facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-bank-zh-mysyna-ara-anda-a-sh-ba-men-t-rkiyada-y-yzmet-k-rsetu-salasynda-k-b-rek-a-sha-tabu-turaly
logo
Қазақстандағы банк жұмысына қарағанда АҚШ, БАӘ мен Түркиядағы қызмет көрсету саласында көбірек ақша табу туралы
Басты бет

06.08.2018

Қазақстандағы банк жұмысына қарағанда АҚШ, БАӘ мен Түркиядағы қызмет көрсету саласында көбірек ақша табу туралы

Нариман Маматов, туғанжері — Астана, даяршы


Қазіргі уақытта тұрып жатқан елі: БАӘ, Дубай


Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



Дубайға шамамен бір жыл бұрын көшіп келдім. Әлемді көріп, ақша тауып, қолайлылық ортасынан шығып, өзімді тауып және тіпті жасөспірімдердей бір қызықты тәуекелге барғым келді. Көп нәрсені көріп, күшімді шынымен де құнды бір нәрсеге жұмсағым келді.

465

Жұмыс іздеуге Әділ деген досым көмектесті. Негізгі қиындық менің ағылшын тілін білмегендігімде болды. Маған ұсыныс жасап, қоңырау шалды, бірақ оларды түсінбедім, себебі тек қазақ тілі мен орыс тілін білдім. Тіпті сұхбаттасу кезінде аудармашымен бірге отырдым. Ақыр соңында мені орысша сөйлейтін туристер көптеп келетін қонақ үйге жұмысқа қабылдады. Тіл — бұл басты нысан, бірақ ұмтылыс сізге ең қажет нәрсе.

Қазір Bulgari қонақ үйінде даяршы болып жұмыс істеймін. Қызмет көрсету саласына тұрған себебім: мұнда оңай әрі ағылшын тілін меңгеру үшін уақыт та жеткілікті. Бірақ, бұл қалағанымдай мансап құратын сала емес. Бұл тек бастамасы.



Жұмыс қиындықтары мен артықшылықтары туралы



Қонақ үйдегі жұмыстың кемшіліктеріне қарағанда жақсы жақтары көбірек. Айтарлықтай қиындықтарды байқаған емеспін. Артықшылық деп жұмысқа тұрған кезде жұмыс істеуге қолайлы болатындай барлық нәрсемен, яғни тұрғын үй, тамақтандыру, сақтандыру полисі, киім, виза, билетпен қамтамасыз ететіндерін айта аламын.

Қонақ үйде жұмыс істеген кезде мәдениеттің әртүрлілігімен кездесесің. Және, ең бастысы, жоғары деңгейлі қонақ үйде жұмыс істесеңіз, басшылық қызметшілермен жұмыс жасау үшін керемет спикерлерді шақырады. Мұндай кездесулерден қалмауға кеңес беремін, өйткені, бұл сіздің кәсіби қызметіңізге әсерін тигізіп қана қоймай, ағылшын тілін жақсартуға көмектеседі.



Табыс туралы



Дубайдағы адамдар толерантты, ешкім сізді даяршы болып жұмыс істегеніңізге кекетпейді. Егер ондай жағдайлар болса да, жалақыңыз 1000$ -дан асып, сіз барлық нәрсемен қамтамасыз болсаңыз, мұндай көзқарасқа назар аудармауға да болады.

Қонақжайлылық саласы — бұл тұрақты мен уақытылы табыс беретін қызмет жүйесі.



Жоспарлар туралы



Өзімді ритейл, яғни сауда саласында дамытқым келеді. Әрине, барлық нәрсеге шынайы қараймын, орта брендтермен жұмыс істеп бастайтынымды білемін, бірақ ары қарай өзімді ірі компанияларда дамытуды жалғастырамын. Менің ойымша, бұл жерде бір-екі жылға емеспін.


Асель Авджы, 31 жаста, туған жері — Алматы, сарапшы-бағалаушы


Қазіргі уақытта тұрып жатқан елі: Түркия, Стамбул


Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



2015 жылы көшіп келіп, Түркияға магистратураға түстім, ал екі жылдан кейін тұрмысқа шықтым.

495

Түркияда жұмыс табу айтарлықтай қиын емес, барлығы сіздің қайда жұмыс істеу келетініңізге байланысты. Посткеңестік кеңістіктен келген көптеген адамдар көбінесе қызмет көрсету саласында жұмыс істейді: бала күтуші, тазалаушы. Ондай жұмысқа орналасқым келмеді, себебі Қазақстанда тоғыз жыл бойы банкте жұмыс істеп, мамандығыма сәйкес жұмыс тапқым келді. Көшіп келгеннен кейін тоғыз айдан соң бір тоқыма компаниясында жұмыс таптым, олар Еуропада түрлі брендтерге киім тігумен айналысты. Сол себепті менің ең бірінші жұмысым өндіріспен байланысты болды, ол жерде бір жыл жұмыс істеп шықтым.

Бұдан кейін маған Galvanni компаниясы жұмыс ұсынды және мен сонда өттім. Клиенттермен жұмыс істеуді өзім таңдаған жоқпын, бірақ менің құзыреттерім бизнестің осы саласына сай келеді.



Жұмыс қиындықтары мен артықшылықтары туралы



Кейде клиенттермен жұмыс істеген кезде мен тоқыма саласындағы ұсақ-түйек нәрселерді білмеуіме байланысты қиындықтарға тап боламын. Бірақ, бұған қарамастан егер қызмет көрсету саласында жұмыс істесең, онда өз жұмысыңды бастан-аяқ білу керексің деген позицияны ұстанамын. Егер клиент сұрақ қойса, ода сенің сұраққа жауап беруге қабілетсіз екен деген ой туындамау керек.

Тауарды шетелге жіберген кезде басқа елдердің логистикасы немесе шекара жүйесіндегі ерекшеліктерін білмейтін жағдайлар болады. Бірақ менің оқуға деген ниетім бар, сондықтан жаңа нәрсені біліп, есте сақтауға тырысамын. Сол себепті үлкен қиындықтарға тап болған жоқпын.

Жұмысымның басты артықшылығы ғаламтор сайттарының, қызмет көрсетулерінің қалай жұмыс істейтінін біліп отырамын. Қазір кез келген бизнес уақытпен бірге дамып келе жатыр, сондықтан онымен бірге дамуға тура келеді. Бұл компания маған көптеген жаңа ақпараттар, дағдылар, кәсіби білім береді. Ғаламтор-сауда білімі маған келешекте басқа да компанияларда керек болады.



Табыс туралы



Өкінішке қарай, Қазақстанда егер қызмет көрсету саласында жұмыс істесең, онда қоғамның төменгі буыны болып саналасың деген түсінік бар. Түркияда олай есептемейді, мұнда кез келген еңбекті сыйлайды. Бізге шетел клиенттері келген кезде ешкім жаман көзқарастарын білдірмейді. Компаниямызда тіпті шай таситын адам бар және барлығы оған сыйластықпен қарайды.

Менің ойымша, ешқашан бір орында өмір бойы жұмыс істеймін деп ойлауға болмайды, себебі таптырмайтын жұмысшы жоқ. Қазір табысым тұрақты және жалақым да өзіме ұнайды.

Қазақстанда банкте жұмыс істеген кезде таңертеңнен түнге дейін жұмыс істеп, белгілі бір сома алатынмын. Ал бұл жерде сәл көбірек сома үшін артық жұмыс істеуге тура келмейді. Сондай-ақ, компания жақсы әлеуметтік пакет ұсынып, сақтандыру рәсімдеп, түскі асты төлейді.



Жоспарлар туралы



Бір қызметте өмір бойы жұмыс істемеймін, алға өсуге тырысамын. Егер келешек жоқ екенін көрсем, онда оны басқа жерден іздей бастаймын. Қазір банкте жұмыс істегім келмейді, менің жұмысым шығармашыл әрі белсенді, мұнда күнде қайталанатын істер аз.

Болашақта, мүмкін, екі елде бірдей немесе Еуропада тұрамын. Осы жерде алған тәжірибе маған кез келген мемлекетте қажет болады.


