facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-zhoba-menedzherler-ansha-tabys-tabady-zh-ne-ansha-zh-msaydy
logo
Қазақстандағы жоба менеджерлері қанша табыс табады және қанша жұмсайды
Главный (каз)

19.04.2023

Қазақстандағы жоба менеджерлері қанша табыс табады және қанша жұмсайды

Біз жобалық менеджменттің мамандарымен кездесіп, олардың жайлы өмір сүруге қанша ақша жұмсайтындарын білдік.


Аида Ізтілеу, 27 жаста, қаласы — Алматы, Project Manager, @aidakaisarkyzy

2022-12-07 00.13.04.jpg

Өзі туралы

Мен «Бірінші несие бюросында» Project Manageболып жұмыс істеймін. Менің міндеттеріме IT жобаларды жүргізу кіреді.

Жалақысы

Менің жұмысым — негізгі және жалғыз табыс көзі. Жалақым айына 500 000 теңгеден жоғары — 1100$

Ақша жинауы

Мен болашақ пәтерге немесе ипотекаға деп ай сайын табысымның 30%-ын депозитке жинауға тырысамын. Қаржылық инвестициямен айналыспаймын.

Пәтер ақысы

Пәтер жалдауға 160 000 теңге — 351$ доллар жұмсаймын.

Үйдегі интернет үшін айына 5000 теңге — 11$, ал ұялы байланыс үшін 4000 теңге — 9$ төлеймін.

Көлікпен қатынауы

Мен негізінен қоғамдық көлікті пайдаланамын, бірақ кейде таксиг жалдаймын. Айына шамамен 20 000 теңге — 44$ кетеді.

Азық-түлік

Мен азық-түлікті үлкен супермаркеттерден сатып аламын. Осылайша өзіңе қажеттінің бәрін бір жерден сатып алуға болады. Айына 50 000 теңге — 110$ жұмсаймын.

Ойын-сауық

Бұл шығындарымның ең аз бөлігі. Ақшаның көп бөлігін мейрамханалардағы жиындарға жұмсаймын.

Қосымша шығындар

Негізінен киім немесе аяқ киім сатып алуға жұмсаймын, бірақ жаңа маусым басталарда ғана. Басқа қосымша шығындарға ата-анама көмектесуім және емханаға қаралуым кіреді.

Бюджет

Мен өз бюджетімді Coin Keeper мобильді қосымшасында басқарамын. Кейде Kaspi Bank қолданбасындағы деректерді бақылап отырамын.

Жайлы өмір сүруге арналған лайфхактар

Қоғамдық көлікпен жүріңіз, өйткені такси құны тым қымбат.

Жеткізу қызметі арқылы азық-түлікке тапсырыс беруді үйреніңіз. Осылайша көбірек уақыт үнемдейсіз.

Аптасына бір немесе екі рет спортпен айналысыңыз, себебі аз қозғалысты өмір салты омыртқаға зиян.


Денис Мирошкин, 24 жаста, қаласы — Алматы, Project Manager, linkedin

photo_5280838629360519358_y.jpg

Өзі туралы

Мен Алматыға Минсктен көшіп келдім. «Бірінші несие бюросында» жоба менеджері болып жұмыс істеймін.

Менің міндеттеріме IT жобаларын бағалау, талдау және енгізу, командамен және тұтынушымен байланыс, сондай-ақ қолданыстағы өнімдерге қолдау көрсету кіреді.

Жалақысы ​

Негізгі табысымды жұмыстан аламын, қосымша көздер жоқ. Ол 500 000 теңгеден асады — 1100$.

Ақша жинауы

Менің негізгі ұстанымым: үнемдеп қиналып жүрмей, қалауыңа қарай өмір сүру. Тек күтпеген шығын болған жағдайда өзімді ештеңемен шектемеуге тырысамын.

Ақшаны қажет болғанда ғана жинаймын, мысалы, ірі техниканы ауыстыру қажет болғанда немесе еңбек демалысына шығардан бұрын дегендей. Мен өзімді дамытуға инвестиция саламын.

Пәтер ақысы

Пәтерді жалға алу және коммуналдық төлемдер 160 000 теңгеден аспайды — 351$.

Көлікпен қатынауы

Ай сайын ONAY картасына 2000 теңге — 5$ салып отырамын.

Қосымша шығындар

Белоруссиядағы ата-анама ақша аударып тұрамын.

Тұрақты шығындарға спорт залы кіреді. Айына 15 000 теңге — 33$ құрайды.

Бюджет

Мен тұрақты шығындарды ескере отырып, бюджетті бір айға жоспарлаймын. Киім-кешек, курс сатып алуға немесе еңбек демалысы сияқты үлкенірек нәрсеге ақша қалдырып қоюды жоспарлаймын.

Егер жоспарлағанымнан көп жұмсасам, оның орнына басқа нәрседен тыйыламын. Scrum әдістемесіндегідей: спринт кезінде тапсырманы шұғыл орындау қажет болса, маңыздырақ тапсырманы орындау үшін екіншісінен бас тартуыңыз қажет.

Жайлы өмір сүруге лайфхактар

Мегаполиске қоныс аудармақшы жандарға кеңесім: өзіңізді бақылауда ұстаңыз. Алдымен қалаға бейімделіп, достар табуыңыз керек, мүмкін, ойын-сауыққа көбірек ақша жұмсау қажет болар. Бірақ содан кейін өмір сүру деңгейіңізді жақсартуға тырысып, мүмкіндігіңге қарай өмір сүруіңіз керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Әлемдегі үздік 10 қысқы ойын-сауықтар
Алматыдағы 10 үздік сұлулық салоны
Алматыдағы 10 үздік сұлулық салоны
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Алматыда сапалы уақытты қайда өткізуге болады: инфлюенстер мен блогерлердің сүйікті орындары
Алматыда сапалы уақытты қайда өткізуге болады: инфлюенстер мен блогерлердің сүйікті орындары