Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандық ата-аналар Канада, Рессей және Ұлыбританиядағы оқу бағдарамасы туралы
6130

28.11.2017

Қазақстандық ата-аналар Канада, Рессей және Ұлыбританиядағы оқу бағдарамасы туралы

Камила Умралина, 34 жас , туған жері - Ақтөбе қаласы, сату жөніндегі менеджер

Тұратын елі: Калгари, Канада



Мектеп жүйесі қалай жұмыс істейді



1ш.jpg


Канада оқу жүйесі бойынша жетекші елдердің бірі болып саналады және білім беруге кететін шығындар бойынша бірінші орын алады. Канада мектептерінде білім үш сатыға бөлінеді: бастауыш, орта және жоғарғы мектеп.

Альберта, біз тұратын облыста, 700-ден астам мектеп бар. Әрбір ата-ана мектеп рейтингісін интернетте тексере алады. Ата-аналардың бірнеше таңдауы бар: еркін мектептер - мемлекеттік мектеп, жекеменшік мектептер, католиктік мектептер, TLC — Traditional Learning School - «ескі мектеп» мектептері, француз тілін үйретуге бағытталған екі тілдік мектептер және Альбертадағы үздік 10 мектеп арасында бірінші орында тұрған ислам мектебі бар. Ата-аналар мүдделеріне, дініне, табысына қарай өз балаларына мектепті таңдай алады.

Нөлінші сыныпта — kindergarten — сабақтар 8:15-тен 11: 10-ға дейін жалғасады. Қалған балалар бір ауысымда — 08: 00-ден 15: 00-ге дейін оқиды.

Барлық мектептерде жақсы материалдық база бар: барлық сыныптар интерактивті тақталар, компьютерлер, гаджеттер, кітапханалар, жабдықталған спорт залдармен қамтамасыз етілген.

Ата-аналар барлық жаңалықтар мен жыл бойына арналаған сабақ кестесін мектеп сайтында қарай алады.


2ш.jpg


Менің балаларым мемлекеттік мектепке барады. Бұрын біз мектептке белгілі бір ақша төлейтінбіз. Оған мектеп қаламсаптар мен ноутбуктер сатып алатын. Биылғы жылы ақша төлемейміз, ата-аналар барлық қажет заттарды өздері сатып алды. Кітаптар мектеппен тегін берілді.



Үй жұмысы



Мемлекеттік мектепте балаларға күнделікті кітаптан бірнеше бет оқуға береді, яғни бала күнделікті кітапханадан кітап алады. Күн сайын кем дегенде 20 минут кітап оқиды. Қосымша жобалар жасайды.Бірақ, аса үлкен жүктеме жоқ.



Мектеп формасы



Мемлекеттік мектептерде оқитын балаларда арнайы форма жоқ. Дәстүрлі жүйе бойынша оқытылатын жекеменшік мектептерде мектеп формасы бар: көйлек, шалбар, белдемше және кофта.



Тамақтану



3ш.jpg

Мектептерде балаларды тамақтандырмайды. Әрбір ата-ана баласына өзі тамақ салып береді. Бас кезінде мен бұған қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте бұның дұрыс екенін түсіндім. Әр түрлі жаңғақтар мен сүт өнімдеріне аллергиясы бар балалар көп, сондықтан мектептерде жаңғақ және жұмыртқасы бар өнімдерге тыйым салынған. Балалардың арнайы lunch bag сөмкелері бар. Оған біз көбінесе көкөністер, жемістер мен печенье саламыз. Ал, түскі асқа арнайы термосқа ыстық тамақ саламын. Мектептегі балаларға өз тағамдарымен бөлісуге рұқсат берілмейді. Мектепте балаларға дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін айтатын арнайы кіріспе сабақ бар.



Балаларды мектепке апару



Барлық мектептерде автобустар бар. Жылына шамамен 250-300 доллар тұрады. Балалар белгілі бір жерге жиналып тұрады, одан кейін автобус келіп алып кетеді.



Ерекшеліктері



4ш.jpg

Мен таңертеңгі мектеп кестесін ұнатамын,балалар жиналыпбүгін не істейтінін талқылап жылынады, содан кейін әнұрантыңдайды. Сағат 10-да олар тамақтануға үзіліс жасайды, күн сайын сыртқа ойнауға шығады. Жұма күндері мектепте балалардың қызығушылықтарына байланысты клуб бар. Олар өздеріне ұнайтын кез-келген клубты лего клубын, пазлдар, баскетбол, би, шахмат, сурет салу, саябақта серуендеуді таңдай алады. Кейбе бір күні барлығы қызғылт сары киім келеді немесе спорттық киім киіп, спорттық ойындар ойнайды. Жақында барлығы пижамада келген күн болды.

