facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-tabysty-ekologiyaly-zhobalar-kompaniyalar-a-arnal-an-ekobokstar-plastikten-zhasalatyn-zhi-az-zh-ne-eko-auymdasty
logo
Қазақстандағы табысты экологиялық жобалар: компанияларға арналған экобокстар, пластиктен жасалатын жиһаз және экоқауымдастық

23.04.2019

Қазақстандағы табысты экологиялық жобалар: компанияларға арналған экобокстар, пластиктен жасалатын жиһаз және экоқауымдастық

Eco-poof


Тимур Коробейников, 23 года, туған қаласы — Қарағанды, Eco-poof, @eco_poof


timur.jpg


Жобаның идеясы жайында


2018 жылдың қараша айында төрт медик студенттерден құрылған командамыз Astana Innovations Challenge стартаптар байқауына қатысты. 54 сағаттың ішінде берілген міндеттердің бірін орындау керек болды. Біз Coca Cola International компаниясынан ұсынылған пластик бөтелкелер сияқты қолданылған қаптамалардың шығындарын ұтымды пайдалану мәселесін таңдадық. Мәселені шешу бойынша жиһаздың бөлігі – пуфиктерді таңдадық. Біз өзімізді бірден ұзақмерзімді жоба ретінде таныстырдық, бұл істі жалғастыруды қаладық. Жоба аясында үшінші орынға ие болдық және ақшалай жүлдеге жабдықты сатып алдық.

timur1.jpg

Өндіріс Қарағандыда орналасқан, пластикті жинауға белсенді азаматтар, еріктілер, команданың және отбасымыздың мүшелері көмектеседі.


Өнім жайында


Өндірісте қатырма қағазды және пластикті қолданамыз. Пластикті арнайы жабдық арқылы қарапайым бөтелкеден белгілі жалпақтығы бар лентаға айналдырамыз және оны жиһазымызға арналған конструкциялық шешімдер ретінде қолданамыз. Пластиктен орындыққа қажетті пішінді беретін амортизациялық жастықты жасап шығарамыз. Ол орындық пен адам арасында ортопедиялық төсем ретінде қолданылады.

Біз затты екінші рет қолдану және пайдалы затты жасау идеясын біріктірдік


Біз затты екінші рет қолдану және пайдалы затты жасау идеясын біріктірдік. Денебітімін түзету тақырыбын зерттедік. Ортопедиялық орындыққа отырудың түбегейлі айырмашылығы – дене мен мықынның арасындағы бұрыш 90 градус болуы керек. Бұндай күйде бел табиғи бүгілісті сақтай алады және арқа түзеледі. Оны жасау үшін арнайы қосымша уақыттың қажеті жоқ, қарапайым орындықты өзгертуге болады.

timur2.jpg

Әрбір пуфик қолдан жиналып, тігіледі. Біз әрбір затқа индивидуалды түрде қараймыз, жаңа идеяларға ашықпыз. Пуфты тапсырыс бойынша жасай аламыз.


Қалай қосылуға болады


Материалдар екінші рет қолданысқа жарауы тиіс. Пластикпен жұмыс істеу үшін креативпен қарау керек екенін көрсету – біз үшін үлкен сын. Зауыттарды салу, қымбат жабдықты сатып алу міндетті емес, тек ниет пен шикізат қажет. Біз жобамыз арқылы жергілікті деңгейдегі ойлауды өзгертуді қалаймыз, қазақстандықтарды қоқысты сұрыптаумен қатар,өндіріске және екінші рет қолдануға тартуды, пластикті қоқыс ретінде емес, шикізат ретінде қабылдауға үйретуді қалаймыз.


Tazalyk

Айбек Рахим, 22 жаста, туған қаласы — Алматы, Tazalyk жобасының негізін салушы, @mytazalyk

aibekrakhim.jpg


Жобаның идеясы жайында


Мен Қазақстандағы экологиялық мәселені ұғынған кезде, қоқысты сұруптауды және осыған басқаларды дағдыландыруды қаладым. Біздің тобымыз өзінің қаласын, тауларын жақсы көретін, табиғатын мақтан тұтатын жас адамдардан құрылған. Тобымыздың әрбір мүшесі туған жері үшін жаны ашиды және оны жақсы жағынан дамытуды қалайды.

aibek.jpg

Біз шығындарды жою процесі қарапайым және жағымды болуы үшін арнайы жоба дайындап, қосымша жасап шығардық. Әрбір ниетті адам қосымшада тіркеуден өтіп, картада Kazakhstan Waste Recycling қайталама шикізатты қабылдау орындарын көре алады. Қолданушылар әрбір килограмм үшін әртүрлі бонустар мен «жанашыр» және «экосуперқаһарман» мәртебелеріне ие болады. Бұндай қаһармандар жайлы Instagram парақшамызда жазып отырамыз. Сонымен қатар біз балабақшаларда, мектептерде, университеттерде, бизнес-орталықтарда қоқысты бөліп жинауға арналған экобокстарды орната бастадық.

Біз шығындарды жою процесі қарапайым және жағымды болуы үшін арнайы жоба дайындап, қосымша жасап шығардық



Экобокстар жайында


Жобаның мақсаты – жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен шығатын шығындарды қысқарту тәсілі арқылы шығындарды қайта өңдеу көлемін арттыру. Экобокстар халықтың бойында қоқысты бөліп жинау мәдениетін қалыптасырады. Біз адамдарға шығындарды әртүрлі сыйлықтарға алмастыру мүмкіндігін береміз. Экологиялық компания болуды қалайтын заңды тұлғалар бұндай экобокстарды орнату үшін, бізбен байланысқа шыға алады. Бұл қызметкерлерді қоқысты саналы түрде сұрыптауға үйретеді. Біз компанияларға тегін келеміз және қайта өңделетін шығындарды алып кетеміз. Халықтың экомәдениетін дамыту бойынша жұмыс жасаймыз. Аталмыш процесс қаражатты үнемдейді және өндірістік шикізат шығындарына «екінші өмір» сыйлайды. Қайталама шикізаттан қажетті заттар мен материалдар алынады, кейін олар жаңа тауарларды жасап шығаруға қолданалыды.

aibek2.jpg

Компания бір жыл ішінде әртүрлі қиындықтардан өтті. Клиенттерден қайталама шикізатты алып кету үшін, көлікті таба алмаған күндер де болды. Оларды өзіміз автобуспен барып алып кетуге тура келетін, себебі такси қолымыздағы қоқысты көріп тоқтамайды. Шығындарды сұрыптап жинауды енгізетін компаниялар көбейіп бара жатыр. Экобокстарымыздың географиясы кеңейіп жатыр – олар Атырауда, Талдықорғанда бар және бұл шегі емес деп ойлаймын. Біз экобокстарды орнатып, шығындарды сұыптап жинау бойынша эко-оқытуларды жүргіземіз.


Қалай қосылуға болады


Қаланың экологиясы әрбір адамға байланысты деп ойлаймыз. Тек бір адам жүйені өзгерте алады. Қосылуды қалайтын адам шығындарды жинап, қосымша арқылы қабылдау орындарды таба алады. Біз әрдайым командамызға экобелсенділерді жинаймыз және оларды сарапшы ретінде қалыптастырамыз. Олар басқа адамдарды оқытудың экотренерлері болып қалыптасады.


