facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-zh-rg-zush-ku-l-g-n-alay-alu-a-bolady
logo
Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалай алуға болaды

01.11.2017

Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалай алуға болaды

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады


— жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену

— емтихан тапсыру

— құжаттарды жинау

— құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны 3185 теңгені құрайды.



Жүргізуші куәлігін кім алуы мүмкін


Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:

— «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға

— «А», «В» санатының және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға

— «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға

— «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінде үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға

— «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға

— «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.

Ұлттық жүргізуші куәлігін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады.


Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді


Медициналық тексеріп-қарау

Емтиханды тапсыруға дейін болашақ жүргізушілер ең алдымен медициналық тексеріп-қараудан өтуге және одан кейін денсаулық жағдайы туралы 073-у нысанды анықтаманы алуға тиіс. Бұл үшін медициналық мекемеге немесе медицина қызметкерлері қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару қажет.

Емтихан тапсыру

Емтиханға:

— «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан, ал оқу басталғанға дейін анықтама ұсына отырып, медициналық куәландырудан өткен адамдар;

— «А» және «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар;

— дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда «А» және «В» санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі;

— Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда алты айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі.Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi.

машина

Емтихандар келесі реттілік бойынша тапсырылады: бірінші теориялық, содан кейін практикалық.

Жүргізуші куәлігін алуға тілек білдірген теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық және практикалық емтихан екінші рет оның алдындағы емтихан өткізілген күннен бастап кемінде жеті тәулiктен кейiн тағайындалады.

Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға кететiн және емтихан тапсыра алмаған адамдар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оларға емтихан екіншi рет кемінде үш күнтізбелік күннен кейiн тағайындалады.

Теориялық емтиханда алынған оң баға үш ай ішінде жарамды болып саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейiн көлік құралын басқару құқығын алуға үміткер қайтадан теориялық емтихан тапсырады.

Практикалық емтихан келесі жүйе бойынша бағаланады: оң баға — «Тапсырды», қанағаттанарлықсыз — «Тапсырған жоқ».


Жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттар тізбесі


Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін алудың екі жолы бар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну арқылы, тек жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда «электрондық үкімет» порталы арқылы.

Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алғаш алу немесе қосымша санаттар алу үшін үміткер Мемлекеттік корпорацияға:

— ереженің 7-қосымшасына сәйкес жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған нысаны. Бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға берілмеген

— жеке басын куәландыратын құжат

— медициналық анықтама және оның көшірмесі

— курстың аяқталуы туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат, өзін-өзі оқыту жағдайларын қоспағанда

— мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат

— «С», «D1», «D», «Тм», «Тб» қосымша санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат ұсынады.

«А», «В» санаттары және «А1», «В1» кіші санатты көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер және өздері дайындықтан өткен адамдар куәлік ұсынуға міндетті емес. «А», «В» санаттары, «А1», «В1» кіші санаттары бойынша өздігінен дайындалған адамдар емтихандарды Мемлекеттік корпорация ғимараттарында және автоматтандырылған автодромда тапсырады.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін ЖЖҚ-дан теориялық емтихан ғана тапсырылады.

Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстыру кезінде теориялық және практикалық емтихан тапсырылмайды.


Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы баламалы алу не айырбастау

Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер «электрондық үкімет» порталы арқылы жүргізуші куәлігін айырбастауға өтінімді оның қолданылу мерзімі өткенге дейін береді. Қазіргі кезде бұл қызмет электронды порталда жоғарыда айтылған аумақтарда қолжетімді.

Алу рәсімі өте оңай. Бұл үшін:

сілтеме бойынша өту

авторизациялану немесе порталда тіркелу

— электрондық өтінімнің алаңдарын толтыру

— фотосуретті және қолтаңбаның сканерленген үлгісін қосу

— төлем карточканың көмегімен онлайн қызметтің ақысын төлеу. Жүргізуші куәлігін онлайн қайта алу кезінде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қойып, чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейін табылған чекті таңдау

— өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбаны қою керек.

Жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Бұл ретте өзіңізбен бірге:

— жеке басты куәландыратын құжатыңыз

— тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігіңіз

— 083-у нысанды медициналық анықтамаңыз болу керек, оны жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда ғана ұсынады.


Мемлекеттік органдардың жұмыс кестесі


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Дб-Жм 09.00 — 20.00 сағ., түскі асқа үзіліссіз.

Құжаттарды қабылдау Дб-Сб 09.00 — 18.00 сағ.

Құжаттарды беру Дб 09.00 — 20.00 сағ.

Сб 9.00 — 13.00 сағ.

«Электронды үкімет» порталы

Тәулік бойы.


Дереккөзі: egov.kz

Мұқабадағы фотосурет: tengrinews.kz


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер