MBA — кәсіби менеджмент саласында білім алған мамандарға берілетін академиялық дәреже. Оқу барысында алған білім сізге өз бизнесіңізді құруға немесе компанияңызды келесі деңгейге көтеруге көмектеседі. Бүгінгі материалымызда осы бағыттағы Қазақстанның үздік университеттері туралы айтып бермекпіз.
Қазақстандағы ең үздік университеттердің бірі америкалық Duke University бизнес мектебімен стратегиялық серіктестікте MBA бағдарламасын жүргізеді. Мұндағы оқыту тілі — ағылшын тілі. Ұзақтығы: 16 ай.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптардың ішінде: бакалавр дәрежесі немесе оның баламасы болуы, ағылшын тілін жетік білу, ALEKS/GRE/GMAT емтихандарында жоғары нәтижелер көрсету.
Almaty Management University-де бірнеше MBA бағдарламасы бар:
— «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»: денсаулық сақтау саласындағы топ-менеджерлер үшін
— «Қаржы инженериясы»: тәуекел-менеджерлер, талдаушылар, инвесторлар үшін
— «МВА-ның модульдік-қашықтан оқытылатын бағдарламасы»: жұмыс кестесі тәуекел-менеджерлер мен басшылар үшін
— General MBA: орта және жоғары буындағы менеджерлер, бизнес иелері үшін
— Executive MBA, Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен бірлесе отырып.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
General және Executive МВА-дан басқа университетте Healthcare management бағыты бойынша бағдарлама бар. Оқыту әртүрлі форматта өтеді:
— Full Time — оқытудың классикалық форматы
— Blended — модульдік және қашықтықтан оқыту кешені
— Weekend-формат — демалыс күндері айына екі рет оқу.
Kazakh-British Technical University
Бағдарламаның ерекшелігі — модульдік оқыту, ол басқа қалаларға сапарларды қарастырады. Студенттер бизнес-кейстерді шешеді, дизайн жұмыстарын орындайды, тренингтерге, шеберлік сабақтарына және іскерлік ойындарға қатысады.
Оқу мерзімі: 12-15 ай. Оқыту тілі: ағылшын немесе орыс. Мамандықтар:
— «Мұнай және газ»
— «Жалпы менеджмент»
— «Қаржы»
— «Жобаларды басқару».
Narxoz университетіндегі бағдарлама кәсіпқойлар, кәсіпкерлер және менеджерлер үшін қолайлы. Артықшылықтарының ішінде: кәсіби тәжірибесі бар халықаралық және қазақстандық мұғалімдер, әлеуетті серіктестермен танысу және нақты кәсіпорындар үшін зерттеулер жүргізу мүмкіндігі.
Ұзақтығы: бір жыл. Оқыту тілі: ағылшын және орыс. Құны: 3 500 000 теңге.
KIMEP University
«Мини MBA» бизнесмендерге, топ-менеджерлерге, сарапшыларға және ірі компаниялардың қызметкерлеріне қолайлы. Ол — FIBAA халықаралық аккредитациясына ие Қазақстандағы жалғыз кәсіби бағдарлама.
Ұзақтығы: бір жыл, негізі сегіз айда бітіруге болады. Оқу ақысы: 1 800 000 теңге.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Іскерлік басқару магистрі дәрежесі бизнес және менеджмент саласындағы білімін тереңдеткісі келетін бакалавриат түлектеріне сай келеді.
Ұзақтығы: екі жыл. Оқу форматы: модульдік-қашықтық.