facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-k-m-an-donory-bola-alady
logo
Қазақстанда кім қан доноры бола алады

16.09.2017

Қазақстанда кім қан доноры бола алады


Донорға қойылатын талаптар

Донор — өз қанын, онымен бірге науқасқа — денсаулық, өлім аузындағы адамға — өмір сыйлайтын адам. 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам біздің елімізде донор бола алады.

Бұдан басқа, мыналарды білген жөн:

— донор 50 кг-нан кем болмауы тиіс

— қан берер алдында өлшенген дене температурасы 37°С жоғары болмауы тиіс

— рұқсат етілетін систоликалық қысым — 90 нан 160 сын.бағ. мм, диастоликалық- 60 тан 100 дейінгі сын.бағ.

— жүрек қағысының рұқсат етілетін жиілігі — тамыр соғысының жиілігі минутына 50-100 соғыс.


Донор барлық бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы өзінде бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.


Донор ақылы түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.


Медициналық тексеріс және қан тапсыру күндері донор орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.


Егер донор әскери қызметкер болып табылса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады.


Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленетін мөлшерде және тәртіпте төлем жүргізіледі.



Сізге донорлықтан қандай жағдайларда бас тартуы мүмкін



Аз уақыт бұрын жасалған операциялар, түрлі аурулар, тропиктік және субтропиктік климатты елдерге сапарлар (Азия,Африка,Оңтүстік және Орталық Америка) — осының барлығы донорлықтан уақытша немесе тұрақты шеттетудің себебі болуы мүмкін.



Қан тапсырар алдында не білу керек



Донорларды қабылдау қан орталықтарында жеке куәлік, ҚР паспорты болғанда немесе әскери қызметкерлер үшін әскери билет болғанда жүзеге асырылады.


Донорларға келесі талаптарды білу және сақтау керек. Қан тапсырған күндері қан тапсыратын адамдарды түнгі уақыттағы, нормадан артық жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбектің зиянды қауіпті шарттарында жұмыстарға қатыстыруға рұқсат етілмейді.


Қан тапсырғанға дейін 2-3 сағат бұрын майлы тағам ішуге болмайды. Донор қанды аш қарынға тапсырмауы керек. Кешкілікте 6-7 сағат бұрын кешкі ас ішкен жөн, ал қан тапсыратын күні жеңіл таңғы аспен шектелу қажет.


Қан тапсырар алдында және тапсыратын күні алкоголь ішімдіктерін пайдалануға тыйым салынады.



Донор болудың артықшылықтары



Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз. 60 жастан асқан, өмірінде бірінші рет қан тапсырып тұрған адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар қанды тапсыруға медициналық тексеріс жүргізетін адамның шешімі бойынша жіберілуі мүмкін. Тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар әдеттегі адамдармен салыстырғанда 5-8 жыл көп өмір сүреді және апаттар, бақытсыз жағдайлардағы қан шығындарына неғұрлым шыдамды келеді.


Қан тапсыру иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және бауыр аурулары, сондай-ақ атеросклероздың профилактикасы үшін керек. Ағзадан артық қанды шығара отырып, сіз ішкі мүшелеріңізді жеңілдетесіз (атап айтқанда, көкбауыр және бауыр). Қандағы темірдің жоғары құрамы — зиянды. Қан шығыны темір құрамын азайтады.



Дереккөзі: egov.kz


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын