Жібек Кулумбетова, 12 жаста, джиу-джитсу
Әлемнің екідүркін чемпионы, екі жыл ішінде көптеген республикалық және халықарлық жарыстарда жеңімпаз атанды.
Алан Құрманғалиев, 12 жаста, теннис
Алан Hopes Week нұсқасы бойынша ең үздік жас теннисші саналады. ITTF World Hopes Week and Challenge бойынша Оманда өткен үстел теннисінің әлемдік турнирінде күміс медаль иеленді.
Меруерт Камалиденова, 14 жаста, шахмат
Астанадағы Орталық Шахмат клубының тәрбиеленушісі, классикалық шахматтан Қазақстанның чемпионы. Меруерт 14 жасқа дейінгі әйелдер санатында Үндістанда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды.
Әбілмансұр Батырғали, 17 жас, каратэ
Буэнос-Айрес қаласында каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Жапонияда жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, бірнеше елде Әлем Кубогының жеңімпазы.
Тамила Муридова, 18 жас, семсерлесу
Семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңімпазы, ұлттық құраманың мүшесі.
Бекарыс Садуақас, 18 жас, дзюдо
Буэнос-Айресте өткен ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасында бірінші алтынды жеңіп алды. Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстанның үздік жас спортшысы атанды. Дзюдодан халықаралық федерацияның рейтингісінде 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие.
Андрей Чугай, 19 жас, велоспорт
Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионатының жеңімпазы. Биыл Оңтүстік Кореяда өткен велотректен әлем чемпионатында «алтын» алып келді.
Элизабет Турсынбаева, 19 жас, мәнерлеп сырғанау
Қазақстандағы ең үздік жас спортшы атағының иегері. Тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы, ресми жарыстарда төрт сальхты орындады. 2019 жылғы әлем чемпионатының Вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері, II қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Алишер Ерғали, 20 жас, еркін күрес
Еркін күрестен Қазақстан командасына Олимпиадаға лицензия алып келді, чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Бауыржан Жауынтаев, 21 жас, дзюдо
Кадеттер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері. Әлем біріншілігінің құрмет тұғырының шыңына көтерілген алғашқы Қазақстандық кадет.