Қазақстанда 2019-2022 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар 35 пайызға өсіп, 15,1 триллион теңгеге жетті.
«Жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру мақсатында 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатылып, заттай гранттардан алады», — деді премьер-министр Мәжіліс депутаттарымен кездесуде.
Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының кез келгенін ұсынып, жеке шарттармен Инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ, Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz