facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-k-r-ster-alay-m-r-s-r-p-nemen-aynalysatyndary-turaly
logo
Қазақстандағы кәрістер қалай өмір сүріп, немен айналысатындары туралы
Өмір сүру стилі

29.07.2018

Қазақстандағы кәрістер қалай өмір сүріп, немен айналысатындары туралы

Глафира Алексеевна Ким, 82 жаста, туған жері — Қарағанды, зейнеткер


Мен Таяу Шығыста туылдым, 1937 жылы отбасыммен бірге көшірді. Осында келгенімде бір жарым жаста болдым. Қазақстанда өстім, қазір Қарағандыда тұрамын.

1.jpg

Жас кезімде тігін өндірісінде, институттағы оқуымнан кейін саудада жұмыс істедім, кейін Қарқаралыда аймақтық тұтынушы одағына тауар бақылаушысы болып жұмысқа тұрдым.

Қазақстан — менің екінші Отаным, себебі осы жерде өсіп, бүкіл өмірімді өткіздім.



Қиындықтар туралы



Поездбен бір айдан астам уақыт жүріп келдік. Таяу Шығыстан 10 қазанда шығып, мұнда желтоқсанның басында келдік. Поезддан жалаң далаға шығарып тастады. Қазақ халқына шанамен қабылдап, алып кеткендері үшін рақмет. Кішкентай балалар мен аналарды үйге жайғастырып, ересек балаларды, еркектерді, аталарды клубтарға, мешіттерге, қоймаларға орналастырды. Көктемге дейін шыдап, күн жылысымен олар жер қазып, үйлер сала бастады. Осылайша аман қалдық.

Біз, кәрістер, қысты күні асырап алған қазақ халқының жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз, өзімнің екінші Отанымды мақтап тұтамын.



Ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы



Немерем Кореяда оқыған кезде мені шақырған болатын. Бірақ мен бас тарттым, себебі он сағат ұшып баруға денсаулығым шыдамайды.

Кәрістерде адамның өмірі үш үстел деп есептеледі. Ең бірінші үстелдерін ата-аналары сәби бір жасқа келген кезде дайындайды, екінші үстел — үйлену тойы, ал үшінші үстелді 60 жасында балалары жаяды. Осындай дәстүрлердің барлығын ұстанамыз.

Бұрын кәрістердің үйлену тойы екі дастархан болып тойланатын. Бірінші дастархан түскі асқа дейін қалыңдыққа келіп, тойланатын, кейін қалыңдықты алып кетіп, ары қарай күйеуінің дастарханында тойланатын. Қалыңдықтың үйіндегі дастархан күйеуі мен оның туыстарына арналады, ал күйеуінің дастарханы — қалыңдық пен оның туыстарына.

Кәріс пен қазақ ас үйлерін бірдей жақсы көремін. Қазір қазақ мерекелерінде кәрістердің тағамдары дайындалады, ал кәріс мерекелерінде бауырсақ пен бесбармақ әзірленеді.



Сүйікті орындар туралы



1990 жылы Кәріс мәдениет орталығы ашылды, ол жерге ашылған күннен бастап, қазіргі күнге дейін барып тұрамын. Бұрын барлық мәдениет фестивальдеріне қатысатынмын. Тағы театрға барғанды ұнатамын, бір де бір премьераны жібермеймін, жастайымнан театрға құмармын.

Біздің компанияда он зейнеткер адамбыз. Екі көлікпен Федоров орманына барып тұрамыз.

Жасым 82, сондықтан алыс жерлерге сирек барып тұрамын. Таразға әпкелеріме, Алматыға ағама барамын. Қарағандыда поездға отыруға көмектеседі, ал келген кезде қарсы алады.


Виктория Ким, 24 жаста, туған жері — Астана, журналист


Қазақстанда кәрістердің бесінші ұрпағы тұрып жатыр. Менің арғы аталарым мен әжелерім 30 жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Өзбекстанға келді. Мен және ата-анам оңтүстікте туылдық, ал 12 жыл бұрын Астанаға көшіп келдік.

IMG_9688.JPG


Қиындықтар туралы



Арғы аталарым мен әжелерімді көрген жоқпын, сондықтан қиындықтар туралы кітаптар мен деректі фильмдерден білемін.

Астанаға көшіп келгенде қазақ тілін меңгеру қиын болды, себебі өмірімнің жартысын Байқоңырда өткіздім. Және қазақ дәстүрлерін де білмедім, бірақ достарым бейімделуге көмектесіп, қазір өзімді нағыз қазақ қызы деп сеземін.



Ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы



Маған қазақтар мен кәрістердің салттарының ұқсастығы ұнайды. Бұған үлкендерге деген сыйластық пен отбасылық дәстүрлерді жатқызуға болады.

IMG_9880 (1).jpg

Кореяда он күн бойы болдым. Өткен жылы онда жұмыс бабыммен барып, оны демалыспен байланыстыра алдым. Корея — заманауи ел және ханкугтердің менталитеті бізден ерекшеленеді. Хангук кәріс тілінде «кәріс» дегенді білдіреді. Ол жерде бізді қазақ деп есептейді. Кәрістер байқампаз және тиянақты, кейде шамадан тыс. Олар басқалардың және өздерінің уақытына мұқият қарайды. Және оңтүстік кәрістер тым шулы және дүрбелең, біз көптеген нәрселерге жай қараймыз.



Сүйікті орындар туралы



12 жылдың ішінде менде қалада сүйікті орындарым пайда болды. Әрбір астаналық үшін бұл жағалау, себебі ол жерде таныстарың мен достарыңды кездестіресің, ал жазды күні отырып, демалуға болады. Астананың сол жағалауы өзінің сауда үйлері мен сәулетімен танымал. Маған Астанада серуендеуге саябақтар құрып жатқаны ұнайды: Ботаникалық бақ, «Жерұйық», Жетісу. Заманауи қалада өмір сүріп жатқаның сезіледі.



Жоспарлар туралы



Ұзақ мерзімді жоспарлар жасамаймын. Егер алдыма мақсат қойсам, оған бір жылдың ішінде жетуге тырысамын. Жақын болашақта магистрлік диссертациямды қорғағым келеді.


Лидия Ан, 18 жаста, туған жері — Мырзакент, студент, «Мисон» ансамблінің қатысушысы, Кәріс мәдениет орталығында кәріс мәдениет дамуының көшбасшысы


Менің арғы бабаларымды 1937 жылы Таяу Шығыстан Орта Азияға көшірді.

лидия1.jpg


Қиындықтар туралы



Арғы аталарым мен әжелерімді көшірген кезде тілдік кедергі пайда болды, себебі олар орыс тілінде сөйлей алмады. Әкемнің жағынан арғы атам Өзбекстанда алдымен өзбек тілін меңгеріп, кейін орыс тілін үйренді.

Қазақстанда көптеген туыстарым мен достарым тұрады, сондықтан маған бұл жерде ұнайды. Астана ұнайды, өйткені ол жас әрі әдемі қала. Достарымен кездесіп, әңгімелесу үшін көптеген қызықты орындарды табуға болады.

Отбасым Астанаға 2012 жылы көшіп келді.



Ұқсастықтар мен ерекшеліктер туралы



2016 жылы Кореяда этникалық кәрістерге арналған лагерьде болдым. Маған тарихи Отанымның мәдениеті мен менталитетімен танысқан қызық болды.

Қазақстар мен кәрістердің дәстүрлері ұқсайды. Бізде де баланың бір жасқа келуін тойлап, алдына таңдау үшін бірнеше нәрселерді қояды. Кәрістер қазақтар секілді үлкен адамдарды сыйлайды. Қазақ пен кәріс әліпбиі де ұқсас, сондықтан тілддерді меңгеру қиын емес.

Біздің отбасы салттарды ұстанады. Біз сәбидің бір жасқа келуін тойлаймыз, үйлену тойын өткіземіз, ата-аналарымыздың мерейтойларын атап өтеміз. Ал мәдениет орталығында күз мерекесін тойлап, кәрістік Жаңа жылды тойлаймыз.



Сүйікті орындар туралы



Мен Кәріс мәдениет орталығына барғанды ұнатамын, себебі ол жерде дайындықтарымыз өтеді және онда достарым да көп. Орталық саябақтың жанындағы жағалау мен сол жағалау ұнайды.

лидия5.jpg

Кәріс мәдениет орталығында «Мисон» ансамблінде билеймін. Ол 1995 жылы қаланған және жақында өз мерейтойын атап өтеді. Орталықта балалар, жасөспірімдер және әжелеріміз билейтін ересек адамдарға арналған топтар бар. Сондай-ақ, әжелер хорда өлең айтады, дабылда ойнайтын топ бар, олар дәстүрлі кәріс аспаптарында ойнайды. Мәдениет орталығында кәріс сабақтары өтеді, ал жексенбі күні балалар тілді меңгереді.



Жоспарлар туралы



Институтты үштерсіз бітіріп, тілді үйренгім келеді. Кәріс тілінде алты деңгей бар. Өз білімдеріңді растау үшін кәріс тілінен емтихан тапсыру қажет, ол TOPIK деп аталады, бұл ағылшындағы IELTS/TOEFL секілді. TOPIK-ты бірінші реттен тапсырғада бірден екінші деңгейді алдым. Енді жоспарымда өз білімдерімді жоғарлату бар.







Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.