facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-stan-resey-zh-ne-ukraina-ay-zhasta-zeynetke-shy-an-zha-sy-zh-ne-alaysha-zeynetkerl-k-zh-yen-zha-sartu-a-bolady
logo
Қазақстан, Ресей Және Украина: қай жаста зейнетке шыққан жақсы және қалайша зейнеткерлік жүйені жақсартуға болады
Главный (каз)

17.09.2018

Қазақстан, Ресей Және Украина: қай жаста зейнетке шыққан жақсы және қалайша зейнеткерлік жүйені жақсартуға болады

Ресей

Наталья Шмелева, 38 жаста, туған жері — Мәскеу, қызмет бойынша директор

Зейнетақы деген не

Мен үшін зейнетақы зейнетақы қорына көп жылдық салықтық инвестицияларымдағы белгілі бір кепілдік берілген ақша пайыздары болды. Жалпы айтқанда, бұл қызметкерлер үшін біртүрлі шығындар біз бұл соманы жалақыдан алмаймыз, оған қоса жұмыс беруші зейнетақы салықтарын өнім немесе қызмет құнына енгізеді, бұл да қалтамызды қағады.

365

Адам әрқашан зейнетке денсаулығына байланысты кетеді. Кейбіреулерінің 75 жасында да ақыл-естері орнында тұрады және 50 жасында жұмыс істей алмайтындар бар.

Бүгінгі күндегідей зейнетке шығудың белгілі бір жас мөлшері болуы оңтайлы — әйелдерге 55 жас, ал ер адамдарға 60 жас. Ары қарай денсаулық жағдайын анықтайтын медициналық комиссия мен жұмыстағы жас мөлшерінің аттестациясы бойынша шешім қабылдауға болады.

Сондай-ақ, мен жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақыны төлеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрқайсысына банкте зейнеткерлік төлемдерге шот ашып, қартайған кездерінде жаналған пайыздарға өмір сүруге болады.

Келешекте зейнетақыға үміт артпаймын. Менің зейнеткерлік жасым 22 жылдан кейін келеді, құнсыздануды, қарызды уақытында төлемеуді, жүйенің өзгеруін, қазір маған берлімейтін зейнетақының түрін де басымнан өткіздім.

Ресейдегі зейнеткерлік жүйе туралы

Ресейде төлемдер сомасы жұмыс өтілі мен жалақы деңгейіне негізделіп құралады. Жүкітілік демалысы түріндегі төмендететін коэффициенттер бар және мүгедектер немесе алыс шығыстағы жұмыс үшін арттыратындар да бар.

Маған зейнеткерлік жүйедегі өзгерістер денсаулықтарына жақсырақ қарауға және жұмысты жалғастыруға ынталандыратындары ұнайды. Сондай-ақ, бізде ауыратын немесе жұмысқа қабілетсіз мүгедектілік бойынша зейнетақы бар. Сондықтан зейнетке шығудағы жас өзгерістерінде жаман ештеңесі жоқ деп ойлаймын.

Көпбалалы аналарға зейнеткерлік жас мөлшерін азайтып, бірақ еңбек өтіліне жазылатын жүктілік өтілі ең көп дегенде алты жылды құрайтыны ұнамайды.

Қалайша өзгертуге болады

Менің зейнеткерлік салықтарымды ипотекаға жіберсе жақсы болар еді. 80 000 жалақымның 22% — бұл 17 600 рубль. Бұл кейін жалға беріп, сол ақшаға өмір сүруге болатын тұрғын үйге деген жақсы енгізу. Егер санасақ, қалған 22 жылда 4 миллион рубль жинауға болады. Сонда жеке меншіктегі, кейін балаларға мұрагерлікке қалатын Мәскеу астындағы пәтер алуға болады, ал зейнетақының орнына жалға беруден түсетін 20 000 рубль. Жақсы жол.

Жаңа жүйеге көңілдері толмайтын адамдар көп, алайда көптеген елдерде зейнетақы мүлдем жоқ екенін және азаматтардың барлық категорияларына берілмейтін елдер бар екенін атап айтқым келеді.



Қазақстан

Анара Ахметова, 45 жаста, туған жері — Алматы, фрилансер

Зейнетақы деген не

Зейнетақы — бұл адам зейнетке шыққаннан кейін тұрақты түрде алып отыратын ақшалай табыс. Бұрын зейнетақы мемлекет тарапынан төленетін және оның мөлшері жұмыс өтіліне байланысты болатын. Ал қазір зейнеткерлік қор бар, ол жерге болашақ зейнеткерлердің жұмыс берушілерінен ақша түседі.

photo5224234379193199077.jpg

Менің ойымша, Қазақстанда да, Ресейде де зейнеткерлік жас мөлшерін көтерудің қажеті жоқ еді. Келешекте Қазақстанда әйелдер үшін зейнеткерлік жас мөлшері 63 болады. Қай уақытта әйелдер немерелерін тәрбиелеп, жақындарына көмектесіп, саяхаттайды? 55 — әйелдерге зейнетке шығудың ең қолайлы жасы. Қазақ мәдениетінде әжелердің орны өте бағалы әрі құнды, сондықтан болашақ ұрпақ үшін әйелдердің зейнеткерлік жас мөлшерін қайта қарастыру қажет. Сондай-ақ, бұл жастарға жұмыс табуға көмектеседі, әсіресе жұмыссыздық кезеңінде.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесі туралы

Қазақстанның зейнетақы жүйесімен аса таныс емеспін, бірақ маған халық жинақтары инфляция немесе басқа да экономикалық әсерлерден құнсызданып қалуы ұнамайды.

Осыған байланысты, менің ойымша, зейнеткердің таңдауы болу керек: барлық жинақ ақшаларын бір уақытта алады немесе оны ай сайын алып отырады. Барлық жинақ ақшаларын бір уақытта алған кезде оны өз ісіңе салып, капиталыңды ұлғайтуға болады. Осылайша өзіңді жақсы қартаюмен қамтамасыз етуге болады. Кез келген жағдайда таңдау болу керек.

Қалай өзгертуге болады

Көптеген мемлекеттерде жұмыс істейтін түрлі үлгілер бар. Бірақ халық үшін мемлекет тарапынан қолдау көретін жүйе ең тиімді болар еді. Мәселен, «мұнай үлесі» есебінен. Зейнетақы жүйесіне инфляция немесе басқа да қауіптер төнбеу керек.

Сонымен қатар, лайықты өмір сүру үшін таңдау еркіндігі ұсынылуы қажет.

Және, мүмкін, жылдар бойы еңбек еткеннің рахатын көру үшін зейнетке ертерек шығудың жолы болу керек.




Украина

Юлия Розпаченюк, 25 жаста, туған жері — Ирпень, Украина, мемлекеттік қызметкер

Зейнетақы деген не

Зейнетақы — бұл адам 30 жыл бойы жұмыс істеп, мемлекетке салық төлеп, заңды демалуға құқысы бар жас кезеңі.

YZtX-z3giOY.jpg

Зейнетақы есептелу үрдісі студенттік кезден басталу керек. Яғни, төлемдер сомасына тек жалақы кірмей, студентақы да кіруі керек, бірақ, өкінішке қарай, бізде олай емес. Соманы есептеу үшін күнкөріс деңгейі емес қай жерде және қанша уақыт жұмыс істегенің маңызды болу қажет.

Адамның зейнетке шығу жас мөлшерін айтатын болсақ, менің ойымша, ер адамдар үшін қолайлы жас 60, ал әйелдерге 55.

Украинадағы зейнетақы жүйесі туралы

Еліміздегі зейнетақы жүйесінде көптеген кемшіліктер бар. Зейнетақының есептелу жүйесі де нашар. Мәселен, жұмыс істеп, пайыздарды зейнетақы қорына жіберетін адамдар бар, ал мемлекет ол ақшаны таратады. Алайда, көбісі ресми шегерімдерсіз, өздеріне жұмыс істейді, сондықтан мемлекет қажетті ақшаны толығымен ала алмайды.

Сондай-ақ, зейнетақы жүйесі ең бірінші кезекте әскери қызметкерлерге, сосын ғана жалпы негізде қарапайым адамдарға бағытталған.

Қалай өзгертуге болады

Тек зейнетақы саласындағы заңға ғана емес, жалпы еңбек саласындағы заңға назар аудару қажет деп ойлаймын. Адамдарға қолайлы жұмыс істеп, жақсы жалақы тауып, ал келешекте лайықты зейнетақыға ие болатындай жағдай жасау қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

С этой статьей читают
Как сдать IELTS на 7.0+: истории и стратегии студентов из Центральной Азии
Как сдать IELTS на 7.0+: истории и стратегии студентов из Центральной Азии
Как иностранец из Шотландии переехал в Казахстан и почему решил начать свой бизнес в Алматы
Как иностранец из Шотландии переехал в Казахстан и почему решил начать свой бизнес в Алматы
Отцы и дети. Диана Рахматуллаева и ее сын Амар о семейных ценностях, поддержке и больших мечтах
Отцы и дети. Диана Рахматуллаева и ее сын Амар о семейных ценностях, поддержке и больших мечтах
Кто есть кто. Зендея
Кто есть кто. Зендея
«Королева слез» и еще 9 новых корейских дорам, которые заслуживают внимания
«Королева слез» и еще 9 новых корейских дорам, которые заслуживают внимания