facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-diplomsyz-e-n-tizhel-zhas-marketolog-bolu-zhayynda
logo
Қазақстанда дипломсыз ең нәтижелі жас маркетолог болу жайында

Расул Абдуллаев

22 жаста, туған қаласы – Алматы, маркетолог

12.01.2019

Қазақстанда дипломсыз ең нәтижелі жас маркетолог болу жайында


Өзі жайында


Мен жақсы, мейірімді адаммын, әрдайым көмектесуге дайынмын. Мен альтруистпін. Соңғы уақытта мен өзімді зерттеумен айналысып жатырмын. Кант негізін салған «16 тұлғалар» тұлға типологиясы бойынша тесттен өттім. Менде ENFP нәтижесі шықты, ол менің эмпат және экстраверт екенімді білдіреді. Оның өзінде менің экстраверсиям жарқын көрінеді, мен өзімді адамдарсыз көре алмаймын деген сөз. Олар көбірек болғасын, мен одан сайын жігерлірек боламын. Мен у-шуды және оқиғалардың ортасында болуды ұнатамын. Мен әрқашан күшті нәрселер болып жақан жерлерде боламын.

20181003-WE PROJECT 1 инт (19).JPG

Мен білімге құмармын, жиі сұрақтар қойып, оларға жауаптар іздеймін.

Менің негізгі өмірлік қағидам «Жақсы көруші жақсы ойлайды, жақсы ойлауының арқасында ол өмірден тек рахат алады» деген мәні бар түрік мақалымен байланысты. Өзің оңбаған адам болсаң, саған да сондай қарым-қатынас болады. Ал егер жылы шырай мен мейірімділік қатынаста болсаң, саған деген қатынас та жақсы болады.


Алматы — Астана


Менің ата-анамның туған жері – Алматы. Мен де осында тудым, әртүрлі аудандарда тұрдым, Алматының қалай дамығанын көрдім. Мәселен, қазіргі халық тығыз орналасқан «Жетісу» ауданының орнында бұрын жүгері алқабы болатын, кішкентай кезімде мен сонда ойнайтынмын. Алматы мен үшін айрықша орын алатын, жылы қала. Осында адамдар арасында үлкен кереғарлық бар, кешкі өмірі дамыған. Менің ойымша Алматы мәдениет және интеллектуалды даму бойынша Қазақстанды алға тартады. Барлығы осы қалаға дамып жетілу үшін келеді, ал алматылықтар осында қалады немесе елден басқа жаққа кетеді.

20181003-WE PROJECT 1 инт (29).JPG

Мен өз қаламды жақсы көремін. Және де осында бір ұлы нәрсе ұйымдастырып, қаланы халықаралық деңгейге шығаратын адамдардың бірі боламын деп сенемін. Мен болашақта әрбір білімді адамның Алматыны білгенін қалаймын. Қазақстанда тұрып жатқанын, бұл қала алмалардың қаласы екенін, осында әдемі таулар, табиғат, адамдар бар екенін білгенін қалаймын. Мен осы жерді жақсы көремін, ол туралы фильм түсіріп, әндер жазғым келеді. Мен қала ішінде серундеген кезде, әрбір жерде менің бір бөлшегім көрінеді: төбелес болған жер, өскен жер, қарбыздар ұрлаған жерлер.

Сонымен қатар біраз уақыт мен Астанада тұрдым, бірінші рет алтыншы сыныпта оқыған кезімде. Мен үшін бұл ерекше кезең еді. Менің әжем Астанадағы елшілікте аспазшы болып жұмыс істеді. Мен әжеммен тұрдым және уақытымның басым бөлігін дипломаттардың қасында жүріп өткіздім, Италия, Жапония елдерінің елшілерімен әңгімелестім,басқа да дипломат-достарым болды. Қызықты болды. Бірақ астаналықтармен сол кезде достаса алмадым.

20181003-WE PROJECT 1 инт (22).JPG

Екінші рет мен Астанада университеттен кеткен кезімде, 2015 жылы болдым. Мені Retail consulting компаниясына жұмысқа шақырды. Сол жерде мен «Барыс» ХК алға жылжытумен айналыстым, әртүрлі жобалардың тұсаукесерлерін дайындап, стартаптарға қатыстым, қаржылық үлгіні жасап шығардым, оны стартаперларға ұсындым. Мен 18-19 жаста едім. Астанада мен сатуды үйрендім және келіссөздерді жүргізу дағдысына ие болдым.

Астана мен үшін қарбаласы жоқ қала.


Жанашыр жандар және олардың өмірлік істері


Мектептен кейін мен бағдарламашы мамандығы бойынша колледжге түстім. Бұл менің салам емес екенін түсініп, кетіп қалдым. Одан кейін Сүлеймен Демирел атындағы колледжге маркетологқа түстім. Кейін Түркиядағы «Айдын» Стамбул университетіне түстім. Бірақ сол жердегі оқу тым оңай еді, мен ешқандай жаңа нәрселерді білген жоқпын, сол себептен кетіп қалдым. Қазір менің дипломым жоқ, бірақ бұл маған кедергі келтірмейді.

Менің өмірлік ісім – маркетинг. Мен оған 16 жасымда келдім. Мен бұл іспен өмір сүремін. Мен өзімді бұл іске икемдендірдім. Маркетолог икемді, көпшіл болуы керек екенін білетінмін және бұл қасиеттер менің бойымда бар еді. Үздік мұғалімдерден сабақ алдым, онлайн-сабақтардан өттім, мықты компанияларда жұмыс істедім. Креатив, жарнама және маркетинг саласындағы «Каннский Лев» сыйлығы табысталатын шараға бардым. Биыл Қазақстанның ТОП-10 маркетологтары сыйлығын алдым. Солардың арасында ең жасы мен болдым. Бұл істі халықаралық деңгейге шығарғым келеді.

20181003-WE PROJECT 1 инт (31).JPG

Біз Samsung, Coca-Cola, Beeline, Orbit, Nestle сынды ірі компанияларға роликтер түсіреміз. Сонымен қатар менде құрбым екеуміз ашқан «Кекс» деген жеке компаниям бар. Сол жерде біз брендингпен, контент-маркетингпен айналысамыз, Yuframe Burger, Zheka’s Doner House сияқты жобалар жасаймыз, TerriTima Sushi-ді аштық, Ратбекпен «Самсараны» ашамыз. Ресей, Украина елдерінің компанияларымен қызмет жасаймыз, Өзбекстан нарығына шығып жатырмыз.

Алғашқы жобамен 17 жасымда айналысқан едім. Оның жолы болмады, бірақ келешек жобалар мен танысулар үшін жақсы негіз болды. Біз кәсіп пен маркетингтік жоспарлар жасауға үйрендік. Оны әртүрлі инвесторларға таныстырдық. Ешнәрсе шықпады, бірақ біз университеттермен бірнеше келісімшарттар жасадық. Ол үшін 40 ректорларға кіріп шықтық. 17-жастағы балалардың ірі ректорлармен сұхбат жүргізгенін елестетіңізші. Жайлы зонадан шығуға тура келду. Досым мені бір орында отырмай, әрекет етуге үйретті. Мақсат болса, жай ғана отырып, жоспар құрудың қажеті жоқ. Ойлаудың қажеті жоқ, жай ғана әрекет ету керек.

Мен өзімді кинодағыдай сезіндім. Менің ұсыныстарымнан бас тартқан кезде де, мен жетістікке жетекен кезімде, осы бас тартулар күлкімді келтіреді деп ойладым. Бас тартқан кезде екі нұсқа бар: бұл әрекеттің орны бар немесе мені дұрыс түсінген жоқ және мен әрі қарай түсіндіретінмін. Барлық келіссөздер жүргізу дағдылары –мамандығымның бөлігі. Достарым маған егер мен айтатын сөздерім үшін ақша алсам, әлдеқашан миллионер болар едім деп айтады. Менің соңғы басшысым маған: «Келіссөздер жүргізуді үйрену үшін оларды әрдайым өткізу керек және тыңдау керек» деп айтқан. Мен оның келіссөздерді қалай жүргізетінін бақылап, қайталайтынмын, кейін өз нәрселерімді енгізетінмін. Фильмер қарадым, келіссөздерде шоу ұйымдастыратын болдым.

20181003-WE PROJECT 1 инт (10).JPG

Мен қалайтынымның барлығы іске асып жатқаны үшін Аллаға ризамын. Скриптонит айтатындай: «Мен есіктерді қаққан жоқпын, олар өздері ашылатын». Мен барлық нәрселерге жеңіл қараймын және изгі ниетті болу керек деп санаймын. Егер адамда қиындықтар болса, ол өзі сондай жағдайға жеткізді деген сөз.

Маркетолог болу – өмірімдегі басты бағытым емес, бұл құралдардың бірі. Мен идеологиямын айналысқым келеді, сол үшін жаралғандаймын. Адамдар көбірек рухани дамып, жетілуі, оқып, сүйікті істерімен айналысуы үшін оларға ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіру. Мен үшін маркетинг – идеяларды жеткізудің әдісі.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Тыныштық. Қарбалыста болу жаман, лабиринтте жүргендей боласың. Адам әбігерленіп жүрсе, ол қиындықтан шығу амалын, өз мүмкіндіктерін көрмейді. Мен қайда және кіммен бара жатқанымды түсінемін. Қазірде мен өзім қалаған бақыт деңгейіндемін. Рухымның күйі – рахатты күйдемін.


Түсірілімді ұйымдастыруға мүмкіндік берген InterContinental Almaty мейманханасына алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.