Recycle Birge

Бану-Ақкүміс Құспанова, туған қаласы — Санкт-Петербург, Recycle Birge жобасының тең құрылтайшысы, @recycle.bir

a6513b13fe984387d9f2ee18fbb6605b.jpg

Суреттің дереккөзі: baribar.kz


Идея жайында


Recycle Бiрге! — бұл экоағартумен, алматылықтар арасында шығындарды бөліп жинау идеясын дамытумен айналысатын қоғамдық қозғалыс. Барлығы қоқыстарды жинап қана қоймай, жиналған қоқысты сұрыптап, шығындарды қайта өңдеуге тапсыруды көздеген экосенбіліктерден басталды. Біздің міндетіміз – адамдарды экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін біріктіру.

Жобамыздың мақсаты – Алматы қаласының барлық жерінде, кейін Қазақстанның басқа да қалаларында шығындарды бөліп жинауды енгізу үшін адамдарды біріктіру. Бұл жүйені енгізу шығындарды бөліп жинау бойынша ағарту мен инфрақұрылымды дұрыстауды білдіреді. Жобаның негізін салушылар — Әлия Сәлменова, Зәуре Алдабергенова, Пакизат Сайлаубекова, Бану-Ақкүміс Құспанова.

WhatsApp Image 2019-04-18 at 16.35.47.jpeg

Маған Республика Гана туралы бағдарлама қатты ықпал етті, сол бағдарламада бүкіл әлемнен әкелінген электронды шығындарды қалай өрттеп жіберетіні көрсетілді. Сол кезде мен бұл мәселемен не істеуге болатыны жайында ойлана бастадым. Егер біз әлемдегі жағдайға ықпал етуді қаласақ, өзімізден бастауымыз керек.


Экоқауымдастық жайында


Бір уақытта мен күнделікті қанша шығындар жасайтынымды көріп, zero waste өмір салтына көшуді шештім. Сонымен қатар көшелерде қоқыстарды жинадым. Оған қоса үйімнің жанындағы қоқысты жинауға шығатынмын. Бір кезде бұл шала жұмыс екенін түсіндім.

Табиғатқа қамқорлық жасау – жарқын болашағымыздың кепілі


Үйдегі шығындарды сұрыптап, оларды жинамауға тырыстым, бірақ жиналған шығындарды қарапайым контейнерге лақтырдым, ал кейін олар полигонға жіберілетін. Осыдан сұрыпталған шығындарды қабылдау орындарына апару үшін адамдарды жинап біріктіру идеясы келді.

2018 жылдың 23 маусым күні алғашқы ЭкоСенбілік өтті. Бұл шараға төрт адам қатысты. Біз аз болсақ та, үлкен қозғалысқа алғашқы қадам жасадық. Қазірде адамдарымыздың саны 100-ден асады. Және біз көп әртүрлі экосенбіліктерді өткіздік.

56505541_721462641582465_3214467057720996289_n.jpg

Табиғатқа қамқорлық жасау – жарқын болашағымыздың кепілі. Алматыда қоқыс қабылдайтын орындардың көлемі ұлғайып жатыр. Адамдарға күнделікті қолданыста пластикті азайту керек. Экологиялық өмір салтты насихаттау мақсатымен біз экоблогтар жүргіземіз. Бізге адамдарды шабыттандыру ұнайды.

Қазіргі кезде жүзеге асқан жобалар: ШСЖ үшін Нұрлытауды контейнерлер орнаттық, Алматы Марафон, Life Deco кеңселерінде, «Бөбек» колледжінде ШСЖ жүйесін енгіздік. Алматының халықаралық мектебінің балаларына тренинг өткіздік, Art City ивент-агенттігімен бірігіп «Жер Сағатын», ал «Визит Алматы» және Campit.kz-пен бірігіп тауларда ауқымды экосенбілік өткіздік.


Қалай қосылуға болады


Кез-келген ниетті адам экосенбіліктерді ұйымдастыруға қосыла алады. Сонымен қатар жақында Recycle BIRGE Visit Almaty-мен бірігіп сарапшылар, экобелсенділер, экоблогерлер мен жанашыр адамдардың дәрістері мен шеберлік-кластарының топтамасын ұйымдастырды.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын