facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-ytayda-y-zh-ne-reseydeg-zbekter-ne-sebept-zhastar-zbekstannan-keted-zh-ne-shetelde-alay-m-r-s-red
logo
Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді

05.08.2019

Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді

Шухрат Рахимов, 27 жаста, туған қаласы ― Наманган, DJ


Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді

Көшуі жайында


Мен Өзбекстанның Наманган қаласында туып өстім. 2009 жылы алғаш рет Қазақстанда болдым және осы елге ғашық болдым. Шетелдегі алғашқы әсерім – басқа әлемге түскендей сезім кештім, барлығы жаңа, ерекше және ғажайып болды.


Қазақстандағы өмірі жайында


Қазақстанға жалғыз келдім, 17 жаста едім. Жоғары оқу орнына түсіп, отбасымды құрып, осында қалуды жоспарладым.

Бастапқы кезде барлығы ғажайып болды. Қазақстандық дүкендерде өзбекстандық тауарлардан ерекшеленген өнімдер болды.

Тіркеуді жаңарту үшін, Өзбекстанға айына бір рет барып тұрамын. Қырғызстан мен Ресейдің азаматтарына қарағанда Өзбекстан азаматтарына Қазақстанда бір ай тұру рұқсаты беріледі.

Алматы – өзіндік жаны бар, адамдары жылы және табиғаты көркем қала. Қаладағы сүйікті жерлерім – Алматы әуежайы, Тұңғыш президент саябағы, Арбат.

Алматы – өзіндік жаны бар, адамдары жылы және табиғаты көркем қала


Мен DJ болып жұмыс істеймін және жұмысымның арқасында Қазақстанның барлық дерлік жерлерінде болдым. Қазірде Алматының бірнеше орындарында ойнаймын, қазақ эстраданың көптеген танымал адамдарымен таныстым.


Мәдениет жайында


Өзбекстанның жастары өздерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатымен әртүрлі елдерге кетеді. Басым бөлігі Ресейге, Қазақстанға және жақын шетелдерге барады.

Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді

Шетелдегі өзбектердің менталитеті байырғы өзбектерден ерекшеленеді. Шетелдегі өзбектер негізінен жақсы білім алады, себебі білімсіз жаңа жерде орнығу мүмкін емес.

Қазақтар мен өзбектер 16 ғасырдан бері достық қарым-қатынасты ұстанады, сол себепті салт-дәстүрлеріміз ұқсас. Түркі тілдес халықтарына жататанымыз бізді біріктіреді. Дегенмен өзбек тілі қазақ тіліне мүлдем ұқсамайды.

Өзбек тағамы Қазақстанда кеңге таралған, әсіресе палауды әрбір отбасыда әзірлейді. Дегенмен қазақстандықтардың басты тағамы бешпармақ, ал өзбектерде палау болып қалады, өзбектер де палауды дәстүр бойынша қолмен жейді.


Жоспарлары жайында


Маған Қазақстанда тұру ұнайды. Мен бұл елді ұнаттым және балаларымның, немерелерімнің осында өскендерін қалаймын. Қазақстанда қалып, музыкант ретінде дамуды қалаймын.


Анвар Ойдынов, 30 жаста, туған қаласы ― Ташкент, кәсіпкер


Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді

Көшуі жайында


Мен Гонгонг университетіне түсу үшін, осында жеті жыл бұрын көшіп келдім. Емтихандарды сәтті тапсырып, грантқа ие болдым, төрт жыл экономика мен менеджментті оқыдым. Оқу кезінде жатақханада тұрдым, сол себепті баспана бойынша қиындықтар болған жоқ.

Оқуды бітіргесін, Қытайда қалдым және бизнесімді аштым. Төрт жылдық тәжірибем пәтерді оңай тауып, қажетті құжаттарды жинауға септігін тигізді.


Қытайдағы өмірі жайында


Қытай – экономикасы әлем бойынша үздік болып табылатын үлкен мемлекет. Қытайдың ЖІӨ жыл сайын өсіп тұрады, шағын және орта бизнестің даму серпіні мен инвестициялары таң қалдырады.

ТМД елдерінің көптеген азаматтары Қытайға білім алу үшін немесе бизнесті дамыту үшін келеді. Ең арзан, әрі сапалы өндіріс осы елде орналасқан, сол себепті ірі кәсіпкерлер істерін осында жүргізеді.

Қытайдағы өмір аймаққа байланысты ерекшеленеді. Бұрын Гонконг Ұлыбританияның құрамында болды және 1997 жылы ғана ресми түрде Қытайға ауысты. Сол себепті Гонконг тұрғындары еуропаша өмір сүреді.


Мәдениет жайында


Қытай мәдениеті бірнеше ғасырларды қамтиды, тарих бойынша біздің халықтар тығыз араласқан. Қазіргі кезде мыңдаған өзбектер оқу үшін, бизнес ашу үшін Қытайға келеді.

Қытайлықтар – эмоцияларға беріліп, дауыстап әңгімелесетін халық


Қытайлықтар – эмоцияларға беріліп, дауыстап әңгімелесетін халық. Өзбектер байсалдылықпен ерекшеленеді, дегенмен оңтүстік темпераментті де танытады.

Қытай ас үйі алуан түрлі және миллиондаған рецептерге ие, дегенмен көптеген қытайлықтар өзбек палауын рахаттанып жейді, ал кейбіреулері байырғы салтты сақтау үшін, қолмен жейді.

Қытайлықтар үшін отбасы бірінші орында тұрады. Отбасылық қарым-қатынастың берік болуы барлық азиялық халықтарға тән, сол себепті біз тез тіл табысып, туыстық байланысты сеземіз.


Жоспарлары жайында


Менің бизнесім енді аяққа тұрды, сол себепті нарықта орнығып, бизнесімнің ауқымын кеңейтуді қалаймын.


Максудбек Хакимов, 33 жаста, туған қаласы Үргеніш, заңгер, кәсіпкер, @maksudkhakimov


Қазақстандағы, Қытайдағы және Ресейдегі өзбектер. Не себепті жастар Өзбекстаннан кетеді және шетелде қалай өмір сүреді


Көшуі жайында


Біз 2011 жылы отбасымызбен Санкт-Петербургке көштік. Табыс тауып, балаларымыздың болашағын қамтамсыз ету үшін келдік.

Көшкен кезде, қиындықтар туындаған жоқ, дегенмен ірі қалаға бейімделу қиын болды. Ақырындап өміріміз тұрақталды.


Ресейдегі өмірі жайында


Санкт-Петербург ― бірегей сәулеті бар, Ресейдің тарихи және мәдени қаласы. Біз жұбайымызбен қала бойымен жиі серуендеп, Нева бойынша теплоходпен жүреміз, сүйікті жеріміз ― Петергоф.

Мен Oriflame компаниясында жұмыс істеймін және алтын директор атағына дейін жеттім. Жұмысымның арқасында бес елде болдым және сахнада ән айту бұрынғы арманымды орындадым.


Мәдениет жайында


Өзбекстан ұзақ уақыт КСРО‑ның құрамында болды, сол себепті ресейліктер мен өзбектердің достығы ұзақ уақытқа созылып жатыр. Мәдениет жағынан халықтарымыз ерекшеленеді, себебі орыстар― славяндар, ал өзбектер ― түріктер.

Өзбекстан ұзақ уақыт КСРО‑ның құрамында болды, сол себепті ресейліктер мен өзбектердің достығы ұзақ уақытқа созылып жатыр


Өзбектердің басым бөлігі орыс тілін біледі. Бұл тіл Өзбекстанда кеңге таралған және өзбек тілімен қатар қолданылады.

Санкт-Петербургтың климаты Ташкенттікіне және Өзбекстанның басқа қалаларына ұқсамайды. Петербургта жайлы температура орын алады.

Ресейде өзбектердің саны көп және біз бірге болуға тырысамыз. Петербургта өзбектер қауымдастығы бар, адамдар араласып, бір-біріне көмектесіп, бірге бизнес жүргізеді. Біз әрдайым жаңа қатысушыларды қуана қарсы алып, келушілерге қолдау көрсетеміз.


Жоспарлары жайында


Санкт-Петербургте баспана алып, отбасыма бүкіл әлемді көрсету жоспары бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт