facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-olzhet-md-ba-amen-e-b-r-nsh-k-zhe-nd-rush-turaly
logo
Қазақстандағы қолжетімді бағамен ең бірінші көже өндіруші туралы

25.11.2018

Қазақстандағы қолжетімді бағамен ең бірінші көже өндіруші туралы

Керим Байтик, 31 жаста, туған жері — Алматы, Nomad Drinks ЖШС брендінің негізін салушы, @nomad_drinks


Барлығы қалай басталды

Барлығы 2015 жылы Алматы мен бүкіл Қазақстанның сауда желілеріндегі орындарды сараптаудан басталды. Кәсіпкермін және көп жылдар бойы түрлі бизнестермен айналысып келемін. Ұлттық сусындар сегментіндегі орын бос болды. Негізгі мақсатым — пайдалы сусын өндіру. Дүкендерде негізінен Coca-Cola, лимонад және газдалған сусындар сатады, ал олардың құрамында түрлі бояғыштар, алмастырғыштар және тұрақтандырғыштар бар. Ал мен клиент шынымен де разы болатын өнім жасағым келді.

IMG_0806.jpg

Балалық шақтан бастап қазақтардың, әсіресе ауылды жерде тұратындардың әжелері дәнді сусындар жасайтын. Сондықтан көптеген қазақстандықтарға "көже" деп аталатын сусынның дәмі де, атауы да таныс. Тамақ өнеркәсібімен бұрыннан таныспын, алайда сусын өндіруде тәжірибем болған жоқ. Сынап көру мен қателесу арқылы үйренуге тура келді.


Атауы туралы

Nomad Drinks — көшпенділердің сусыны. Ол тек қазақтардың тарихымен ғана емес, барлық адамдармен байланысты. Түрлі көрмелерге барып, дәнді дақылдар оның ішінде ашымалы сүт пен ашытылған өнімдердің өндірілуіне мыңдаған жылдар бойы жасалып келе жатқанын білдім. Оны тек қазақтар ғана өндірмейді, Шығыс Еуропа, Түркия, Армения да өндіреді.
Бір жерлерде ол ұмытылған, ал бізде дайындау тәсілдері сақталған. Бұл қолыңызда бар ингредиенттерден жасалуға тиіс сусын. Барлығы оңай және керемет. Сүтті, дәнді дақылдарды өндеудің нәтижесінде көже пайда болады.


Қиындықтар туралы

Қиындықтар көп болды. Мәселен, 2014 жылы қажетті жабдықпен қамтамасыз ететін ұйыммен келісім жасастық. Ал жабдықтар тот баспайтын болаттан жасалған, оған қоса тоңазытқыш бөліктері, редуктор, мотор, сорғы бар. Бізді алдап, қолданылған жабдықтарды жеткізді. Басты қиындық Қазақстанда ешкім техникалық жабдықтарды жасамайтындықта болды. Басқа елдерге жүгінуге тура келді, ал бұл тәуекелге баруды білдіреді. Құжаттарда жазылған дүние мен шын мәнінде жеткізілген тауар әртүрлі. Барлық сатып алған нәрсені лақтырып, жаңадан сатып алуға тура келді.

26993634_1974957239436470_3866479565668530657_n.jpg

Тағы бір қиындық қажетті жабдықтарды таңдау мен сусындарды өндіру саласында білікті мамандар жоқ. Қарауға болатын техникалық стандарттар мен ережелер де жоқ. Әлі де рецепт пен жаппай өндірісті түсінетін мамандарды табу қиын.
Құнсызданудан кейін барлығы екі есе өсті. Ал қоғамдық тамақтану жабдықтары мен қызмет көрсету қымбат сала. Әлсіз нарықта жаңа тауарды сату қиын болды, әсіресе соңғы бірнеше жылда. Тіпті Қазақстанда бұрыннан бері істеп келетін ірі зауыттардың өзі сатудың 50% дейін төмендеуін анықтауда.

Нан, сүт өнімдері секілді ең қажетті тауарларды өндіріп, жарнамаға ақша жұмсамауға болады. Немесе жаңа нәрсе өндіріп, маркетинг пен жарнамаға көп ақша жұмсауға болады. Адамдар сеніп, сусын шынымен де ақша мен назарға лайықты екенін түсіну үшін жылдар қажет.


Nomad Drinks туралы

Мұндай өнімді өндіру үшін зауыт керек жоқ, санитарлық нормаларға сай цех жеткілікті. Біздің цех 250 шаршы метр, толығымен жабдықталған және онда білікті мамандар жұмыс істейді.

Дайындау кезінді қолданатын барлық компоненттер қазақстандық.

21768112_1924729904459204_1819196813890288958_n.jpg

Өнім Алматылық Magnum, Арзан, Interfood пен В санатына жататын дүкендерге жеткізіледі. Аймақтарға да жеткізу бар — Тараз, Шымкент. Онлайн-сатуды іске қосайын деп жатырмыз, ресми сайтымыз бар, Алматы қаласы бойынша жеткізу тапсырыстары келіп жатады.

Бізде дайын жетілдірілген рецепттері бар мұндай сусындардың жеті түрі бар. Барлық сусындарды белгілі ретпен сатуға тырыстық. Бүгінгі күнде ауқымды ұсыну жасау қажет емес екенін түсіндік. Сауда орталықтарына жеткізетін көженің екі түрін анықтадық.

«Арпа көже» — арпа сусыны, толығымен жуылған, тазартылған, бөлшектелген астықтан тұрады. Оның қышқыл тығыз дәмі бар. Ең бастысы — сусын өте пайдалы. Зертханаға анализдерді тапсырып, біздің өндіру технологиямыз пайдалы қасиеттердің 80% сақтап қалатындығын анықтадық. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендер мен ағзаға қажетті макро және микроэлементтер бар.

Ақтаған арпа қосылған ашымалы сүт өнімі — «шалап көже». Бұл көженің құрамындағы элементтерсіз өсіп келе жатқан ағза дұрыс жетіле алмайды.

Біздің сусындар тек шөлді баспай, тойдырады. Көже дененің дәруменді-минералды кешенін толтырады. Табиғи сусын ас қорытуды жақсартып, қышқыл-сілті балансын сақтайды. Күніне осындай сусынның бір стақанын ішу қажет.


Жетістіктер мен жоспарлар туралы

Үнемі рецептті жетілдірумен жұмыс жасаймыз. Сусындарды сақтау мерзімі 30 тәулік. Қысқа сақтау мерзімі сусындарды алыс жерлерге жеткізу мүмкіндігін азайтады. Тоңазытқыштары бар көліктерді жалға алуға тура келеді. Жақын уақытта сақтау мерзімін 60 күнге дейін арттырамыз деген үміттеміз. Одан кейін басқа нарыққа шығуды жоспарлаудамыз, қазірдің өзінде онда сұраныстар бар.

Клиенттеріміздің көбісі сусынды тұрақты түрде пайдаланғаннан кейін денсаулықтары жақсарғанын айтып жатады.
Мұндай сөздерден кейін көңіл-күйіміз көтеріліп, істі бекер жүргізіп жатпағаныңды түсінесің. Біз орташа қазақстандықтың денсаулығына үлес қосамыз. Біздің мақсатымыз тек өндірісті ашып, ақша табу ғана емес, іс жүзінде пайдалы сусын жасап, адамдар рақмет айтып, жұмсаған ақшаларына өкінбейтіндей жасау.

Басты мақсаттарымыздың бірі — жастарды қызықтыру, олардың пайдалы тағамға қатысты түсініктерін өзгерту.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.