Анара Аубакирова, 20 жаста, туғанжері — Астана, журналист


Қазіргі уақытта тұрып жатқан елі: АҚШ, Мертл-Бич


Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



АҚШ-қа 1 маусым күні, яғни бір жарым ай бұрын келдім. Мұнда Work & Travel бағдарламасы бойынша келдім, себебі бұл жазғы мезгілде ақша табудың жақсы мүмкіндігі.

9.jpg

Бұл бағдарлама бойынша жұмыс табу қиын емес, себебі онымен жұмыс берушілермен байланыс орнататын арнайы адамдар айналысады. Оларға 300 $ төлеп, олар сені жұмысқа қабылдаумен келіседі.

Қызмет көрсету саласы арнайы білім мен дағдыларды талап етпейді, егер адамдармен жұмыс істесең, тек қана тілді білу қажетсің. Мен фастфуд-мейрамханасында жұмыс істеймін, олардың желісі АҚШ-ғы үздіктердің бірі және басқа елдерде де бар. Шынымды айтсам, барлығын соңғы уақытта істедім, бұл жұмысқа орналасудың ең соңғы мүмкіндігі болды, сол себепті мен осындамын.



Жұмыс қиындықтары мен артықшылықтары туралы



Жұмыста қиындықтарға тап болмаймын. Мүмкін, ағылшын тілін білмесең, қиындықтарың болатын шығар.

Даяршылар кез болатын ең үлкен қиындық мұнда қызмет көрсеткенің үшін пайыздар есептелмейді, тек қана шайпұл беріледі. Даяршылардың мөлшерлемесі айтарлықтай үлкен емес, сондықтан олар тек шайпұлмен ғана күн көреді және барлығы даяршының қаншалықты жақсы екеніне байланысты. АҚШ-та мұнымен аса қиындық жоқ, себебі ағылшындардың қолы ашық.

Сондай-ақ, американдықтардың сәл жиіркенетіндерін байқадым. Бір рет байқаусыздан балмұздақ құйылған стаканды басқа адамға беріп қойдым және оны қайтарып, иесіне бергім келген кезде клиент алмай қойды. Бұл барлық жерде байқалады және мұндай салада жұмыс істеген кезде мұқият болу қажет.

АҚШ-та адамдар әрқашан күлімдеп, амандасады және бастапқы кезде саған екі есе мейірімді болу керек. Бұл керемет, себебі Қазақстанда ондай жоқ. Алғашқы кезде әрқашан күлімдеу үйреншіксіз болды, бірақ бір айдан соң қысылу кетті.

Басқа мамандықтармен салыстырсақ, бұл салада артықшылықтар көп емес. Бірақ, егер мұндағы мен Қазақстан арасындағы қызмет көрсету саласын салыстырғанда жалақы бұл үлкен артықшылық.

Менде Қазақстанда қызмет көрсету саласында тәжірибем болды және ең басты ерекшелік — клиенттердің қарым-қатынасы. Шетелдіктер күлімдеп, алғыс айтады және саған бір нәрсені жақсырақ білетін адам ретінде қарайды.



Табыс туралы



АҚШ-адамдар өз өмірлік ұстанымдарына, мақсаттарына жеңілірек қарайды. Егер Қазақстанда 30 жасыңда қызмет көрсету саласында жұмыс істесең, бұл кішкене ұят. Ал мұнда барлығына бәрібір, адамдар 20-30 жыл бойы даяршы болып жұмыс істейді, өйткені бұл оларға ұнайды.

Мен 2 аптада ең аз мөлшерлемемен шамамен 640 $ табамын. Үнемдеген жағдайда, үй жалдауға 200 $, тамаққа 50 $кетеді және шамамен 300 $ жинауға қалады. Бір жыл осылай өмір сүріп, көлік сатып алуға ақша жинай аласың. Бұл жағынан мені барлығы қанағаттандырады. Бірақ, бұдан да жоғары жалақылар бар — күніне 200-300 $, барлығы қандай мейрамханада жұмыс істейтініңе байланысты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.