facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-t-r-kter-departament-direktory-meyramhana-basty-y-zh-ne-salon-sheber-e-b-r-nsh-ser-s-y-kt-zherler-zh-ne-klimat-turaly
logo
Қазақстандағы түріктер. Департамент директоры, мейрамхана бастығы және салон шебері ең бірінші әсер, сүйікті жерлер және климат туралы

25.06.2018

Қазақстандағы түріктер. Департамент директоры, мейрамхана бастығы және салон шебері ең бірінші әсер, сүйікті жерлер және климат туралы

Ферди Юнгач, 25 жаста, туған жері — Болу, The Grill мейрамханасының бренд-бастығы


Мен өз аспазшыларымен танымал қалада туылдым. Ең бірінші тәжірибемді 16 жасымда бастадым. 19 жасымда Римде жұмыс істеп, кейін Катарға көшіп кеттім. Бес жыл бойы Дубайдағы The St. Regis қонақ үйінде істедім. Және дәл бір жыл бұрын Қазақстанға көшіп келдім. Бұл ел мені Түркияға ұқсастығымен баурады: тағам мәдениеті, өмір салты, тілдер де ұқсас. Маған ол жаныма жақын болып көрінді, сондай-ақ өмір сүруге де ыңғайлы.

Бұл ел мені Түркияға ұқсастығымен баурады: тағам мәдениеті, өмір салты, тілдер де ұқсас


The St. Regis, Astana қонақ үйінде, The Grill мейрамханасында бренд-бастық болып жұмыс істеймін. Бос уақытымды әртүрлі өткіземін. Қыс мезгілінде далада уақыт өткізуге ауа-райы қолайсыз болғандықтан, Бурабай мен Алматыға барып тұрамын. Ол жақтың ауа-райы жақсырақ.

1.jpeg

Астанада жағалауда қыдырып, жергілікті тағамдардың дәмін татқан ұнайды. Республика даңғылында дәмді ұлттық тағам әзірлейтін мейрамхана бар. Pro Vino мейрамханасы ұнайды. Ол жерге түрлі дигустацияларға барамын. Қазақстандық Arba Vine шарабы ұнайды. Дегустацияға әр екі апта сайын үлгеруге тырысамын. «Хан Шатыр» сауда орталығына барған да ұнайды. Ол жерде сауда жасап қана қоймай, жай ғана қыдыруға болады. Ол жерде түрлі ұлттық дүкендерді көрдім. Маған әрдайым тарихи заттарға қараған қызық.

Дубайдан кейін Қазақстанға келген кезде тонып қалдым. Температурадағы соншалықты үлкен айырмашылық шыдамсыз болып көрінді. Алайда, егер қажет киімдерің жеткілікті болса, онда шыдауға да болады.

Астанада кездестірген адамдар ынтымақты. Орысша сөйлей алмаймын, бірақ далада көмек сұрасам, әрдайым ненің қалай екенін түсіндіріп береді.

Алдағы уақытта Астанада тұруды жоспарлап жатырмын. Кем жегенде тағы бір қысты осында өткіземін.



Селим Олмез, 37 жаста, туған жері — Анкара, The St. Regis, Astana қонақ үйінің маркетинг департаментінің директоры


Астанаға 2016 жылы қыркүйек айының ортасында көшіп келдім. Қонақ үй бизнесінде жұмыс істеймін. The St. Regis, Astana қонақ үйінің ашылуы жоспарланып жатқанда, мені топқа қосылуға шақырды.

Көшіп келгенге дейін Қазақстанда бір рет те болмадым. Алайда көшкеннен кейін барлық Қазақстанды айналып шықтым. Бір Алматының өзінде 10-15 рет болдым. Тағы Шымкентке, Қарағандыға, Ақтауға және Ақтөбеге бардым.

2.jpeg

Далада уақыт өткізгенді ұнатамын. Әрине, қыс уақытында серуендей алмайсың, бірақ жазда табиғатта демалған ұнайды, мәселен, Бурабай. Қысқаша айтатын болсам, суық кезде бөлмедегі белсенділікті қолдаймын, мәселен фитнес, ал жылы кезде қаладағы белсенді демалысты таңдаймын.