Бала мектепке қабылданбай тұрып, көптеген сауалнамалар толтырылады. Қандай тағам жеуге рұқсат етілмейді, қандай мерекелер сіздің отбасыңыз үшін маңызды дегендей сұрақтар қойылады. Тіпт олардың «әрбір бала маңызды» деген ұраны бар.

Мұнда тұрып, қазақ мұғалімдерін құрметтей бастадым. Канадада әрбір мұғалімнің оған әртүрлі көмек көрсететін көмекшісі бар. Мұғалімдердің жеке тұрағы бар. Маған ата-аналардың кездесуі ұнайды. Мұғаліммен сұхбат түрінде өтеді. Белгіленген уақытта әрбір ата-анамен жеке қткізеді.

Канадада волонтерлік қызмет жақсы дамыған. Көп ата-аналар мектепке көмектеседі, балалр жолды өткенде, далада серуендегенде бақылап тұрады. Мен өзім былтыр волонтер болдым. Әр сәрсенбі келіп мұғалімнің көмекшісі болғанмын.


Евгения Ария, 37 жас, туған жері - Алматы, психолог

Тұратын елі: Мәскеу, Ресей


Мектеп жүйесі қалай жұмыс істейді



5ш.jpg


Менің ойымша, ғылыми тұрғыдан Ресейдегі білім жақсы дамыған. Кеңес үкіметінде болған барлық жақсы оқу орындар Рессейде қалды. Қазақстанда, өкінішке орай, сол кездегі білім жүйесі жоғалып кетті, өйткені олар жаңа бағдарламаларды құра бастады, ал ол бағдарламалардың сіңісіп кетуіне үлкен уақыт қажет. Бұл біздің балаларымыздың кезінде болғаны өкінішті, ешкім баласына эксперимент жасалғанын қаламайды.

Менің ұлым бірінші сыныпқа Алматыдағы жеке мектепке барды, бірақ біздің бірінші мұғалімімізбен жолымыз болмады. Бірінші сыныптан кейін ол Түркиядағы әкесіне барып, жеке түрік мектебіне оқыды. Ол жерде оған ұнады.

Түрік мектептерініңе қоңыраулары үлкен, балалар арасындағы қарым-қатынас үшін көбірек уақыт бөлінген, олар қозғала алады. Түркияда білім беру жүйесі бір жағынан қолайсыз, екінші жағынан, жыл сайын өзгерістер енгізуге тырысады. Ол бірнеше жыл сонда оқыды, содан кейін маған оралып, ресейлік бағдарламамен қашықтықтан оқыды. Бұл оған қиындау көрінді, өйткені ол қарым-қатынасты жақсы көреді.

Қашықтықтан білім алғаннан кейін ол тағы да түрік мектебіне оралды. Қазір біз Ресейге көшіп келдік, ол қашықтан білім алуда. Енді ол қашықтықтан оқыту формасын басқаша қабылдайды, өйткені қысқа уақыт ішінде ақпараттың үлкен ағымын қабылдау жеңіл, ал қалыпты сыныпта бұл жұмыс істемейді. Қашықтықтан оқып үйрену, ата-аналар баланың қаншалықты үйренгенін көре алады, сонымен қатар сынақтар өткізілетінін тексереді.

Қашықтықтан білім беру арқылы бала кез-келген жерде болуы мүмкін. Ол үй тапсырмалары мен емтихандарды қашықтықтан, интернет арқылы тапсырады. Менің балам оқуға күніне 2 сағат жұмсайды. Қашықтық оқу кезінде бала тоқсан сайын барып қана емтихан тапсырады.

Қашықтықтан білім беруде негізгі мектеп пәндері оқытылады және ЕГЭ-ға дайындық жүргізіледі.

Бұл стандартты бағдарлама. Менің ұлым бос уақытында парктормен айналысады. Бұл оның хоббиі мен қызығушылығы. Бұны да ол онлайн режимде оқиды, кейін спортзалда жаттығады.

Қашықтықтан білім берудің артықшылығы - балаңыз өз күнін қалағандай жоспарлауы мүмкін және ол спортпен қанша шұғылдаңғысы келсе сонша шұғылданады.

Төрт жасынан бастап ұлым қосымша даму орталығына барды, онда оқуды Зайцевтің әдісі бойынша үйретті. Мен онымен ешқашан үйде дайындалған емеспін, әрдайым оған ақпаратты өзіне ұнағандай қабылдауға мүмкіндік бердім.

Бастысы менің ұлым қозғалыста болғанды жақсы көреді. Егер белсенді және мықты бала тоқтатылса, онда оның интеллектуалдық мүмкіндіктері жойылады. Алматыда осындай жүйеде істейтін мектеп бар, олар Монтессоридің педагогикасы бойынша оқытады. Онда олар тұрып, жүре алады. Айтпақшы, Монтессоридің Қазақстандағы педагогикасы әлі толықтай дамымаған, себебі Қазақстанда невропсихологияда әлі күнге дейін пайдаланылмаған жаңалықтар бар және Мәскеуде бұл әлдеқайда жеңіл.

Менің ойымша, бірінші орында баланың физикалық дамуы, содан кейін ғана интеллектін дамыту керк. Оқуға кез-келген уақытта болады. Ал, денсаулықты қалпына келтіру қиын.



Жазира Какитаева, 33 жаста, туған жері - Алматы, қоғаммен байланыс мамандығы

Тұратын елі: Ұлыбритания, Ньюкасл



Мектеп жүйесі қалай жұмыс істейді



Менің қызым Тоғжан Benton Park Primary School мектебінде оқып, екінші сыныпты бітірді.


6ш.jpg


Англияда 3-4 жас аралығындағы балалар балабақшаларға барады. 5 жасында бала бірінші сыныпқа барады. Бұл жаста жеңілдетілген түрде жүзеге асырылады. Мектептердегі сабақтар 09: 00-ден 15: 10-ға дейін жүргізіледі. Барлық балалар аптасына 5 күнде бір ауысымда оқиды.

Мектеп жүйесі баспалдақпен ұсынылған: бастауыш, орта және жоғары мектеп. 4-тен 11 жасқа дейінгі балалар бастауыш мектепте, 11-ден 18 жасқа дейін орта және жоғары оқу орындарында оқиды. Көптеген жағдайларда мектептер Ұлттық оқу бағдарламасына сүйенеді.


7ш.jpg

Қаржыландыру түрі бойынша мектептер: мемлекеттік , шіркеу, жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруындағы арнайы мектептер мен жеке мектептерге бөлінеді. Менің қызым мемлекеттік мектепке оқыды.


Тамақтану



Мектепте түсер кезде ата-аналар мен балалардың артықшылықтарын, мысалы, аллергия немесе діни көзқарас бар ма деген сауалнама толтырылады. Мектеп бір аптаға түскі ас мәзірін жасап, оны мектеп сайтына орналастырады. Таңертең сабақтың басталуына дейін балалар мәзірге сәйкес түрлі түсті білезіктерді таңдап алады, мысалы, қызыл — пицца, көгілдір — саңырауқұлақтармен ветчина. Біздің мектепте 1-3 сынып оқушылары тегін тамақтанады. Үйден түскі асты алады. Play Time-да балалар сыртқа шығар кезде, қораптарда жемістер немесе шикі көкөністер шығарылады.



Үй жұмысы



8ш.jpg

Балаларға үй жұмысын бермейді. Тек апта сайын оқуға кітаптар беріледі. Күнделік-журнал жүргіземіз. Ол жерге балалар кітап оқыды деген белгілер қоямыз. Апта сонында кітаптарды қайтармыз.



Мектеп формасы



Мектеп формасын мектепте немесе сауда орталықтарында сатып алуға болады. Қыздар үшін юбка, пуловер және футболка, ұлдар үшін шалбар, пуловер және футболка. Пуловердің және футболкалардың түстерін мектеп өзі анықтайды. Сонымен қатар, жазғы мектеп формасын сатып алуға болады, қыздарға көк немесе қызыл, ал ұлдар үшін - сұр түсті.



Ерекшеліктері



9ш.jpg

Жазда балалар тек 6 апта демалады. Сонымен қатар, баға қойылмайды, тек мотивацилау мақсатында стикерлер қояды. Тоқсан соңында «тырысқаны үшін» деген сертификаттар беріледі. Оқу жылының аяғында емтихан нәтижелері жазылған сертификаттар, баланың оқу жетістіктері және мұғалімдер туралы ақпарат жинақталған папка береді. Әр оқу жылында мұғалімдер ауысып отырады.

Оқу жылының басында оқулықтар берілмейді. Барлығы мұғалімдерде сақталады. Сәйкесінше, балалар сөмке апармайды. Оқу жылында біз бірде-бір канцтовар заттарын алмаймыз, барлығын мектеп өзі береді.


10ш.jpg

Әрбір тоқсан сонында бала берілген тақырып бойынша жобасын қорғайды. Оны жазу үшін ол көп ізденеді, кітаптар оқиды, қосымша ақпарат іздейді. Мысалы, менің қызым пираттар мен жәндәктер жайлы жазды.

Сыныптарда парталар жоқ. Жерде ковралан төселген және бірнеше дөңгелек үстел қойылған. Балалардың қозғалысына шектеу қойылмайды.

Директор мен мұғалімдер күнде балаларды шығарып салады, ата-аналарды есік алдында қарсы алады. Жиналыстар әрбір ата-анамен жеке өткізіледі.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу