Ақпанның 2-4 аралығында Астананың ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогының әлем тобының бірінші кезеңінде Қазақстан-Швейцария кездесуі өтеді. 22 қаңтар күні қос команданың құрамы белгілі болады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Дэвис кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. Ұлттық құрамамыз 2010 жылы бірінші рет әлемдік топқа ілінген болатын. Артынша 2011, 2013, 2014, 2015 жылдары жарыстың ширек финалына шықты.
Дерек көзі: khabar.kz