Петр Жмутский, 37 жас, туған қаласы — Алматы, би мектебінің негізін салушы
Тұратын елі: Норман,Оклахома штаты, АҚШ
Мен шетелде 1998 жылы болып қалдым, Штаттарға FSA — FREEDOM Support Act, Youth for Understanding студенттер алмасуы бағдарламасы бойынша келдім. Университетті бітіргеннен кейін киномен айналыстым және роликтер түсірдім,және мен бұл істі жүзеге асырған штатта,яғни Канзас штатында кино индустриясы сол кезде аса дамымаған. Және, түптен келгенде, мен тұрған шағын қалада,Питтсбургта, мен бұл іспен айналысқан жалғыз адам болдым. Сондықтан мен ойладым,неге мен өзімнің жеке компаниямды ашып,жеке адам атынан емес, компания атынан жұмыс істемеймін. Және осылай 2002 жылы мен production company аштым.
Кино индустриясы — алдын ала болжалынбайтын индустрия, жылына үш жоба немесе үш жылда бір жоба болуы мүмкін. Сондықтан тіршілік ету үшін қиын жағдайдан шығуға қажет болды, басқа бизнестер ашып, табыс жасауға болатын жұмыста табыс жасауға мәжбүр болдым. Осы жылдар бойы мен әр-түрлі бизнеспен айналыстым: мейрамхана бизнесінде болдым, екі дүкен, құрылыс бизнесін,әлі күнге дейін істейтін және ірі ұйымдар мен халықаралық компаниялармен бірге қызметтесетін би мектебін аштым. Бірақ кино мен музыка – бұл менің жанымды қуантатын екі құмарлығым.
Әрине, мен бизнесімді бастаған кезде қиыншылықтармен соқтығыстым. Біріншіден,кино — бұл өзімен-өзі қиыншылық,себебі бүкіл адамдар бұл бизнесті түсініп,біле бермейді, бизнестін өзі сирек кездесетін және өзгеше болған себебінен инвесторларды табуға қиын. Кино индустриясы — бұл үлкен тәуекел индустриясы, мен инвестициялар жағынан айтып тұрмын, себебі бұл өте тұрақсыз іс, бірақ үлкен тәуекелде жүлде де үлкен болады. Сондықтан үлкен жүлде үшін тәуекел етуді ұнататын инвесторлармен сөйлесу қажет. Адамдарды осы бизнеске үйретуде ,ол қалай істейтінін түсіндіруде және саған,сенің өніміне,сенің не өндіретініне сендіруде негізгі қиыншылық туды.
Америкада өз бизнесін ашқысы келетін адамдарға мен осы елдегі бизнес жайлы бүкілін біліп алуға кеңес беремін. Бұл қандай бизнес екенін білсеніз де, өзінізді жайлы сезінсеніз де, дәл Штаттарда осы бизнес қалай жұмыс істейтінін жақсылап біліп алу қажет. Америкаға көп адам келеді, және олар өзге елде өз бизнесіне ие болып,осы елде бизнесті дәл солай жүргізе алады деп ойлайды. Бірақ осы жердің өзінің аудиториясы,маркеті бар,және оған бейімделу керек. Сіз айналысқыныз келетін бизнестің статистикасын қарау керек, оның дамуын, өседі ма,өспейді ма, оның әлеуеті қандай. Егер бұл мүлде зерттелмеген сала болып,ол бойынша ешқандай статистика болмаса, бұл тәуекел болады.
Біріншісі — бизнесті білу қажет, екіншісі — статистиканы білу, үшіншісі, заңды білу маңызды. Құжаттармен көмектесетін жақсы заңгерініз болу керек: грин-картаны, жұмыстық визаларды рәсімдеуде. Сонымен қоса консультация үшін осының барлығын басынан кешкен адамыныз болу керек. Мен Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан адамдарға осы жерде бизнес ашуға көмектескенде, мені консультант ретінде жалдайтын, және мен қандай заңдар, іліктер, салықтар,артықшылақтар бар болғаны жайлы, не істеу керек,не істемеу керек, қайда ашқаны дұрыс,калай және не ашу керек жайлы айтып беретінмін. Себебі мен осының барлығын 20 жыл ішінде басымнан кештім.