facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-alua-konkol-a-sh--a-onys-audaruy-microsoft-ta-y-mansaby-zh-ne-zha-a-elge-alay-tez-bey-mdeluge-bolatyny-zhayly
logo
Қазақстандық Алуа Конкол АҚШ-қа қоныс аударуы, Microsoft-тағы мансабы және жаңа елге қалай тез бейімделуге болатыны жайлы
Главный (каз)

16.02.2023

Қазақстандық Алуа Конкол АҚШ-қа қоныс аударуы, Microsoft-тағы мансабы және жаңа елге қалай тез бейімделуге болатыны жайлы

Алуа Конкол АҚШ-қа қоныс аудару тәжірибесімен бөлісті. Өзінің америкалық университетте оқығаны туралы және Microsoft корпорациясына жұмысқа қалай орналасқаны жайлы айтып берді.


Алуа Конкол, қаласы — Вашингтон, Software Engineer в Microsoft, @alua_usa

алуа

Қоныс аударуы туралы

Мен Көкшетау қаласының тумасымын. Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алдым. Жарты жыл өткен соң, 18 жасымда «Болашақ» стипендиясымен АҚШ-қа қоныс аудардым.

Мен АҚШ-та 2006 жылдан бері тұрып келемін, бірақ Қазақстанға оралған кездерім де болды. Өткен жылдан бастап мен Microsoft корпорациясында бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі инженер болып жұмыс істеймін.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы

алуа

Мен АҚШ-қа студент кезімде келдім. Ол кездегі қиындықтар мүлдем басқаша болды. Ең бірінші қиындық жергілікті диалект еді. Мен ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқығандықтан, жақсы деңгейде білемін деп ойладым, оған қоса тілдік дайындықтан өткенбіз. Бірақ Қазақстанда біз британдық ағылшын тілін үйренеміз, ал мына жаққа келгенде америкалық акцент пен жаргондары шатастыратын.

алуа

Тағы бір қиындық — көліктің жоқтығы. Студент кезімізде жатақханада тұрдық, ал университет Канзас штатындағы Манхэттен шағын қаласында орналасқан еді. Қоғамдық көлік дұрыс жүрмейтін, сондықтан қазақстандық студенттерге қалада жүру қиынға соқты. Азық-түлік сатып алуға немесе бір жерге барар кезде үнемі біреуден көмек сұрайтынбыз.

Мен алғаш келген қала Чикаго болды. Ол жерде біз тіл курстарынан өттік. Қаланың алғашқы әсері — зәулім ғимараттар. Өзімді тап бір кинодағыдай сезіндім. Балалық арманың орындалған кездегі сезімді ешқашан ұмытпаймын.

Америка Құрама Штаттарында көшелердің тазалығы таңдандырды. Мұнда шаң да, лай да жоқ. Мен америкалықтардың үйде неге аяқ киімін шешпейтінін бірден түсіндім.

алуа

Бәрінен де маған Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың ашықтығы, толеранттылығы ұнайды. Мысалы, университетте дәрістерге пижамамен келетін қыздар болды. Тіпті қыста шорты киіп жүретін америкалықтарды жиі көретінмін. Ең қызығы, ешкім ешкімге ештеңе айтпайды. Мұнда әркім өзіне ұнайтын нәрсені жасайды.

АҚШ-қа Green Сard-пен көшкен адамдарға Нью-Йорк немесе Майами сияқты үлкен қалаларға ұмтылмауға кеңес беремін. Заңды мәртебеге ие болғандарғ мансапқа көңіл бөліңіздер дегім келеді. Америка Құрама Штаттарында көптеген сала көп. Мұның бәрі қандай мамандықты таңдағыңыз келетініне байланысты. Автоөнеркәсіп саласында жұмыс істегіңіз келсе және автокөлік компанияларына қызығушылық танытсаңыз, Детройтқа барыңыз. Егер сіз металл және болат өндіруге қызығушылық танытсаңыз, Питтсбургке барыңыз. Ал егер сізге кино индустриясы немесе қаржылық бизнес ұнаса, онда Нью-Йоркке немесе Лос-Анджелеске баруыңыз керек. Қаланы қай салада дамытқыңыз келетініне қарай таңдау керек. Себебі жұмыс табуға да, достар табуға да мүмкіндіктер көбірек. Өзіңізді үлкен қалалармен шектемеңіз. АҚШ-та иммигранттар ескермейтін жерлер көп.

АҚШ-та қалай жұмыс іздеуге болады

АҚШ-қа «Болашақ» бағдарламасы бойынша көшіп келгендіктен, Қазақстанға оралуым керек еді. Менің қалатын ойым да болған жоқ. Бірақ 3-курста болашақ күйеуімді кездестірдім. Ал 4-курстың соңында Қазақстанға оралып, «ҚазМұнайГаздың» еншілес компанияларында SAP жүйесін енгізетін IT-компаниясында екі жыл жұмыс істедім. Кейін тұрмысқа шықтым, күйеуім екеуміз Оңтүстік Кореяға көшіп кеттік, ол жұмысқа тұрды. Бірақ менің бұл елде жұмыс істеуге рұқсатым болған жоқ.

IT — кең ұғым, оның бағыттары көп


Келесі қызметім АҚШ-та болды.
Мен Webasto автокөлік компаниясына 2017 жылы жұмысқа орналастым. Ол кезде екі балам болды. Компанияда мен SAP жүйесін енгізуге көмектестім және сол жерде төрт жыл жұмыс істедім. Ал 2022 жылы мені Microsoft корпорациясына сұхбатқа шақырды. Осылайша, маусым айынан бастап осы компанияда жұмыс істеймін.

IT — кең ұғым, оның бағыттары көп. Сіз бизнес-сарапшы, жоба менеджері бола аласыз. Егер сіз бағдарламашы болсаңыз және код жазғыңыз келсе, онда тілдерді үйренуіңіз керек. Егер деректер базасымен жұмыс жасасаңыз, Java, Python және C++ үйренуіңіз керек. Ең бастысы, қай салада дамығыңыз келетінін білу.

Microsoft компаниясындағы жұмысы туралы

Менің командам компанияның Сиэтлдегі бас кеңсесінде жұмыс істейді. Ол SAP Deliver Engineering Team деп аталады. Біз логистика және sales and distribution саласына жатамыз. Сайтқа келетін барлық тапсырыстар біздің басқаруымызда. Сауда жасалған кезде орын алатын Xbox сияқты барлық транзакция SAP бағдарламасына өтеді. Біз транзакцияларға қатысты түрлі есеп береміз. Басқа жұмыстарды да жасаймыз.

алуа

Маған Microsoft корпорациясының дамуға үлкен көңіл бөлетіні ұнайды. Компанияның маңызды принциптерінің бірі — Growth Mindset. Мысалы, мен SAP-тағы Software Engineer-мін. Бірақ мен басқа бағдарламаларға қызығушылық танытсам, компания қолдау көрсетеді. Барлық жағдайымды жасайды, даму құралдары беріледі. Компания қызметкеріне сенеді, ал қызметкері компанияға сенеді. Жұмыс мәдениеті осы сенімге негізделген.

Қоныс аудару қалай әсер етті

алуа


Маған Америкада таңдау еркіндігі, сөз бостандығы бар екені ұнайды.
Бұл мен үшін маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандағы ең қымбат суретшілер
Қазақстандағы ең қымбат суретшілер
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады