Мектеп бағдарламасындағы өзгеріс «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұйрық жобасының мақсаты — білім беру мазмұнын түзету болып табылады.
Осылайша ашық талқылауға шығарылған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілгені, «Шет тілі» пәні алынып тасталатыны жазылған.