facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-adamdar-tarihi-m-rasyn-ma-tan-t-tady-zh-ne-sheteld-kterge-k-mektesuge-dayyn-lybritaniyaly-ah-o-da-y-zh-mysy-d-st-rler-men-adamdar-zhayynda
logo
«Қазақстандағы адамдар тарихи мұрасын мақтан тұтады және шетелдіктерге көмектесуге дайын», — ұлыбританиялық АХҚО-дағы жұмысы, дәстүрлер мен адамдар жайында

21.06.2022

«Қазақстандағы адамдар тарихи мұрасын мақтан тұтады және шетелдіктерге көмектесуге дайын», — ұлыбританиялық АХҚО-дағы жұмысы, дәстүрлер мен адамдар жайында

Уилл Эстонның қаржы және банк саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Осыдан алты жыл бұрын ол Қазақстанға көшіп келіп, өз компаниясын құрды, қазір ел экономикасының дамуына үлес қосып жүр.


Уилл Эстон, қаласы — Нұр-Сұлтан, Ozara Services компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі

Уилл Эстон.jpg

Өзі жайында


Мен Австралияда дүниеге келдім, бірақ Ұлыбританияда білім алып, ер жеттім. Менің кәсіби мансабым Лондондағы Arthur Andersen қазір Andersen Consulting and Accenture деп аталатын компанияның ақпараттық кеңес беру басқармасының бөлімінде басталды.

Менің банк ісі, активтерді басқару және қаржылық қызметтерді реттеу саласында басшылық лауазымдарда кеңесші ретінде 35 жылдан астам тәжірибем бар.

Қазақстанға келмес бұрын мен Абу-Дабидегі халықаралық қаржы орталығы — Abu Dhabi Global Market-ті құру бойынша жұмыс істеген команданың бір мүшесі болдым.

Қызметі жайында


Мен Қазақстанға 2016 жылдың мамыр айында келдім. Бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы енді ғана құрылып жатқан кез еді, мен ADGM-де алған тәжірибемді пайдаландым. Бұл менің осы аймаққа алғашқы сапарым болды.

Мұнда жаңа халықаралық қаржы орталығы, биржа, ағылшындық ортақ құқық құқықтық жүйесі және сот-төрелігі орталығы құрылды.

ЭКСПО әкімшілігі кеңсесіндегі алғашқы кездесу есімде. Кабинет іші іс жүзінде бос болды, бірақ мені қатысушылардың қаншалықты жарқын және жас екендігі қайран қалдырды. Осы адамдармен иық тірестіре жұмыс істей отырып, олардың таланты мен потенциалдарын сезінемін.

2018 жылдың қаңтарында бизнеске арналған АХҚО ашылды. Сол кезде Ozara Services құрылды. Мен құрылтайшы әрі басқарушы серіктеспін, осы бизнес үшін толық жауапкершілікті аламын.

ЭКСПО.jpeg

Біз мамандандырылған заңгерлік және консалтингтік компаниямыз. Біздің топтың 60%-ға жуығы— қазақтар, қалған 40%-ы — шетелдіктер. Қаржы, құқық пен сауданы реттеу бойынша жергілікті және жаһандық тәжірибені біріктіріп, клиенттерге бизнестегі мақсаттарына жетуге көмектесеміз.

Мен АХҚО әлеуетін көремін. Ол Қазақстанның дамуына көмектесетін орталық бола алады. Алайда осы потенциалды коммерциялық жаққа айналдыру қиын болуы мүмкін. Мен қазір мансабымның басында емес, соңына жақынмын. Сондықтан мені өзімнің жасым мен тәжірибемді қажет еткен жерге ұсына алатыным мотивация береді.

Қазақстан мен адамдары жайында


Маған жергілікті тағамдардың ұнайтынын күтпеген едім. Сондай-ақ мұнда тамаша шараптар да табылады. Мен үшін осындағы адамдардың тост айту дәстүрі ұнамды тосынсый болды.

Қазақстандықтар — жылы әрі досшыл адамдар


Мен Қазақстанда танысқан адамдар басқа елдердегі тура сондай қызметтегілерге қарағанда жас. Мысалға, АХҚО-ның реттеушісінің көп жылдық тәжірибесі болмауы мүмкін, бірақ қаржылық қызметтер көрсететін басқа юрисдикциялармен салыстырғанда мықты академиялық дайындыққа ие.

Қазақстандықтар — жылы әрі досшыл адамдар. Олар өздерінің тарихи мұрасын мақтан тұтады, сонымен бірге егер дәстүрлерін білмесең шетелдіктерге көмектесуге дайын тұрады.

Жоспарлары жайында


Жоспарымда Ozara Services -пен соңғы төрт жыл бойы істеп келе жатқан жұмысымды жалғастыру. Бұл Қазақстанның экономикалық орталық болуына негіз болатын АХҚО-да банктік, инвестициялық және коммерциялық кәсіпорындар құруға көмек көрсетеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм