Бүгінгі материалымыз Қазақстанда ақпан айының қалай өткені жайында. Осы айдағы ең жарқын оқиғалармен бөлісеміз.
Astana Hub Battle: Алматыда алғаш рет технологиялық стартаптар шайқасы өтті
Баттлда қазақстандық стартап Kwaaka жеңіске жетті. TalkNow және kScooter командалары финалист атанды.
Америкалық әнші Grammy-ге қазақстандық дизайнердің көйлегін киіп келді
Америкалық әнші N’Kenge 65-ші Grammy салтанатына қазақстандық дизайнер және Kazakhstan Fashion Week арт-директоры Алексей Чженнің көйлегін таңдады.
Қазақстандық 1Fit стартапы Ұлыбритания нарығына шықты
2023 жылдың ақпан айының басынан бастап Лондон тұрғындары «1Fit» абонентімен жаттығу залдары мен фитнес-студияларға бара алады.
Ozon Қазақстандағы алғашқы фулфилмент орталығын ашты
Кәсіпорынның ауданы 10 000 шаршы метрді құрайды және 700 000 тауарға дейін сыяды.
Қазақстандық брейк-дансер Жапонияда жеңіске жетті
B-Boy Amir лақап атымен өнер көрсететін Қазақстанның тумасы Әмір Закиров Китакюсю қаласында өткен халықаралық брейк-данс турнирінде жеңімпаз атанды.