facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d9b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/d9b5965d61596177f255e652f8ca24aa.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-stan-alalarynda-y-tabysty-16-zhas
logo
Қазақстан қалаларындағы табысты 16 жас
Өмір сүру стилі

27.03.2020

Қазақстан қалаларындағы табысты 16 жас

Иманбек Зейкенов, @imanbekmusic


zeykenov.jpg

Иманбек Зейкенов — Павлодар облысы Ақсу қаласынан шыққан продюсер және хаус-музыка ремиксері. Saint Jhn — Roses әніне жазылған ремиксінің нәтижесінде әлемге танымал болды. Трек Apple Music-те 10 үздіктің қатарына кірді. Қазір Иманбек рессейлік лейбл Effective Records-пен серіктес.


Асхат Ибитанов, @asakrg


ibitanov.jpg

Асхат Ибитанов — Stand-up-әзілқой. Stand-Up Қарағанды және Salem Stand Up жобаларының резиденті. 2019 жылғы Қырымдағы «Таврида 5.0» фестивалінің қатысушысы. Қарағандыда Stand-up-мәдениетін дамытуда.


Ильдар Ягьяев


yagyaev.jpg

Фотоның дерек көзі: lada.kz

Ильдар Ягьяев — Ақтаулық спортшы. Street workout бойынша Қазақстан Чемпионы. Стритлифтинг бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы. 92,5 салмақта турникте тартылып жаңа рекорд орнатты.


Ольга Чавкина, @olga_chavkina


chavkina.jpg

Ольга Чавкина — суретші, заманауи көрмелерді ұйымдастырушы және қатысушысы, қоғам белсендісі, ерікті. Өскемен қаласындағы Perfomance арт-студиясының негізін қалаушы.


Абылайхан Жусупов, @abylaikhan_zhussupov


zhusupov.jpg

Абылайхан Жусупов — қазақстандық боксшы Қарағанды облысының тумасы. Бокстан 2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия және әлем чемпионы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 2017 және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.


Тоқтар Алимбеков


alimbekov.jpeg

Тохтар Алимбеков — Шымкенттің жас кәсіпкері. Танымал Chaplin's орынының және U:projects жобасының негізін қалаушы.


Малика Закирова, @malika.zakirova


zakirova.jpg

Малика Закирова — блогер және Қарағандының қоғам белсендісі. Қалалық іс-шараларды ұйымдастырушы. Әлеуметтік желілердегі қалалық қауымдастықтардың негізін қалаушы.


Зарина Байболова, @zarina_baibolova


baybolova.jpg

Зарина Байболова — Stand-up-комик, Павлодар қаласының тумасы, Sun Project жобасының резиденті. Қазақстан қалаларында жеке концерттерін берген. ТНТ-ғы «Ашық микрофон» жобасының қатысушысы.


Вячеслав Литвинов


litvinov.jpeg

Вячеслав Литвинов — хирург, туған жері — Макинск. Роботтандырылған экзоскелеттерді әзірлеумен айналысатын Caste Group компаниясын құрды. Оларды науқастарды оңалту үшін пайдаланады. Стамбулдағы TEKNOFEST халықаралық инновациялық саммитінің қатысушысы. «Жастар Отанға» және бірінші мэйкатон TOM Kazahstan байқауының жеңімпазы.


Иван Снегуров


snegurov.jpg

Фотоның дерек көзі: ruh.kz

Иван Снегуров — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында туған. Ауыр атлетикадан Қарағанды қаласында жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істейді. Оның оқушылары — халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ұлттық құраманың мүшелері, Әлем және Азия чемпиондары.


Зинаида Белоусова, @beloussova_55


belousova.jpg

Зинаида Белоусова — ақтаулық спортшы. Қоян-қолтық күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері.


Бекзад Нурдаулетов, @nurdauletovbekzad


nurdauletob.jpg

Бекзад Нурдаулетов — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының боксшысы. Ауыр салмақтағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Әбілмансұр Батырғали


batyrgali.jpeg

Фотоның дерек көзі: olympic.kz

Әбілмансұр Батырғали — Атыраулық каратист. Каратэ бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан чемпионы, Әлем кубогының иегері.


Ольга Сафронова, @_oluta_


safronova.jpg

Ольга Сафронова — қазақстандық жеңіл атлет, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қарағандыда туған. 2017 және 2019 жылғы Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері. Лондон мен Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы.


Кристина Шевченко, @love_fridge, @dobro.streetcafe


chris.jpg

Кристина — Қарағанды қаласының жас кәсіпкері. Жастар арасында танымал «Добро street cafe» орнының негізін қалаушы.


Элина Михина, @____elina_____


mihina.jpg

Элина Михина — орта қашықтыққа жүгіруге мамандандырылған Риддер қаласының жеңіл атлеті. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Азиада-2018 және Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.