facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-a-sh-na-alay-ketken-amerikandy-yz-a-ylenu-zh-ne-biznes-ashuy-turaly
logo
Қазақстандық АҚШ-на қалай кеткені, американдық қызға үйленуі және бизнес ашуы туралы

10.01.2018

Қазақстандық АҚШ-на қалай кеткені, американдық қызға үйленуі және бизнес ашуы туралы

Даурен Асрымбетов, 30 жаста, туған жері — Тараз, онлайн-маркетинг кеңесшісі, кәсіпкер

Тұратын елі: АҚШ, Техас штаты, Остин



АҚШ-на көшу туралы


Мен АҚШ-на 2006 жылы студент ретінде келдім. Отбасымда ең үлкенімін. Ешкімге тәуелді емеспін, әрқашан жауапкершілікті сезінетінмін — мені солай тәрбиелеген. Мен кішілерге үлгі болуым керек. АҚШ-на көп уақыт тұрғаннан кейін, айналама басқаша қарай бастадым. Стереотиптерге назар аудармаймын, маған біреу бірдене дейді деп уайымдамаймын. Сегіз жыл уақыт Вирджинида тұрдым. Ол жақта қаржы мамандығы бойынша оқыдым. Тәжірибиеден өткеннен кейін, маған дилершипте көлік сатумен айналысуға ұсыныс түсті. Сол жерде болашақ әйелімді де кездестірдім.



Стефанимен танысу жайлы


Стефани көлігін тексерту үшін, бізге диагностикаға келген еді. Ол менің офисымда отырған, таңертең жұмысқа келгенімде, оны мені күтіп отырған клиентім шығар деп ойладым. Жақсы тіл табыстық.. Арамызда бір ұшқын пайда болды. Нөмірлерімізбен алмастық, бірақ бір жарым айдан кейін ғана хабарластық. Өйткені, ол кезде ораза ұстағанмын. Стефаниге ораза біткеннен кейін міндетті түрде кездесетінімізді айттым.

Оны орыс мейрамханасына шақырдым. Бірнеше сағат бойы сөйлестік, Стефани маған адамгершілік қасиеттерімен ұнады. Вирджинидағы адамдар көбінесе тұйықтау, ал Стефани Калифорниядан келген. Ол өте ақжарқын, көзі жанып тұратын ашық адам — осынысы ұнады. Онымен одан әрі жақынырақ танысқым келді.

1а.jpg

Екінші кездесуімізде қалай өскеніміз, жоспарларымыз туралы ой бөлістік. Мен ол кезде енді ғана университетті бітіріп, алдыма көп жоспарлар қойғанмын. Университетті бітіруімнің өзі мен үшін үлкен жетістік еді, өйткені, мен грантта немесе «Болашақ» арқылы оқымадым, жылдар бойы өзім жұмыс істеп, оқуымді төлеп, өз-өзімді қамтамасыз еттім. Осының барлығын Стефаниге айтып бердім.

Стефани де өз жағдайы туралы айтты. Оның да жағдайы менікіне ұқсас екен. Үйде үшінші бала болса да, жастайынан әкесінің компаниясында жұмыс істеген, көп қиындықтардан өтті. Оның тұлғалық мықтылығы ұнады. Ата-бабалары имигранттар болып шықты. Олар 19 ғасырда Рессей мен Беларусиядан эмигрантталған. Құрама Штаттардағы Ұлы Депрессияны көрді, көп еңбек етіп, барлығына өздері қол жеткізген.



Ұсыныс жайлы


2а.jpg

Біз екі айдай кездесіп жүрдік. Әкем қайтыс болып, тез арада кетуім керек болды. Қазақстанға ұшардың алдында, қоштасып та үлгермедім. Бірнеше уақыттан кейін, Стефани Қазақстанға мені көру үшін келемін деп шешті. Оны Алматы әуежайында қарсы алып, Таразға бардық. Бұл оның Қазақстанға бірінші рет келуі болды. Ол үшін айналаның барлығы таңқаларлық болды.

Мен оны ең жақын туыстарыммен таныстырдым. Жұмысқы байланысты, Стефани бірнеше күннен кейін қайтты. Біз скайппен сөйлесіп жүрдік.

Содан кейін, маған Алматы қаласында IT-компанияда жұмыс ұсынылды, мен сол жаққа көшіп кеттім. Стефани қайтадан ұшып келді. Сол кезде оған ұсыныс жасаймын деп шештім. Тауға көтеріліп бара жаттық, айналаның барлығы қарда болды. Сол мезетте таудың басында ұсыныс жасадым. Менің жақындарым бұл туралы білетін, және ешкім қарсылық білдірмеді. Кейін ақылдысып, АҚШ-на тұруымыз ыңғайлы болады деген шешімге келдік.



Бала туралы


Аз уақыттан кейін біз балалы болатынымызды білдік. Мен ұл бала болғанын қаладым. Ұлды болатынымызды білгенде, қатты қуандық. Ол 2014 жылы дүниеге келді.

3а.jpg

Ұлымыздың атын қалай қоямыз деп көп ойланадық. Өйткені, ол АҚШ-да туылғандықтан, американдық деп есептеледі, бірақ атының қазақша болғанын қаладық. Соңында Муса деп қойдық. Ағылшынша — Moses, ал орысша— Моисей. Сонымен қатар, оны ортаңғы аты бар — Табысбек. Бұл әкемнің аты. Ол Муса Табысбек Асрымбетов.

Муса — ақылды бала. Ол деңсаулығы, тәбеті, бойы бойынша — нағыз батыр.

Отбасымызда таза ағылшынша сөйлесеміз. Бірақ, оны қазақша және орысша оқыту керек дегенді жиі естимін. Өзім бес тіл білемін: қазақ, орыс, ағылшын, түрік және испан. Бірақ, барлық жерде ағылшынша сөйлеймін, сондықтан әзірше Мусаға ағылшын тілі жетеді деп ойлаймын. Содан кейін өзі қалаған тілді кез-келген уақытта оқып алады.

4а.jpg

Стефани unconditional love сияқты тәрбиені қолдайды. Баланың тәртібіне қарамастан, оған ешқашан ұрысуға болмайды деген қағиданы ұстанады. Ол — тамаша ана.


Салт-дәстүрлер туралы



5а.jpg

Біз ұлымызды сүндетке отырғыздық, бірақ европалық ереже бойынша. Барлық процесс тек 20 секунд қана болады.

Мен мұсылманмын, Стефани — иудей. Бірақ, мен оған әрдайым 80%-ға мұсылман екенін айтамын, өйткені оның көзқарасы мұсылмандардыкіне ұқсайды.

Үйде Стефани палау, тоқаш пісіреді. Біз бешпармақ дайындаймыз, бірақ сиыр етінен, өйткені мұнда жылқы етін жемейді.


АҚШ-ғы мансап туралы

6а.jpg

Қазір мен Google және Facebook advertisement сарапшысымын. Орта және кіші бизнестерге сатылымдарын көбейту жөнінде кеңес беремін. Сондай-ақ мен денсаулық пен адам өмірін сақтандыру жөніндегі маманымын. Адамдарға қаржыларын жоспарлаумен көмектесемін. Бұдан бөлек, мен тұрмыстық техника бойынша қызмет көрсететін Amazing Appliance Repair компаниясының негізін қаладым.



Жоспарлары жайлы


Мүмкін, болашақта теңізге қарай көшеміз. Ал, әзірше біз Стефани екеуіміз Техаста тұрып, жұмыс істейміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.