Жаңа тағамдардан дәм татқан үнайды, сондықтан әрқашан астаналық мейрамханаларға баруға қуаныштымын. Ең бірінші кезекте, Rumi атап айтамын. Дәл осы мейрамхана маған палауды сүюді үйретті. Түрікпін, етті жақсы көремін, сол себепті Line Brеw жиі барып тұрамын.

«Бәйтеректен» алыс емес жерде тұрамын, сондықтан қалаға қарау үшін бақылау алаңына жиі көтерілемін.

Астана жайлы әсерім келген кезде қалыптасқан және ол жақсы. Қыркүйекте келдім. Ауа-райы жылы, бұл ерте таң болды, мені сәулет таңғалдырды. Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Астанаға келген барлық адамдар оның қандай қала екендігіне таңғалады. Шетелдегі көп адамдар Астананы Қазақстанның елордасы ретінде естиді. Ал келіп, қаланың өз ішіне жаңа мен ескі бөліктерді, тарихты, мәдениетті, дамуды үйлестіретінін көрген кезде үлкен әсер алады.

Астанаға келген барлық адамдар оның қандай қала екендігіне таңғалады


Бұрын Астананың ауа-райы тым қатал болып көрінетін, қазір екі қысты басымнан өткергеннен кейін, барлығы бұрынғадай көрінбейді.

Астанадағы адамдар мейірімді. Оны өткен тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Қазақтар мен түріктердің ұқсас екені маған ұнайды.

Астанадағы адамдар қонақжай. Қазақтарға да секілді, түріктерге де қонақтар өте маңызды. Және қонақ болып келетін бүкіл адамдарға ерекше назар аударылады. Мен басқару ұйымдары орналасқан және көптеген жергілікті жұмысшылар тұратын қала бөлігінде тұрып жатырмын. Көршілерім жиі жергілікті мәдениетпен таныстырып жатады, Рамадан уақытында ифтарға шақырады. Еуропа пен АҚШ-та ондайды кездестірмейсіз.

Астанада жұмыстан ауысқанша дейін тұруды жоспарлап жатырмын.



Эрхан Гунал, 35 жаста, туған жері — Бурса, Bisser сұлулық салонының шебері


Қазақстанда сұлулық салондар саласында жұмыс іздегендіктен көшіп келдім. Орналасқан жерімді ауыстырғым келді. Жаңа кеңістік іздеу кезінде Қазақстанға назар аудардым.

3.jpeg

Қазақстан өз менталитеті мен мәдениетімен тартты. Бұл жерде ыңғайлы, тіліміз ұқсас. Оған қоса, түрік шеберлері әлем бойынша танымал, Қазақстанда да. Адамдар шебердің түрік болуына байланысты таңдау жасайтын жағдайлар да жиі болып тұрады. Егер, шебердің түрік емес екендігін білсе, кетіп, біздің жұмыс істейтін күндерімізде келеді.

Біз шаш қиюмен, бояумен, жатқызумен, өсірумен кәсіби тұрде айналысамыз. Біз үшін шаштараз — таңдаулы мамандық. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден-балаға беріледі. Бала кезімізден үлкендерге көмектесіп, уақытымызды салонда өткіземіз.

Біз үшін шаштараз — таңдаулы мамандық


Қазір ер адамдармен де жұмысымыз дамып жатыр. Сақалға күтім жасау — жақсы қасиеттердің бірі.

Көшіп келгенде таңғалдырған нәрсе — бұл климат. Түркиямен салыстырғанда Қазақстанда суықтау. Сонымен қатар, мұнда кейбір азық-түліктерге бағалар қымбат емес. Айырмашылық — үш есе.

Қалада Отаныма байланысты жерлерді ұнатамын. Маған түрік мейрамханалары ұнайды. Өзім салонға баратын болсам, онда түрік шеберін таңдаймын.

Жұмыс рұқсат қағазын рәсімдеу қиындық туғызады. Ол қымбат және 680 мың теңгеден астам тұрады. Егер түріктердің кейбіреулері уақыт өткізу үшін келсе, бірақ Қазақстанда көбірек қалғылары келсе, онда олар әр 30 күн сайын шекарадан өту үшін елден шығулары қажет. Ең оңай жолы —тұруға рұқсат беру, өйткені ол сабырлы өмір сүруге, жұмыс істеуге және отбасы құруға мүмкіндік береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал