7 млн 400 мың жолаушы. Бұл – өткен жылы әуе тасымалдаушылар қызметін пайдаланған қазақстандықтардың саны. 2016 жылмен салыстырғанда 23 пайыздық өсім байқалады. Әрине, ЭКСПО көрмесі де жолаушылар санының артуына айтарлықтай әсер етті. Осы тарапта азаматтық авиацияның аяқ алысына үңіліп көрейік. Қазақстан әуе паркі 9 ұшақпен толығады. Boeing әуе кемелеріне бірер күн бұрын тапсырыс берілген. Елбасының АҚШ-қа сапары барысында 1,5 млрд доллардың келісімшарты жасалды. Ұшақтар санының артуы – елімізде қалыпты құбылыс. Соңғы ақпар бойынша, 913 ұшақ мемлекет тізіміне алынған. Әсіресе шағын авиацияның қарқыны жақсы. Шағын ұшақтар жолаушыларды ел ішінде тасымалдауға көптеп қолданыла бастаған.
Дерек көзі: 24.kz