жайлы


Шығармашылық — біздің негізгі қызметіміз.
Домбыра тартып жүргенімізге 19 жылдай болды.

Біз әрқашан музыканттардың аға буынына қарап бой түзейтінбіз. Бізге Асылбек Еңсепов пен «Ұлытау» тобының шығармашылығы ұнайды.

Алғашқы ұстаздарымыз — Майра Сыздыққызы мен Бибігүл Төлегенқызы. Біз дуэт құрған кезде ұстаздарымыз телефон арқылы тілдескен болатын. Мына қызықты қараңыздар, олар Алматыдағы консерваторияда оқып, жатақхананың бір бөлмесінде тұрған болып шықты.

Біз тәжірибе жасаймыз, заманауи стильде жазамыз


Байқауға көп қатыса қойған жоқпыз.
Дегенмен 2018 жылы біз АҚШ-қа World Championships-ке бардық, бұл біздің алғашқы үлкен жарысымыз еді. Іс-шараның продюсері Арнольд Шварцнеггер болды. Онда біз алтын медаль алдық.

2021 жылы екі ірі байқауға қатыстық: Лондондағы Golden Time Talent в және Испаниядағы Music Box International.

Байқаулар біз үшін пайдалы, олар кәсіби өсуге, басқа музыканттармен, әртүрлі елдердің кәсіпқойларымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл — тамаша тәжірибе.

Темирлан и Ернат .jpg

Маған музыканың шеті мен шегі, шекарасы жоқ екендігі ұнайды. Біз тәжірибе жасаймыз, заманауи стильде жазамыз. Біз домбыраның үлкен әрі заманауи аудиториясы болғанын қалаймыз және сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Біздің композициялар Air Astana борттарында және Астана автовокзалдарында ойнап тұрады. Көрермендер Қазақстанда ғана емес, әлемде де артып келеді. Шетелде домбыраға деген қызығушылықтың зор екенін байқаймыз. Бізді шетелде өтетін түрлі шаралар мен концерттерге шақырып тұрады. 2021 жылы біз Дубайда, Белградта және Варшавада өнер көрсеттік.

Шабыт жайлы


Орындап жүрген туындыларымыздың көпшілігін өзіміз шығардық.
Өмірде орын алатын сәттерден, оқиғалардан шабыт аламыз.

Темирлан и Ернат - домбристы.jpg

Қиындықтар да болып тұрады, онсыз бола ма?! Көптеген адамдар әртістер үшін бәрі оңай және жылдам деп ойлайды. Шындығында, бұл оңай жол емес. Алайда музыка және шығармашылыққа «ашыққан» кезде, тамаша музыка жасалады.

Ең алдымен біз өзімізге ұнайтын туындылар жазамыз, содан кейін оны тыңдаушыларға ұсынамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.